КНЯЗЬДІҢ 1000 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУ – ӘКІМ АЙТПАҒАН СӨЗ!
Фото: mitropolia.kz
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырза Астана және Қазақстан митрополиті Александрды өз өтініші бойынша қабылдады. Кездесу барысында әртүрлі мәселелер сөз болды. Алайда, Владимир князьдің қайтыс болғанына 1000 жыл толуы мерекесі кең көлемде аталып өтілетіндігі жайлы қала әкімі бір ауыз сөз айтқан жоқ. Керісінше, кездесу барысында Астана және Қазақстан митрополиті Александр христиан діні сеніміндегі мыңдаған адамдардың Владимир князьдің қайтыс болғанына 1000 жыл толуы мерекесі тойлап жатқанын және өзінің сол діни мерекеден алған әсерлерін қала әкіміне әңгімелеп берген. (http://mitropolia.kz/ru/arhipastyr/vstrechi/4402-2015-09-07-12-12-14.html ) Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, abai.kz ақпараттық порталында жарияланған «ЕНДІГІ ЖЕТПЕГЕНІ КНЯЗЬДІҢ 1000 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУ ЕДІ» (http://abai.kz/post/view?id=4584 ) атты материалдағы қала әкімі «Владимир князьдің қайтыс болғанына 1000 жыл толуы мерекесі кең көлемде аталып өтілетінін жеткізді» деген сөздерді Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек мырза айтпағанын ресми түрде хабарлаймыз!
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі