Жексенбі, 24 Қараша 2024
4248 5 пікір 29 Қазан, 2019 сағат 13:10

Тоқаев: Трамвайларды қалдыру керек еді

Алматы қаласына іс сапармен келген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы трамвайлар жұмысын тоқтату мәселесін сөз етті.

Дәлірек айтсақ, трамвайлардың жұмысын тоқтатудың даулы мәселе болғанын атап өтті.

"Трамвайларды тоқтату, меніңше, даулы шешім болды. Рельстерді жөндеуден өткізіп, трамвай парктерін жаңартып, трамвайларды қалдыру керек еді.

Көліктің бұл түрі Еуропаның көптеген қаласында кеңінен қолданылып жүр. Бұл шешімді қаланың арнайы мамандарымен және қоғам өкілдерімен ақылдасу керек екенін айқын көрсетті", деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, қала бойынша трамвай жүйесі 1937 жылы жұмыс істей бастаған. 1990 жылдардың ортасында көліктің бұл түрі қысқарып, қала бойынша тек екі трамвай маршруты қалған.

2015 жылы Алматыда трамвай апаты екі рет болып, сол жылы қазанда әкімдік шешімімен трамвай жұмысы тоқтаған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560