Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1843 0 пікір 10 Тамыз, 2011 сағат 09:04

KEGOC басшыларының 2010 жылғы жалақылары Т2,3 млн-нан 8,6 млн мөлшерінде болыпты (түзетілген)

Астана. 10 тамыз. ҚазТАГ - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (KazakhstanElectricityGridOperatingCompany) АҚ басшыларының 2010 жылғы жалақылары  Т2,3 млн-нан 8,6 млн мөлшерінде болды, делінген компанияның сайтында жарияланған жылдық есебінде.

Құжатқа сай, қазір «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «KEGOC» АҚ экс-төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Т8,628 млн мөлшеріндегі сыйақы алыпты. Ал оның бірінші орынбасары Серік Оспанов (Т7,523 млн) және өндіріс жөніндегі орынбасары  Бақытжан Қажиев (Т7,259 млн) одан сәл төмендеу алыпты.

Ең аз жалақыны, жыл қорытындысы бойынша, филиалдармен жұмыс жөніндегі басқарма директоры Абат Ақмурзин алыпты - Т2,317 млн.

Басқа топ-менеджерлердің сыйақылары  Т4,774 млн-нан Т6,623 млн. аралығында екен.

«KEGOC» АҚ басқарма мүшелерінің сегізіне деп бөлінген жалпы жалақы қоры  Т49,123 млнды құрапты.

Бұрын хабарланғандай, 2010 жылы KEGOC-тың таза кірісі Т5,79 млрд болды. Ал одан бір жыл бұрын шығыны Т4,46 млрд болған. Компанияның жиынтық қаржылық есебінше қызмет көрсетуден түскен кіріс 35,8% -ға артып, Т44,4 млрд болған. 2010 жылдың 31 желтоқсанына жиынтық активтері Т180,36 млрд болды. Ал бұл көрсеткіш 2009 жылы Т176,46 млрд болған. Былтырғы 31 желтоқсанға жеке капиталы Т113,41 млн болды, Ал 2009 жылы бұл Т107,61 млн болған.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамына кірген KEGOC ҚР бірыңғай энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында ұлттық электр желісін (ҰЭЖ) құрайтын ұзындығы 24,5 мың км болатын 110-1150 кВ кернеуліктегі электр тасымалдау желісі мен трансформаторларының қуаты 33,6 ГВА болатын 74 электр подстансалары бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502