Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Айқай 5651 0 пікір 24 Шілде, 2017 сағат 00:42

Күйеуім мемлекет қаржысына қол салған жоқ

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры Ж.Қ. Асановқа

 Құрметті Жақып Қажманұлы!

Өзіңіз жақсы білесіз, жақынғы күндерден бері Өмірбек Жампозовтың «өзін-өзі атып өлтіргені» туралы ақпараттар тарады. Оның әрекетін әлеуметтік желіде, БАҚ-та ұлт зиялылары, қарапайым қауым «өз бетінше жасаған жазалау соты» деп бағалап, Қазақстандағы құқық қорғау жүйесінің кемшілігі ретінде көрсету жиілеп барады.

Өмірбек Жампозовтың басындағы дәл осындай жағдай менің күйеуім Шәріпов Ермек Исаұлының басына да туып отыр.

Әңгіменің жалпы барысы былай: менің күйеуім  подполковник Ермек Шәріпов ҚР Қорғаныс министрлігінің матиралдық техникалық қамдау бөлімінің  аға офицері болып қызмет атқарып жатқан жерінен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-тармағымен айыпталып, 19 шілде күні 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Негізі, менің жолдасыммен бірге 10 адам тұтқындалған. Тергеу барсысында бас қылмыскер ретінде 12 жылға сотталған Жұмқазиев Төлеміс Ишахатұлы және қалған айыпталушы тоғыз адамның бәрі  Ермек Шәріповтің кінәсі жоқ деумен болды.

Күйеуімнің айтуынша, бұл жазамен келіспейді. Оның бар кінәсі – бастығы  Төлеміс Жұмқазиевтің ауызша берілген тапсырмасымен тендрге қатысушыларға заң аясында кеңес бергені. Ал, ауызша тапсырма бергенін Төлеміс Жұмқазиевтің өзі сот тергеуінде растап, мойнына алды.

Өкінішке орай, олардың бұл сөздері мен мойындауы сот барысында есепке алынбады...

Құрметті Жақып Қажманұлы!

Сіз жүргізіп отырған сот реформасына қарап, күйеуім  Ермек Шәріповке әділ үкім шығады, ақталады деген үмітте едім. Амал не, ол үмітім ақталмады. Мен үш баланың анасымын. Өзім де, жолдасым да зиялы отбасының балаларымыз. Мен күйеуімнің ақ екеніне сенімдімін. Егер, ол шын мәнінде мемлекет қаржысына қол салып, қиянат жасаған болса, бұл үкімге риза едім, Сіздің атыңызға хат та жазбас едім.

Жасыратыны жоқ, мен де сол  Өмірбек Жампозовтың әрекетіндей жанқиярлыққа бармағаныммен, соған жетеғабыл істерді істегім келді. Себебі, әділетсіздікке әйел жаны төзбейді екен. Балапандарымды ойлап, өзімді зорға тежеумен келемін. Алда аппеляциялық сотқа шағымданғалы жатырмын. Егер, нәтиже жықпаса, қандай қадамға барарым белгісіз. Көз алдым бұлыңғыр тұман болып тұр...

Сізден күйеуім Ермек Шәріповті Өз назарыңызға алып, ісін қайта қарап, әділ шешім шығаруға ықпал етуіңізді өтінем!

Құрметпен, Самалгүл Есенғазиева

 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019