Жұма, 22 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 12263 14 пікір 13 Сәуір, 2017 сағат 15:00

Бұл маржаның депутатық мандатын қайтарып алу керек!

ҚР Президенті Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы кешелі бері қоғамдық пікір талқысына түсіп жатыр. Күткеніміздей-ақ, бөтен елдің ішкі ісіне араласып, ақыл айтып, қоқан-лоққы жасамаса, отыра алмайтын Ресей баспасөзі де Назарбаевтың мақаласына қатысты сын айтуға білек сыбана кірісіп кетті. Мейлі ғой, бірақ, Кремльдің пропагандасын ашық жүргізуге ұмтылатын Ресейдің қазіргі баспасөзі заманның озып, ескінің тозып қалғанын түсіне бермейтін нәкөстігімен, «жуынбаған» жуан қалпымен қайда барамақ деп, біз де іштей күліп отырмыз. Күле отырып, иіс қоңысы ауа жайылған, кір-қожалақ лас елден енді іргемізді аулаққа салмасқа  амал кем («Прощай, Россия, немытьая», Лермонтов) дегенді де ойлай түсеміз. Әйтсе де, олардың күңкіл-сүңкіліне де назар аударып қойған жөн шығар...

Сонымен, орыс баспасөзі не деп жатыр? «Қазақстан орыс әлемінен қол үзгелі жатыр», «Қазақстан латын қарпіне көшіп, орыс тілін ығыстырғалы жатыр», - дейді. «Қазақстан латын графикасын қолданса, сауатсыз елге айналады, кәрісі мен жасы бірін-бірі түсіне алмайтын түнек жұртқа айналады», «Қазақстан қоғамында жік пайда болады», - дейді. Дейді де Өзбекстанды мысал қылады. «Өзбекстан, - деп жазады, мысалы, «Мәскеу комсомолдарының» газеті, - 1990 жылдары Қазақстаннан әлдеқайда оқымысты ел еді. Латынға көшті де құрыды. Шетінен сауатсыз, дүмше. Тіпті, жарнама тақтайшаларындағы сөздердің өзін шимандай қатемен жазады». Сарапшылар ретінде, баяғы қужақ Збигнев Бзежинский (оның криллицаға жаны не үшін күйеді десеңізші) мен тағы бір сәусәлім Андрей Грозин, Алексей Пилько дегендер өзеуреп: «Әріпті таңдау лингвистикалық емес, саяси әрекетке саяды», - деседі.

Иә, бұның бәрі таныс әуен, таныс пиғыл. Қайткенде қазақ қоғамының іштей түлеуіне жол бермеу, қазақ билігін қосүрейлендіріп ырықта ұстау,  ықпал ету – сөйтіп кері тарытып отыру. Әдетте Ресей баспасөзі осылай одыраңдап бастағанда біздің биліктің биті балағына төгіліп, бүрге талағандай бүрісіп қалатыны бар. Осы жолы қайтер екен, көреміз... Қашанғыдағыдай: «Қой, құрысын, бұлай болмайды екен, біз қатты кетіп қалыппыз, латынды кейінге қалдыра тұралық, әлемдегі 100 үздік оқулықты орыстілінде де шығарайық, т.б.» - деп артты қыса қоя ма, әлде: «Ей, жетер енді! Бұл біздің ішкі шаруамыз, бекерге тантымай, аулақ жүріңдер!», - дей ме? Біздіңше бұл сұрақтарға Президент Назарбаевтың мына сөзін жауап деп тануға болады:

«Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ» (Назарбаев, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»).

Жә, Ресейдегі орыс баспасөзі қанына сіңген жаулығын, қаскөйлігін, іштарлығын көрсете берсін. Ал, сонда, ел селтитіп «серек» қылған, қолына депутаттық мандат ұстатқан, Мәжіліс сарайында мәз-мәйрам болып, мәймиіп жүрген Смирнованікі не сөз?  Оған біткен не желік? Кеше Мәжіліс депутаты еш қымсынбастан отырып, Қазақстанның біртіндеп латынға көшуге байланысты талабына байланысты былай деді:

“Таким образом Казахстан дальше уходит от русского мира. Потому что кириллица уходит и этот алфавит будет потерян для следующее поколение. Мне это печально”. Қазақшаласақ: «Мына бетімен Қазақстан орыс әлемінен жырақтайды. Себебі кириллица кетеді, содан кейін келесі ұрпақ үшін бұл алфавит мүлде жоғалады. Мен үшін бұл өкінішті жайт».

1960 жылы көрші қырғыз елінде дүниеге келген бұл бейбақтың адам болып қалыптасуына, жоғары білім алуына, қызметке тұруына, қызметте мараптқа ие болуына, өсуіне, өркендеуіне, ақырында, міне, «Мәжіліс депутаты» дейтін мандатқа ие болуына жағдай жасап баққан қазақ қоғамы екен. Бірақ, Иринаның оның бәріне түкіргені бар. Оған тек Кремльдің қожайыны айтқан «Руский мир» болса, болды. «Орыс әлемі» - Путиннің ұраны. Путин күйреген империяны қалпына келтіру мақсатында «Орыс әлемі» дегенді жалаулатып:  “Русский мир может и должен объединить всех, кому дорого русское слово и русская культура, где бы они ни жили, в России или за её пределами. Почаще употребляйте это словосочетание — «русский мир», - дегенді айтады. ҚР Президентінің бастамасына қатысты пікір білдірмек болған Смирнованың «Орыс әлемін» ортаға қыстыруында осындай гәп бар. Қазақстан Республикасының заң шығарушы органында отырып, «Орыс әлемін» ойлайтын маржаның, шамасы, депутаттық мандатын кері қайтарып алу керек шығар. Абзалы – сол. "Смирнова кімге сеніп секіреді?" - дейді қазақы орта. Әрине, «Орыс әлемі» деп ойбайлап жүрген Путинге сеніп секіреді. Ендеше, бұл маржаның орыны – Думада болса керек. Сонда барсын да «Руский мирде» өмір сүре берсін.

Дәурен Қуат

Abai.kz

 

 

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1444
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5199