Сенбі, 21 Қазан 2017
Деп жатыр 1287 20 пікір 12 Қазан, 2017 сағат 15:34

Бейбіт Атамқұлов: Зымыранды құлату ауданына қатысты алаңдауға негіз жоқ

Үстіміздегі жылдың 6 қазанында Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында Жер орбитасына ғарыштық аппараттарды жеткізетін «Союз-2» зымыран-тасығышы ұшырылған жағдайда оның аталған ауданның тиісті аумағына зиянды-зиянсыздығы кеңінен талқыланған қоғамдық тыңдау өткен болатын. Қоғамда айтарлықтай пікірталас туғызған мәселеге байланысты оның анық-қанығына көз жеткізу мақсатында біз Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.

– Әңгімемізді қоғамдық тың­дау­да нақты қандай мәселелер талқы­лан­ға­нынан бастасақ.

− Қоғамдық тыңдауда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» зымыранын ұшырған кезде ғарыш аппараттарының полярлы орбитаға бөлінуі барысында оның қоршаған ортаға тигізер әсерін бағалауға байланысты мәселе көтерілген еді. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов, сонымен бірге орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жетекшілері, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қарамағындағы ұйымдар, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы (РФ) мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Өзім де сонда болдым. Тыңдау халық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Себебі аталған іс-шара аясында Қостанай облысындағы Жангелдин ауданын «Союз-2» зымыран-тасығыштарды жаңа жолмен ұшыру кезінде олардың алғашқы сатысының бү­йірлік блоктарының құлау ауданы рет­інде пайдалану мүмкіндігі қарас­тырылды.

− Құлау ауданы не үшін қажет?

− Жоғарыда аталған құлау ауданы «OneWeb» ірі халықаралық жобаны жү­зеге асыру үшін қажет. Бұл жобаның ая­сында 2019 жылға қарай мобильді спутниктік байланыс технологияларының көмегімен бүкіл әлемдегі интернет пайдаланушыларды, оның ішінде аймақтарды да желіге кең жолақты қатынаумен қамтамасыз ету жоспарланған.

− Жаңа құлау аймағын ашуды қарастырудың қандай кезеңдері бар? Және ол қалай жүзеге асырылады?

− Қазақстан Республикасы аумағында жаңа құлау ауданын ашу мәселесін қарастыру рәсіміне келетін болсақ, соң­ғы шешім қабылданғанға дейін жа­ңа құлау ауданын ашу мәселесі мамандар тарапынан көптеген критерийлер (техникалық, экологиялық, құқықтық және т.б.) бойынша жан-жақты қарастырылады, мүмкін болатын барлық нұсқалар есептеліп, жоспарланатын қызметінің аймаққа әсер ету деңгейі болжамдалады. Негізгі бағалау критерийлерінің бірі – экологиялық қауіпсіздік. Осы мақсатта эколог мамандар тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) үдерісі жүзеге асырылатын болады. Бұдан соң ҚОӘБ материалдары көрсетіліп, олар мүдделі қоғамдастық та­ра­пынан талқыланады, кейін нәти­желер Қазақстан Республикасының Мем­ле­кеттік экологиялық сараптамасына жіберіледі. Бүгінгі күні Жангелдин ауданында жа­ңа құлау ауданын (ҚА 120А) ашу мүмкіндігін қарастыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар жоғарыда көрсетілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл бағытта түрлі мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдары мамандарының қатысуымен бірталай жұмыс атқарылды. Қазіргі таңда «Ғарыш-Экология» ҒЗО» ЖШС-нің экология және ғарыш қызметін бақылау саласында мамандандырылған ұйымының Биотүрлілікті сақтау жө­нін­­дегі қазақстандық ассоциация­сы­мен бірлесіп жасаған қоршаған ортаға әсер­­ді бағалауы 6 қазанда өткен қоғам­дық тыңдалым хаттамасымен бірге эко­логия­лық сараптамадан өткізу үшін мүдделі орталық мемлекеттік орган – Энергетика министрлігіне жіберуге дайындалуда.

