Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 9457 6 пікір 1 Маусым, 2017 сағат 10:42

Боқауов... Құран оқытпайды, қазақ тілінде сөйлемейді. Неге?

1920-1933 жылдардағы Сталин билеген Совет өкіметінің қазаққа қасақана жасаған геноцидінің құрбандарын еске алу жиылысында Павлодар облысының әкімі Болат Боқауов көрші елдің мемлекеттік тілінде ғана сөйлеген көрінеді. Бұл туралы қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі "Фейсбук" желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Ресейдің мемлекеттік тілінде (орыс тілі) ұзағырақ сілтеп, қазақ тілінде бір минуттай ғана сөйлеген облыс басшысы Болат Боқауовтың әрекетіне наразы болған белсендінің жазбасын жария етуді жөн деп таптық.

Руза Бейсенбайтегінің жазбасы:

"Біз де болдық, тастардың жанында... Ескерткіш орнатамыз деген тастарға гүл қойдық. Ескерткішті, халық жиналмасын (митингі болып кетеді деген қауіп қой) деп қаланың сыртына шығарып қойған, зират басына. Онда да 2 жыл бұрын осы Боқауов (сол кезде қала әкімі) құран бағыштауға рұқсат бермеген. Зират басында мұсылмандарға құран бағыштауға рұқсат бермеген деген не сұмдық деп жағамызды ұстадық. Мен сұрап едім, ішкі саясатқа қолын сілтеді. Не өзі мұсылман емес және оған қарсы. Екінші бір нұсқа: шексіз қорқақтық (орыстар бар ғой деген қорқақтық). Тастарға имам да гүл қойды. Бір жақсысы, алдыңғы жылдардағы жәй сөз сөйлеуден айырмашылық бар. Әскерилер салтанатты түрде, себет-себет гүл қойды. Соған рахмет десек те, Боқауовтың 1 мин. қазақаша, 5 мин. орысша сөйлегеніне тағы қарным ашты. Соны айта бастап едім, (артында тұрғам) "сосын, митингі" бітсін деді. Бәрібір айттым: "Қазақ тіліне деген дискриминация ғой, әкім бола тұрып істеп тұрғаныңыз" деп. Рахмет деді. (Қандай пиғылмен айтқанын түсінбедім).

Айтпақшы, Болат Боқауов қазақ тілін тек формалдылық үшін қолданатын жалғыз әкім емес. Мемлекеттік тілді менсінбейтін әкім-қаралар туралы осыған дейін де жазған едік. Тіпті, Бақытжан Сағынтаев басқаратын Үкіметте қазақ тілін ұмытып қалған министрлер де бар. Мысалы, Тимур Сүлейменов, Марат Бекетаев т.б. Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев та ана тілін білмейтінін айтып, үйреніп алуға уақыт сұраған. Сұраған уақыты зымырап өте шыққанымен, Даниярдың мемлекеттік тілді меңгергенін көрмедік. Міне солай. Қазақ тілін (мемлекеттің тілін) білмей билік тұтқасын ұстайтындар - Қазақстанда ғана бар ма?

2016-2017 жылғы деректер бойынша қазақ тілі доминат тіл деңгейіне жетті. Қазақстан халқының 80 пайыздан астамы - қазақ тілін еркін меңгерген екен. Ендеше әкім-қаралардың, шенді-шекпенділердің қазақ тілін екінші планда ұстауын қалай түсінеміз?

Біз көп ұлтты мемлекетпіз десек, мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Біз федералды мемлекет емеспіз. Демек - тіл біреу. Ол - қазақ тілі болуы керек. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы - мемлекеттік тілді білуі керек, мемлекеттік тілде сөйлеу керек, Болат мырза! Мұны ескергеніңіз жөн!

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1991