Сенбі, 18 Қараша 2017
Көкжиек 1384 14 пікір 17 Қазан, 2017 сағат 09:35

Ресми Астана енді ОА елдеріне басымдық беруі керек

 

Атамбаев ТМД елдеріндегі  элиталық қауымның  "қол алмайтын" адамына айналды. Біздің елдің ішкі істеріне араласуы – оның ең сорақы іс-қимылы болып қала бермек. Екі елдің арасындағы тарихи "ауыр" кезеңдерді қозғауы, халықтарымыздың бірлескен болашағы үшін де орны толмас сызат болуы ықтимал. Дегенмен де, жақын болашақта, ол өзінің мақсатына жетті. Саяси технологтары, "сыртқы жауларға" қоғамды жұмылдыру тактикасын қолданып, сайлауда озып шықты. Ал енді, осы жағдайдан біз қандай қорытынды жасауымыз қажет?

Бірінші, ресми Астана Орталық Азия елдеріне саяси, экономикалық, әлеуметтік әм мәдени тұрғыдан басымдық беруі керек.  Орталық Азия елдерінің əлеуметтік, қоғамдық- саяси процестерін зерттейтін орталықтар, институттар ашу қажет. Екінші, аталған елдермен гуманитарлық қарым-қатынастарды күшейте отырып, сол елдерде қазақ мəдениетін, тарихын насихаттауға арналған, ортақ құндылықтар қалыптастыруға бағытталған қоғамдық ұйымдар жасақтауға жұмылуы тиіс. Үшінші, ОА елдерімен біріккен бизнес-жобалар ұйымдастырып, сол елдерге қаржы құю біздің мүддеге сəйкес келеді. Төртінші, аймақтағы көрші мемлекеттердің (өзбек, қырғыз, түркпен, тәжік) жастарын Қазақстанға шақыра отырып, біздің елмен таныстыруға бағытталған орталықтар ашу интеграцияның басы бола алады. Бесінші, ОА елдері жыл сайын дəстүрлі əні фестивалін ұйымдастырып тұрғаны жөн. Егер де, бұл кешенді іс-шаралар іс-жүзіне аспаса, бұл елдер бізге проблема болуы ықтимал. Өйкені, аталған елдерде, əлеуметтік, саяси динамика пайда болды. Енді біз сол динамикаға сəйкес болуымыз қажет. Алдымызда жаңа заман мен бірге жаңа міндеттер туып келеді.