 − Таңдалған құлау аймағы туралы не айтар едіңіз?

− Жангелдин ауданындағы таңдалған құлау ауданына (ҚА 120А) қатысты үлкен зерттеу жұмысы жүргізілді. Құлау ауданына байланысты нақты нұсқаны таңдау кезінде қауіпсіздіктің барлық талаптары және экологиялық аспектілері есепке алынды. Жоспарланып отырған 120 А құлау ауданында тұрақты адамдар тұратын елді мекендер, ауылшаруашылық жерлері, ауыл шаруашылығы және басқа да дақылдар егетін жерлер немесе кез келген ірі өндірістік нысандар жоқ. Таңдалған аумақтың ішіндегі жерлер негізінен резервтік жерлер. Ауданның ерекшеліктері есепке алынып, 120А-ны пайдалану кезінде бірқатар қосымша шектеулер мен шаралар қарастырылып, орындалатын болады: - сәуірден бастап маусымға дейін (флора мен фауна үшін ең сезімтал кезең) ұшырылымдар жүзеге асырылмайды; - шілдеден бастап қыркүйекке дейінгі ұшырылымдар кезінде құлау ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі және тиісті техника қолданылады; - құлау ауданын пайдалану кезінде жыл сайын қосымша экологиялық ба­қы­лау бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.

− Ұшырылатын «Союз-2» зы­мы­ран-тасығышы халық үшін жалпы қауіпсіз бе?

− «Союз-2» зымыран-тасығышы – ол отынының уыты аз және халықаралық уәкі­летті ұйымдардың барлық эколо­гия­лық стандарттарына сай келетін өте сенімді зымыран. Оның негізгі отыны сұйық оттегі мен керосин, бұл жерде гептил туралы ешқандай әңгіме қозғалмауы тиіс. «Союз-2» зымыран-тасығышы эко­ло­гиялық таза отынмен (кислород пен керо­син) жұмыс істейтіндіктен оның қорша­ған ортаға тигізер кері әсері өте төмен, тіпті жоқ десе де болады. Бұған жүргі­зілген экологиялық сараптама нәти­жесі дәлел бола алады. «Союз-2» зымыран-тасығышының алғашқы сатысының құрамында жоғары уытты және радиоактивті заттар мен сәулелі иондар жоқ. Зымыранның осы түрін ұшырудың сан жылдық тәжірибесі көр­сеткендей, оның сенімділігі жоғары және ха­лықаралық ғарыш стансасына ға­рыш­керлерді жеткізу үшін қолданылады.

− Жер телімін беру схемасы жайлы айта кетсеңіз.

− Құлау аймағын ашу үшін ке­шен­ді заңдық тексерулер механизмі қарас­ты­рылады. Тиісті үкіметаралық келісім жобасын қоса алғанда, ол жер сервитут шарты бойынша «Бәйтерек» БК-ге құлау аймағы ретінде уақытша пайдалануға ғана беріледі (толықтай пайдалану құқығы жоқ). Яғни бұл жер ешқандай да жалға немесе пайдалануға басыбайлы беріледі дегенді білдірмейді. Тек жер телімі зымыранды ұшыру кезінде қысқа мерзімге пайдалануға беріледі. Осы жоба жүзеге асырылатын барлық мерзім ішінде 8 зымыран-тасығыш ұшырылады: бір жылда 2-3 реттен артық ұшырылым болмайды. Ал адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін зымы­ранды ұшыру кезінде ғана құлау аймағы 1-2 күнге жабылады. Қалған барлық уа­қытта ол жер бос болады. Яғни еркін қаты­най беруге және халық игілігі үшін пайдалана беруге болады. Барлық ұшы­ры­лымдарды 2-3 жыл көлемінде жүзеге асыру көзделген. Жер телімін уақытша пайдалануға беру механизмі алдын ала дайындалып, Қостанай облысы мен Жангелдин ауданы әкімдіктерімен келісілген. Нәтижесінде өзара түсіністік пен уағдаластыққа қол жеткізілсе, оның ішінде қаржы жағдайы бойынша да келісім жасалып отыр.

