Адам өлшеулі...
Бір мықты президент болуы мүмкін. Ол тіпті супер мықты президент боп шығуы да ғажап емес. Ғайыптан тайып, бақ қонған кей басшының ұлы президент деңгейіне жететін жағдайы да табиғатта кездеседі. Бірақ, бұл деген сөз, ол мықты қашанда - мықты, қашанда - супер, барлық уақытта - ұлы дегенді білдірмесе керек-ті.
Ағылшынның, тіпті адамзаттың тарихындағы ғажайып басшы - данышпан Черчилль не болды? Екінші жаһан соғысын жеңді, елін алапат апаттан құтқарды. Уағы жетті, кетті. Кетірді.
Де Голль ше? Француз қарсылығының байрағы. Батырлық пен ерліктің символы, жаужүрек генерал. Саяси сахнаға екінші оралуы сәтсіз, тіпті күйрей жеңілумен аяқталды.
Өзімізге келейікші, Кенесары Ақмола бекінісін алғанда кім еді, қырғызды шапқанда кім болды? Неге соңынан қалың алаш ермеді?
Немесе Құнанбай жасында бір дуан жұртқа өкімі жүрді, уағы жетті, жас буын келді, қажылыққа барып кеп, биліктен бас тартты.
Қысқасы, қандай да бір билік иесі бар кезеңде ғұлама, бар уақытта сайыпқыран, әрқашан әділ бола бермейді.
Адам өлшеулі...
Қасым Аманжолдың facebook парақшасынан
Abai.kz