Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
4023 2 пікір 18 Қазан, 2019 сағат 11:54

Түркия мен АҚШ Сириядағы операцияны тоқтатуға келісті

Түркия мен АҚШ Сирияның солтүстігіндегі әскери операцияны тоқтатуға келісті. Бұл жөнінде Анкарада өткен кездесудің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты кезінде Түркия президенті Режеп Ердоған мен АҚШ вице-президенті Майкл Пенс мәлімдеді.

Әскери операция 120 күнге тоқтайды. Осы аралықта күрд жасағы соғыс алаңын тастап шығуы тиіс. Сосын барып Анкара операцияны аяқтай алады.

Пенстің сөзінше, Вашингтон Анкараға жаңа санкциялар салуға ниетті емес.

"Түркиядан жақсы жаңалық!.. Миллиондардың өмірі сақталады", - деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп твиттер парақшасына.

Пенс пен Ердоғанның кездесуі екі жарым сағатқа созылды. Бастапқыда Түркия президенті АҚШ өкілімен кездесуден бас тартқан. Кейін райынан қайтты. Ол Америка салған санкциялардан қорықпайтынын да жеткізген.

Түркия 9 қазанда Сирияның солтүстігіне әскери операция бастаған. Анкара күрдтердің қарулы әскерін террористер деп есептейді. Вашингтон керісінше "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен күресте күрдтермен одақтас болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1344
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930