Жексенбі, 24 Қараша 2024
1796 0 пікір 17 Қазан, 2019 сағат 21:49

Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен саудасы 69411,5 мың АҚШ долларын құрады

2019 жылдың қаңтар-тамызында Қызылорда облысының Еуразиялық арнайы экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудасы 69411,5 мың АҚШ долларын құрады.

Бұл көрсеткіш  2018 жылдың  қаңтар-тамызымен салыстырғанда  1,3%-ға көп, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Оның ішінде экспорт 36256,7 мың АҚШ долларын (1,9 есе көп), импорт – 33154,8 мың АҚШ долларын (33%-ға кем) құрады.

Облыс экспорты құрылымында көпшілігін бейорганикалық химия өнімдері (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 50,3%), минералды өнімдер – 40,8% (тұз – 36,1%, табиғи құмдар – 4%, мұнай өнiмдерi – 0,7%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 8,8% (күріш – 5,2%, жас немесе мұздатылған балық 1,8%) құрады.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 44,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері – 16,8%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар – 13,3%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 10,3%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары – 4,4%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары – 4,5%, минералды өнімдер – 2,5% әкелінді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627