Жұма, 28 Ақпан 2020
Жаңалықтар 2487 0 пікір 29 Мамыр, 2016 сағат 14:51

"Әдебиет әлеміндегі - әйел жүрегі" атты кеш өтеді

2016 жылдың 1 маусым күні сағат 17.00-де Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-журналист, республикалық «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының Ғ.Мұстафин атындағы әдеби сыйлығының иегері, Сорос заманауи өнер орталығының, ЕҚЫҰ жабық бәйгелерінің жүлдегері, «Түнгі оттар», «Екіге бөлінбейтін келіншек», «Сіз іздеген адам», «Ұлтын сүйген ұлылар» атты прозалық кітаптардың авторы Заря ЖҰМАНОВА және филология ғылымдарының кандидаты, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, ақын, әдебиет сыншысы, «Қиғаштың қарлығашы», «Ақбота күнді аңсаумен», «Ардақтым», «Аллажар» , «Дара», «Есенғали Раушановтың поэзиясы» атты жыр жинақтары мен монографиялардың авторы Гүлзада  НИЕТҚАЛИЕВАНЫҢ «Әдебиет әлеміндегі - әйел жүрегі» атты шығармашылық кеші өтеді.

Шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, жыр сүйер қауым мен БАҚ өкілдері қатысады.

ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың  баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір