Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Дәстүр 6050 5 пікір 2 Шілде, 2017 сағат 18:39

Алматыда Дүниежүзілік Түркі халықтарының құрылтайы өтеді

Суретте Башқұртстаннан келген өнерпаздар өнер көрсетіп жатқан сәт

Қырғызстанның Шолпан Ата қаласындағы Шыңғыс Айтматов атындағы «Рух Орда» мәдени орталығында 2 шілде күні өтуі жоспарланған Дүниежүзілік Түркі халықтарының құрылтайы «Рух Ордаға» бомба қойылғаны туралы жалған хабар түсуі себепті өтпей қалды.

Мәдени орталыққа бомба қойылғаны туралы жергілікті милицияға таңертең хабар түскен. Милиция орталықтағы адамдарды түгелдей сыртқа шығарып, орталықты қоршап, бомба іздеуге кіріскен. Бірақ, бомба табылмай, хабар жалған болып шықты. Жалған хабар беріп, телефон шалған адамды милиция іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, тергеу ісімен Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің мемлекеттік комитеті айналысуда.

«Рух Ордаға» бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат дүниежүзілік Түркі халықтарының құрылтайының жоспарын өзгертті. Құрылтайды өткізуді Қазақстан тарапы өз қолына алып, шілденің жақын күндері Алматыда өткізбек.

24.kg ақпараттық сайтының «құрылтай қатысушылары тарап кетті» деп жазған ақпараты жалған. Өйткені, құрылтайға делегаттары Шолпан Ата қаласындағы «Бақыт» қонақ үй жайына жиналып, күн бойы бейресми жағдайда өзара рухани-мәдени мәселелерді талқылап, бір-біріне тарту таралғы жасап, делегаттар ішіндегі өнерпаздар өнерлерін көрсетіп, әр ұлт өзінің ұлттық киімдерін киіп, ән айтып, биледі. Осылайша, құрылтай бейресми жағдайда басталды. Ал, 21 елден келген делегаттар өз араларынан Алматыда өтетін құрылтайға қатысатын арнайы өкіл сайлады. Әр елдің атынан таңдалған жиырма шақты өкіл бүгін кешке Алматыға жолға шығады. Ал, қалған делегаттар жоспарланған уақыттары бойынша елдеріне қайтады.

Нұра Матай

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1988