Жексенбі, 24 Қараша 2024
4306 1 пікір 24 Қазан, 2019 сағат 22:35

Министр Дәурен Абаев Алматыда бірқатар тағайындаулар жасады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда бірқатар тағайындау жасады. Атап айтқанда, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры қызметіне Шәмшідин Пәттеевті, ал «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы қаласындағы редакциясының басшысы лауазымына Жүсіпбек Қорғасбекті тағайындады.

Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін қазақтілді басылымдар үшін маңызды бірқатар тағайындаулар жасадым. Алдымен, құрамына «Жас өркен» ЖШС біріктіру арқылы қайта құрылған «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры етіп Шәмшідин Пәттеевті қайта тағайындадым. Шәмшідин Әшенқожаұлы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, баспасөз саласында елімізге белгілі кәсіби менеджер.Серіктестік баспасөз саласын, оның ішінде, балалар баспасөзін дамытуда үлкен еңбек атқарып келеді», - деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, министр алдағы уақытта да жасалған құрылымдық өзгерістер оң нәтиже беретініне, жаңа тағайындалған азаматтар редакцияның тынысын кеңейтіп,  оқырмандарды нәтижесімен оқырмандарын тың дүние, қызықты ақпараттармен сусындата беретініне сенетінін жеткізді.

«Сонымен бірге, ғасырлық тарихы бар, қазақ баспасөзінің қара шаңырағы саналатын «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы қаласындағы редакциясының басшысы лауазымына Жүсіпбек Қорғасбекті тағайындадым. Жүсіпбек Нұрақынұлы елімізге белгілі журналист, еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінен бастап, «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш» басылымдарында еңбек еткен. 2008 жылдан бастап «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Серіктестіктің құрамындағы «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері, «Ақ желкен», «Балдырған» журналдары еліміздегі барлық балалардың сүйікті басылымдарына айналды. Бұл ұжымның табанды еңбегінің жемісі деп білемін», - деді министр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560