Сенбі, 24 Қазан 2026
3913 0 пікір 30 Қазан, 2019 сағат 11:45

Британияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы 12 желтоқсанда өтеді

Британ парламенті депутаттары 12 желтоқсанда мерзімінен бұрын сайлау өткізу үшін дауыс берді. Жүз жылдан бері сайлау бірінші рет Рождество күндерінің алдында өтеді.

Мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөнінде заң жобасы Өкілдер палатасында дауыс беруге шығарылып, оны 438 депутат – басқарушы Консервативті партияның өкілдерімен қатар оппозициялық лейбористтер де қолдады. Заң жобасына енді Лордтар палатасы да дауыс беруі керек.

Премьер-министр Борис Джонсон Брекзит мәселесі бойынша тұйықтан шығудың жалғыз жолы парламент сайлауын өткізу деп мәлімдеген.

Осыған дейін оның парламентті тарату бойынша ұсынысы өтпей қалған.

Еуропа одағы Брекзиттің мерзімін алдағы 31 қаңтарға дейін жылжытты. Джонсон оған дейін сайлау өткізу керектігін, егер консерваторлар жеңіске жетсе, ЕО-дан шығу туралы келісім ратификацияланады дейді. Қазіргі парламент келісімді қабылдаған емес.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1195
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1656