Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4926 5 пікір 17 Мамыр, 2017 сағат 11:25

Бұрынғы $160 миллиард қарызға тағы 80 миллион қосылады

Қазақстан парламенті әлеуметтік медсақтандыру жобасын қаржыландыруға ХҚДБ-нен $80 млн қарыз алу туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазТаг.

Парламент сенатының депутаттары кешегі алқа отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады.

Хабарда айтылғандай, қарызды өтеу мерзімі 5 жылдық жеңілдік кезеңін қосқанда – 15 жыл. Жобаның мақсаты денсаулық сақтау қызметтерін көрсету жүйесінің қолжетімділігін, сапасын және экономикалық тиімділігін арттыру және елеулі денсаулық проблемаларынан туындайтын қаржылық тәуекелдерді халық үшін төмендету болып табылады.

Кеше ғана "Сүлейменовтің тілі неге қышыды?" деген мақала жазып, сыртқы қарыздың көбейетінін болжап едік. Сол мақалада "Қазақтың тілін мандытып білмейтін министр мырза 12,3 триллион деген сомадан дым қорықпайтынын, дабыл қағудың қажеті жоқтығын, бұл жағдайды басқаруға қабілетті екенін айтып ақталған. Жалпы, біздің елде доллар бағамы өсерден бірер күн бұрын "доллар тұрақты болады" деген сыңайда ресми мәлімдеме жасалушы еді. Сүлейменовтің кенет сыртқы қарызды сөз ете қалуының астарында не жатыр. "12,3 триллионның үстіне тағы жамау жамалады" деген белгі емес пе бұл?" деппіз. Айтқанымыз айдай келді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051