Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
3782 0 пікір 22 Қазан, 2019 сағат 10:44

«Әбдіжәміл әлемі: шеберлік феномені» атты салтанатты жиын өтеді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің телерадио және
қоғаммен байланыс кафедрасы Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нүрпейісовтің 95 жылдық мерейтойына орай 2019 жылдың 22 қазанында «Әбдіжәміл Нүрпейісов әлемі: шеберлік феномені» атты салтанатты жиын өткізеді.

Мерейтой жұмысының бағыттары:

1. Ә. Нүрпейісов және XXI ғасырдағы әдебиет пен өнер

2. Жазушы тұлғасы және қазіргі БАҚ мәселелері

Спикерлер: Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің орынбасары Б.Макен, депутат
С.Әбдірахманов, академик Ж.Абдильдин, мемлекет және қоғам қайраткері
М.Жолдасбеков, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Айтұлы, Мексикадан келген ғалым Х.Эстрада, итальяндық ғалым Д.Сербо, ақын О.Туржан.

Мерейтойға ұлт зиялылары, қоғам қайраткерлері, алаштанушы-ғалымдар,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылары қатысады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1255
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2785
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 905
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 853