Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6950 0 пікір 4 Маусым, 2014 сағат 10:09

Заң: КОММЕНТТІҢ КЕСІРІ - 926 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ

Әлеуметтік желілерде адамның ар-намысына тиетін коммент жазсаңыз 500 АЕК (1 АЕК – 1852 теңге ) айыппұл төлейсіз немесе 3 ай қара жұмысқа жегілесіз. Сенаттың қарауында жатқан Қылмыстық кодекстің жаңа жобасында осындай норма бар.

Осылайша, интернетке мемлекеттік бақылау және цензура жасалып, заңға қалыпты норма ретінде енгізілмек. Ендігі жерде әрбір интернет қолданушы ішіне сыймай бара жатса да әр сөзіне абай болуына тура келеді.

Қылмыстық кодекске мұндай норманың енгізілуінің екі жағы бар.

Біріншіден, әлеуметтік желілерде, түрлі комменттерде азаматтардың жеке басына жөнсіз соқтығысып, ар-намысына тиюді тыюға ықпал етеді. Яғни, интернет деген аузыңа не келсе соны айтып, ойыңа не келсе соны жазып, өзіңе ұнамаған адамды сөгіп, жамандап тып-тыныш түк болмағандай тымпиып көрінбей отыра беретін орын еместігін қатаң ескерту арқылы әрбір сөзің үшін жауап беруің керектігін түсіндіру. Бұл – интернет қолданушылардың жауапкершілігін арттырады әрі коммент жазу мәдениетінің қалыптасуына сеп болады.

Екіншіден, кодекстегі аталған норма тек әлеуметтік желілерге ғана емес, интернет ақпарат құралдарына да қолданылып кетуі мүмкін. Яғни, норманы алға тартып, интернет ақпарат құралдарына қысым күшейіп, оларға бақылау орнатылуы ғажап емес.

Жалпы Қазақстанда сөз және баспасөз бостандығына қатысы қысым күшейіп келеді. Оның бір мысалы, комментарийге айыппұл салу болса, екінші бір айғағы: жалған ақпарат (ел ішінде ұзынқұлақ деп айтылады) таратқандарды жазаға тарту туралы Қылмыстық кодекстің жаңа жобасындағы бап. 

Абай болайық!

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407