Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2547 0 пікір 9 Тамыз, 2011 сағат 06:21

Ақмола облысында бұқа бақташыны таптап өлтірді

КӨКШЕТАУ,  9 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Ақмола облысы Аршалы ауданында ызаланған асыл тұқымды бұқа таптап өлтірген алпыс  бес жастағы адамның денесі табылды, деп хабарлайды сейсенбі күні облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жетінші тамыз күні Жалтыркөл ауылының маңында қайғылы оқиға орын алды: жергілікті шаруашылықта бақташы болып жұмыс істейтін Жібек Жолы ауылының тұрғынын асыл тұқымды бұқа таптап өлтірген.

« Көргендердің айтуынша, олар кележатқан малдың соңында бұрқыраған шаңды көргеннен кейін жақындап келіп қараса, бұқа бақташыны таптап жатыр екен», - деп хабарлаған ІІД.

Алпыс бес жастағы бақташы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мәйітті сараптамаға жіберген.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2445
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4116