− Өзіңіз қаржы жағдайы деп айтып қалдыңыз. Енді осы туралы тарқата түссеңіз.

− Құлау аймағын пайдаланғаны үшін жыл сайынғы төлем қарастырылған. Ол жылына 460 мың АҚШ долларын құрайды, яғни бүгінгі бағаммен есептегенде 152 миллион теңге деген сөз. Төлем доллармен жүргізіледі, сондықтан теңге эквивалентімен сома жыл сайын өсетін болады. 120 А құлау аймағын пайдалану үшін алынған ақша облыс әкімдігі тарапынан бекітілген келісімшарт бойынша «Бәйтерек» БК» АҚ арқылы Жангелдин ауданының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге жұмсалатын болады.

− Негізгі жұмыстарды кімдер атқа­рады?

− «Бәйтерек» БК» құлау аймағын пайдаланудың қауіпсіздігіне, ал «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК зымыранды ұшырудың экологиялық тазалығына жауап береді. − Жаңа құлау аймағы зымыран-тасы­ғыштың қандай бөліктері үшін қажет? − Жангелдин ауданының белгілі бір бөлігі бүкіл зымыранның құлау ауданы ретінде емес, «Союз-2» зымыран-тасы­ғышының алғашқы сатысының бүйірлік блоктарының құлау ауданы ретінде ғана пайдаланылатынын айта кету керек. «Союз-2» зымыран-тасығышын жаңа жолмен ұшырғанда екінші сатысы Ресей Федерациясы аумағына құлайды (Свердлов облысы және Ханты-Мансы автономиялы округі жеріне). Осы жерде айта кететін бір жайт, зымыранның екінші сатысы құлайтын аймақ, яғни Ресей жерінің 403 құлау аймағы Жангелдин ауданындағы аумақпен салыстырғанда 8 есе үлкен.

Әңгімелескен  Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан»

