Жексенбі, 24 Қараша 2024
2657 5 пікір 21 Қазан, 2019 сағат 14:21

Қазақстанға Александр Лукашенко келе жатыр

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанға келеді. Көрші елдің көшбасшысы 24-25 қазан күндері елімізде ресми сапарда болады.

Бұл сапарында Беларусь басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Қос президент екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды талқылап, қажетті келісімшарттарға қол қоймақ.

Нұр-Сұлтанда өтетін кездесуде Тоқаев пен Лукашенко өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылығында, көлік пен логистикада, мұнай-химия кешенінде, жоғары технологиялар саласында ынтымақтастықты арттыру, интеграциялық бірлестіктер аясындағы және халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты, өңірлік және әлемдік күн тәртібін талқылайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі жақты келісімдер пакетіне қол қойылады. Сол күндері Нұр-Сұлтанда Қазақстан - Беларусь бизнес-форумы өтеді. Қазақстан астанасында Беларусь дипломатиялық миссиясы ғимараттарының жаңа кешенін ашу жоспарланған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618