Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017
Жаңалықтар 1206 5 пікір 17 Мамыр, 2017 сағат 11:25

Бұрынғы $160 миллиард қарызға тағы 80 миллион қосылады

Қазақстан парламенті әлеуметтік медсақтандыру жобасын қаржыландыруға ХҚДБ-нен $80 млн қарыз алу туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазТаг.

Парламент сенатының депутаттары кешегі алқа отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады.

Хабарда айтылғандай, қарызды өтеу мерзімі 5 жылдық жеңілдік кезеңін қосқанда – 15 жыл. Жобаның мақсаты денсаулық сақтау қызметтерін көрсету жүйесінің қолжетімділігін, сапасын және экономикалық тиімділігін арттыру және елеулі денсаулық проблемаларынан туындайтын қаржылық тәуекелдерді халық үшін төмендету болып табылады.

Кеше ғана "Сүлейменовтің тілі неге қышыды?" деген мақала жазып, сыртқы қарыздың көбейетінін болжап едік. Сол мақалада "Қазақтың тілін мандытып білмейтін министр мырза 12,3 триллион деген сомадан дым қорықпайтынын, дабыл қағудың қажеті жоқтығын, бұл жағдайды басқаруға қабілетті екенін айтып ақталған. Жалпы, біздің елде доллар бағамы өсерден бірер күн бұрын "доллар тұрақты болады" деген сыңайда ресми мәлімдеме жасалушы еді. Сүлейменовтің кенет сыртқы қарызды сөз ете қалуының астарында не жатыр. "12,3 триллионның үстіне тағы жамау жамалады" деген белгі емес пе бұл?" деппіз. Айтқанымыз айдай келді.

Abai.kz

5 пікір
Лена 2017-05-17 20:00:03
17 миллион қазақ халқын асырап алайық. 500 миллион басқа елдин адамдарын асырай аламыз деген надандықты қойып өзімізді бірінші жарытып алайық.
Оқырман 2017-05-17 16:25:38
ЭЭхххее
Мадай 2017-05-17 13:34:23
Денсаулык сактау саласына деген сылтаумен, биздин шопке тышарлар ушын алынган карыз деп тусинсек болады. Сойтпесе биздин бейшара шопке тышарлар, ар кайсысы калайша бас басына бир гектар жерге котедж салмак. Уйиндеги ит корасында ет жеп семирген иттерин калай асырамак. Шетелге барып калай дем алмак. Тусинсендерши олардын жагдайларында. Тусинуге боладыгой..
Мадай 2017-05-17 13:34:23
Денсаулык сактау саласына деген сылтаумен, биздин шопке тышарлар ушын алынган карыз деп тусинсек болады. Сойтпесе биздин бейшара шопке тышарлар, ар кайсысы калайша бас басына бир гектар жерге котедж салмак. Уйиндеги ит корасында ет жеп семирген иттерин калай асырамак. Шетелге барып калай дем алмак. Тусинсендерши олардын жагдайларында. Тусинуге боладыгой..
Калбит 2017-05-17 12:41:21
Қазақстанда 100 миллион адам тұратындай? Денсаулық сақтау жүйесін мемлекет тарапынан қамтамасыз етуге болмайдыма 18 миллион адамға??? 30 миллион халық болса қырылып қалады екен қазақсыз қазақстан))))))

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5792
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12093