Abai.kz

20 пікір
ХАЛЫҚ 2017-10-14 14:05:16
Б. Атамбаев - ұяттарың бар ма ?.. Жетеді емес пе... РЕСЕЙ дің бейбіт заманда ҚАЗАҚ жерінде - АТОМЫ ме СУТЕГІН - алма-кезек жарып ҚЫРЫҚ ЖЫЛ қырғын жас ағаны аз ба ??.. АҢЫРАП бос жатқан өз жеріне КЕТКЕНІ жөн !!.. Әлде сендердің пәндешіліктеріңе керек пе ? Осынша ҚОРЛАУДЫ қолмен жасап отырған ЕЛ БАСҚАРЫП отырғандар да жауапкершілік қашан болады ???..
Мақсұт 2017-10-13 13:38:09
"Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын" -деген бар. Атамқұловтікі не?! Ол бір әншейін "винтик", қалай бұраса -солай айнала береді. Егер өзінің ой-ұстанымы бар, азаматтық позициясы айқын азамат болса -ол орында бес минутта отыра алмас еді. Мысалы нағыз қасапшыға кімді сойып, кімді соймайтынын өзі таңдайтын пышақтың не керегі бар, әрине ол оны лақтырып тастайды да жансыз темірді (атамқұлдар сияқты) қалайды. Егер әміршісі атамқұлдарға "қазақтың не керегі бар, бәрін құртып, қым-қуыт қуалап, тоздырып жіберейік" -десе, ол ноқатсыздар өздерінің де қазақ екендіктерін ұмытып, осы зобалаңның халық үшін өте "пайдалы" екендігін дәлелдеп әуреге түседі. Неге?! Өйткені рухы жоқ, тексіз, бір күндік пайдасы мен тамағын ғана ойлайтындарға Отан, Ел, Тарих, Ар -намыс... деген ұғымдар жат, олар кімнің алақанынан сүйек жаласа соның қорасын күзетеді. Ең қызығы -ел басқаратындар осы күні барынша майдаланып, сатылып, ал қара халықтың азаматтық ұстанымдары айқындалып, өсіп келеді. Бұл ненің белгісі?! Бұл "Алпамыс елге оралып, ұлтан -құлдар көп ұзамай без теріп кетеді -" -деген сөз.
Жәнібек Торғаев 2017-10-13 09:49:58
Қарап отырсам, мұнда Атамқұловтың жанашырлары қаптап кетіпті. Тапсырыс болар. Біздің билікке жағымпаздық жасап, абырой таппайсың. Ал Атамқұловтікі жұртты алдау. Ең басты сұрақ мынау. Бұл зымырандар Ресейдікі. Одан көршіміз миллиондаған доллар қаржы табады. Әсіресе, соңғы one web жобасы Реседі тіпті байлыққа батырады. Ал одан бізге түсетін пайданы айтуға да ауыз бармайды. Және өте құпия. Екіншіден, сол Ресейдің зымыранының зиянын біз неге көруге тиістіміз? Мықты болса өз жеріне құлатсын. Үшнішіден, осы уақытқа дейін құлаған зымыран қалдықтарының қалай жойылып жатқандығын, біздің жақтың тіпті Ресейден төлемақы сұрауға да батылы бармайтындығын ескерсек, жангелдиндіктерді талдай зардап күтіп тұрғандығын түсіну қиын емес. Ал төртіншіден және ең бастысы мына Атамқұлов деген шіренген шенеуніктен тек жангелдиндіктерге ғана емес, бүкіл қазақ халқының басына төніп тұрған зардаптарға жанашырлық таныту дегенді мүлде сезіп тұрғаным жоқ. Ал жанашырлық жоқ жерде қайырым жоқ. Еститініміз "ез зияны жоқ, алаңдауға негіз жоқ" деген жаттанды жауаптар. Ал жалпы мына "Егемен Қазақстан" дегкен газеттен бірдеңені көшіріп басудан ешкім де абырой таппаған және таппайды да
Қайрат 2017-10-13 09:20:51
Жангелдин ауданы аумағының белгіленген бөлігі «Союз-2» зымыран-тасығыштың тек алғашқы сатының бүйірлік блоктарының құлау ауданы ретінде ғана пайдаланатын болады. Бүкіл зымыранның құлау ауданы ретінде емес.
Әсет 2017-10-13 09:18:43
18. Жангелдин ауданы Ресей өзінің жерлерін пайдаланғысы келмейтіндіктен емес (Ресейде Плесецк пен Восточный ғарыш айлақтарынан үнемі ұшырулар өткізілуде) Байқоңыр ғарыш айлағының бірегей орналасқан жеріне байланысты таңдалды. Байқоңырдан ұшырылатын ғарыш аппараттары белгіленген орбитасына жылдамырақ жетеді. Аталған құлау ауданын ашудың мүмкіндігін пысықтау үшін үлкен зерттеу жұмысы жүргізілді. Құлау ауданының орналастырудың нақты вариантын таңдау кезінде қауіпсіздіктің барлық талаптары және экологиялық аспектері есепке алынды. Айта кететін жайт, АҚШ, Қытай, Үндістан, Франция және басқа да елдер ғарыш айлақтарына ие, яғни олардың да аумақтарында құлау аудандары бар.
