Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3944 0 пікір 29 Қазан, 2019 сағат 13:01

«Түркі жазуының негіздері» атты халықаралық конференциясы өтті

2019 жылдың 25 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы мен Латын ғылыми-практикалық орталығы, Филология және көптілді білім беру институтының бірлесіп ұйымдастыруымен «Түркі жазуының негіздері» атты халықаралық конференциясы өтті.

Конференция барысында Түркі елдерінің латын әліпбиіне көшу тәжірибесін зерттеу, оның лингвистикалық аспектідегі тиімді-тиімсіз тұстарын, қолайлы-қолайсыз жағдайлары мен оң-теріс әсерлерін анықтау мәселелері талқыланды және Түркі бірлігі үшін ортақ әліпбидің мәні зор екеніне аса назар аударылды.

Іс шараның модераторы Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының бөлім басшысы Бақыт Қалымбет болды.

Конференцияның шымылдығын ашу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің филология және көптілді білім беру институының директоры ф.ғ.д., профессор Балтабай Әбдіғазиұлына сөз берілді. Б. Әбдіғазиұлы бүгінгі түркологияның өзекті мәселелерін,түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін, түркі жазба ескерткіштерін бірлікте қарастыру керектігін айтып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Баяндамалар легін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, фиолология ғылымдарының докторы, профессор Ә. Жүнісбек бастады.

Кезекті баяндаманы Түркиядан келген қадірлі қонағымыз, Мұғла университетінің докторы, профессор Мехмет Өнал жалғастырды.

Елімізге белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, прфессор Д. Ысқақұлы «Түркілік білік негізі – ортақ мәдени мұра» атты баяндамасын жасады.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ, Түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі, Kırkalerı университетінің профессоры Бүлент Байрам түрік тілінде «Түркология зерттеулерінде ортақ көзқарас мәселелері» атты баяндамасын оқыды.

Латын әліпбиін оқытудағы әдістеме мәселелеріне байланысты Абай атындағы ҚазҰПУ-ің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ф. Оразбаева «Латын қарпін оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелері» атты баяндамасын жасады.

Ыстамбұл университеті қоғамдық ғылымдар институты, Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының магистранты, түрколог этникалық қазақ Махмұт Доғұ өз нұсқасында латын графикасымен «Жаңа қазақ әліпбиі» жобасын таныстырды. Соңғы болып Kırşehir Ahi Evran университетінің докторанты, ҚазҰПУ-нің Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушысы Osman Kabdayi «Түрік бірлігі және ортақ тіл мәселесі» баяндамасымен мінберге шықты.

Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Конференция материалдары жинақ болып жарық көрді. Жинақты Мемлекеттік тілді дамыту институтынан алуға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1973