Жексенбі, 24 Қараша 2024
4112 9 пікір 29 Қазан, 2019 сағат 12:48

Президент Тоқаев Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялады

Алматы қаласына іс сапармен келген президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімінің бірінші оранбасары Ерлан Қожағапановқа Көк-Төбедегі кесілген ағаштар үшін сөгіс жариялады.

Дәлірек айтсақ, Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Көк-Төбедегі кесілген алма ағаштарының көшеттері үшін сөз естіді.

"Швейцарияда үш жыл жұмыс істедім. Онда ағаштарды заңсыз кесу, тіпті бір ағашты кесіп тастау ауыр қылмыс болып саналады. Себебі, ол - бүкіл халықтың ортақ мүлігі.

Көк-Төбедегі алма көшеттері сын көтермейді. Осыған байланысты әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялаймын. Игі істі жоқ қылдыңдар", деді президент Тоқаев.

Сондай-ақ, мұның алдында Президент Көк-Жайлауда тау-шаңғы шипажайын салу жобасына қатысты пікір білдірген болатын.

"Қайтадан осы мәселеге оралмау үшін мен бүгін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни Көк-Жаулауда тау-шаңғы шипажайын салуға. Ол бізге керек емес",  деген еді Қасым Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552