Зымыран 2017-10-13 09:17:31
Уақытша пайдалану үшін алынған ақша Жангелдин ауданының әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жұмсалады.
Патриот 2017-10-13 09:15:53
Қазақ жерін ешкім сатқалы да, бергелі де жатқан жоқ. Құлау аймағы тек уақытша қолданылады, ол жер «Байқоңырдан» жер серігін ұшырғанда бар болғаны жылына 3-4 рет қана пайдаланылады. Бізге жалған патриоттар мен ұраншылдар керек емес! Ай-күннің аманында жағдайды ұшықтыруға болмайды. Тырнақ астынан кір іздеп, жамандыққа ұрынбаңыздар!
Торғай 2017-10-13 09:14:03
«Союз-2» зымыранның қоршаған ортаға әсері минималды. Себебі оның қозғалтқышы экологиялық таза отынның негізінде жұмыс істейді - оттегі мен керосин. Зымыранның ұшыруы жылына 4 рет қана жүзеге асырылатын болады, және осы ұшырымдар үшін алғаш рет ресейлік кәсіпорындар тікелей Жангелдин ауданының қазынасына ақша төлейтін болады.
Есенғали, Антакиядан 2017-10-13 06:59:00
Дені дұрыс елдердің президенті - Атамбаев, ұры-қары жайлаған, жалтақ елдің шөпкетышары - Атамқұлов, ұры миллиардері - Құлыбаев...
Есенғали, Антакиядан 2017-10-13 06:47:40
Атам құл деп өзі айтып отырған жоқ па ? Құлдан туғанды құлшар дейді, атасы құлды кім дейді ?
Заманбек 2017-10-13 02:35:23
Жыл сайынғы төлемінің түрін қара! 460 мың доллар. Ресей осыншалықты қайыршыланып кетті ме, әлде қайыршының қолына көк бақыр тастағандай етіп бізді тәлкек еткендегісі ме?! Не деген масқаралық бұл!
Заманбек 2017-10-13 02:28:24
Атасықұлдар үшін,әрине,алаңдауға негіз жоқ, ал атасыбасқалар үшін негіз бар.
жолан 2017-10-12 23:01:53
Құлату зиянсыз болса, ежелгі Орыстың өз жері Московия княздігі аумағына құлатсын. Ресейдің бізге істемегені жоқ, соның бірі - Капустин Ярдан, Тəуелсіз Қазақстан кезінде Сарышығандағы нысананы Баллистикалық ракетамен атқылаған, так что у нас все пристреляно.
Алтай 2017-10-12 22:31:37
Бириншиден неге союздын ушу траекториясы озгеруi керек? Казир онын биринши ступеньдери россиянын Алтай аймагына кулауда. Сонда ресей территориясыны кулатуга болмайды, казак даласына кулата беруге болады. Логика кайда? Екиншиден one web проектысы ресей ушин оте пайдалы проект. Космоска шыгарган ар бир спутник ушин жуздеген миллион доллар алады, ал казакка беретини 500 мынга жетпейди. Бул не деген соракылык?
Түңілген 2017-10-12 22:00:36
Атамқұлыпты ракетаның құлаған қалдығының ішіне бала-шағасымен бірге 2 сағат отырғызып қою керек.
Ерсін 2017-10-12 21:12:47
Ұялмайсыңдар ма өз жеріңді қоқысқа, бомбылайтын айиаққа айналдыруға. Намыс қайда?!.
Серик 2017-10-12 20:43:28
Қазақстанның бар байлығын сатып бітті, бұл елде мынау менікі дейтін ешнәрсе қалмады
пенсионер 2017-10-12 20:14:13
Əй! Атамқұлып! Сен сол аймаққа көшір барсаң қайтед?! Бір жыл шыдасаң, онда сөзіңнің жаны бар десерміз
жəй Қазақ 2017-10-12 19:28:15
Атамқұлды от басымен Жангелдіге көшіру керек, пайда-зиянын өзі анықтасын. Патша айтты, Сұлтан орындатты, жергілікті уəзірдікі құр шабыс қой.
$ 2017-10-12 16:01:44
Қалай негіз жоқ?

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7851
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15181