Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2186 0 пікір 10 Тамыз, 2011 сағат 09:07

Атырау облысының екі ауданында ішек аурулары көбейіп отыр

Атырау. 10 тамыз. ҚазТАГ - Атырау облысының Құрманғазы және Индер аудандарында өткір ішек ауруларының саны артып отырғаны байқалуда, деп облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Тимур Сукашев хабарлады.

«Жалпы облыс бойынша өткір ішек инфекциялық ауруларының көрсеткіші 24,5%-ға төмендегенімен, барлық елді мекендегі жағдай бірдей емес. Егер Атырау қаласында көрсеткіш төмендесе, Құрманғазы және Индер аудандарында көрсеткіш артып отыр. Жылыой ауданындағы көрсеткіш қаладағыдан төмен. Оны біз халықты ауыз сумен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілмеуімен байланыстырып отырмыз», - деді Т. Сукашев сейсенбі күні халық арасындағы өткір ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алу шараларына арналған кеңесте.

Т. Сукашевтің айтуынша, Мақат аудандық ауруханада кәріз жүйесі жұмыс істемейді. Жылыой ауруханасындағы инфекциялық бөлімінде мамандар жетіспейді. Халық супермаркеттердің жұмысына шағымдануда. Егер былтыр 42 шағым түссе, биылға 34 шағым түсіп үлгерді.

І-ші жартыжылдықта бақылаушы органдар 4558 тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоюға 600 санитарлық ұйғарылымдар беріліп, Т13,4 млн сомаға 1207 айыппұл салынып, 17 іс прокуратура мен сот органдарына тапсырылып, 17 нысан жұмысы тоқтатылып, 228 адам жұмыстан босатылды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4925
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4126