Ерлан Саиров, саясаттанушы

Abai.kz

14 пікір
Серік 2017-10-18 10:10:04
негізі Алмасбектің пікірі жөн...
Бетке айтар Алмасбек Атабай 2017-10-17 22:34:39
Болмайтын утопиядан шаршамайтын жандарға не айтуға болады? Адам нағыз саясаттанушы болса ең алдымен жергілікті қазақ ұлтының саяси мәдениетін көтеріп, саяси санасын жоғарлату үшін жұмыс жасау керек. Елде азаматтық қоғам құруға қатысуы керек. Ал олар болса биліктің диірменіне су құйып өз халқын қоса алдаудың шеберлері. Қазақстанда авторитаризмнің негізін қалаған дәл осы Сарымов пен Саиров, Ерлан Карин сияқты қазақтілді саясаттанушылар. Қайта орыстілді Досым Сәтпаевтар ақиқатты тура айтады. Қазақтардың сорлы болуының бір себебі осындай политологтардың қаптап кетуі. Өзбектер сиқты политология мамандығын жауып тастау керек. Өйткені бұлардан ұлтқа еш пайда жоқ. Билікпен ауыз жаласқан саясаттанушылар мен әлеуметтанушыларға еш сенім жоқ. Тәуелсіз саясаттанушының соңғысы Масанов пен Жусупов болды ғой деймін. Бұлар өмірден өткен соң Қазақстанда пікірлеріне құлақ асып тыңдайтын саясаттанушылар қалмады. Қазіргі елдегі саясаттанушыларды жұртшылық ежелгі кәсіп иелері -жезөкшелерге бекер теңемейді ғой.
Мейрамбай 2017-10-17 16:54:45
1991 - жылдан бері мамыражай, полемикасыз, сынпікірлер айтылмай келді емес пе, Орталық Азияда. Ал, енді заман өзгерді. Бұл, 7 - қазанда А.Атамбаевтың айтқан сөздері публично айтылған соң у-шу шықты. Ал, астыртын не айтылып, не қойылып жатқанын жәй халық білмейді. Сондықтан, өңірдегі заман өзгерді. 7- қазанда Ішкі валовый өнімі Қазақстанның бір облысындай ғана болатын Қырғызстанның президенті айтып еді аузындағысын, барлығымыз үдеріп шыға келдік. Ал, енді экономикасы дамып келе жатқан Қырғызстанан бес есе немесе мың есе мықты мемлекеттің басшылары осындай әңгімелер айтса не боламыз?! Босып кетеміз бе?! Босқа шулауды қою керек. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас офециальный болуы керек. Панибратство мен фамилярничать ету жақсылыққа апармайды. Мен өзі, баяғыдан айтып келемін, өзбек, түркмендерді раздражать етіп - "Қырғыз-Қазақ бір туған" - деген майшелпекті тоқтату керек деп. Қазақстанның территориясы Қырғызстаннан жиырма есе үлкен. Қырғыздар Алматының оңтүстік бүйірінде ғана тұрған шағын ел. Қалған Қазақстандықтар ешқашанда "Қырғыз - Қазақ бір туған" деп айтпайды. Мысалы Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстаудың қазақтары қырғыздардың осы жер бетінде бар екенін ғана біледі. Сондықтан, бұл заманда бір елге "старшый брат", бір елге "младшый брат" болуды қоятын кез келді. Келмесе жақын уақытта келеді.
,БАҒЫС 2017-10-17 16:41:17
МЕН СЕНІ ШЫН "БІЛГІШ" ЕКЕН ДЕСЕМ МҮҢКІП ТҰР ЕКЕНСІҢ
Бағысқа 2017-10-17 16:24:13
Қырғыздарда демократия бар екен деп,қазақ ешқашанда олар сияқты атойламайды.Ал Бағыс сен көшіп кет сол жаққа
білгіш 2017-10-17 16:22:28
Бағыс сен сол жаққа көшіп кетсей,ақыры сол жақ ра
білгіш 2017-10-17 16:22:26
Бағыс сен сол жаққа көшіп кетсей,ақыры сол жақ ра
білгіш 2017-10-17 16:22:24
Бағыс сен сол жаққа көшіп кетсей,ақыры сол жақ ра
Түңілген 2017-10-17 15:43:51
Меніңше елбасынан бұйрық түсіп, саясаттанушылардың бәріне қысым жасалған сияқты. Өйткені, халыққа белгілі азаматтардың бәрінің сөз саптауы дөңгелек торда жүгіріп келе жатқан тиіндер сияқты бір вариантта ғана болып жатыр. Оңға бір қадам, солға бір қадам аттаса, растрелге кететіндей.
БАҒЫС 2017-10-17 15:23:51
БІЛГІШӘМ БІЛГЕНІҢДІ СМЫР ҚҰЙЫМШАҚТАПАЙ СЫРТҚА ШЫҒАРШЫ. МЕНІҢ ЖАЗЫҒЫМ СЕНІҢ АЙТА АЛМАҒАНЫҢЗЫ АТАМБАЕВ АЙТТЫ ДЕДІМ. ШЫНДЫҚТЫ СЕІКБОЛСЫН ӘБДІЛДИН ҒАНА АЙТА АЛАДЫ. БАСҚА САЯСАТКЕРЛЕР ЖАҒЫМПАЗ, ЖАЛТАҚ . ОЛ ЕЛБАСЫНА КӨМЕК ЕМЕС. АРАНДАТУ. СОНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ТУҒАН СӘБИ ТОҒЫЗ МЫҢ ДОЛЛАРҒА СЕНШЕ ҮШ МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ҚАРЫЗ БОЛЫП ТУАДЫ. АТАМБАЕВ СОНЫ АЙТТЫ. АШАРШЫЛЫҚТА ҚАЗАҚТЫ ЖАРЫЛҚАҒАНЫН АЙИТЫ. ЖИЫРМА АЛТЫ ЖЫЛДА ЕЛБАСНЫҢ ЕШТЕҢЕ ТЫНДВРМАҒАНЫН АЙТТЫ. СЕН ОСЫНЫ АЙТА АЛДЫҢ БА? ЖОҚ. АТАМБАЕВ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПРЬЕМЕР МИНИСТР БОЛАДЫ. ЖАРЫЛЫП ӨЛЕСІҢ БЕ?
Махамбет 2017-10-17 14:53:07
Атамбаевсызда жогарыда не болып жатканын бiлемiз, Атамбаев шындыкты айтты ал не озгердi одан, кыргыздарга сенуге болмайтынын корсетип турган жокпа?Атамбаев бул жерде тек озинин билiкке озинiн кандидатын откiзу ушин эмоцига берилип сойледи
аноним 2017-10-17 14:02:40
Мен орысқұл емеспін бірақ қазаққа орыстан жақын адамды көре алмадым осы 25 жыл ішінде.Мына орыс болмаса біз әлде қашан жұтылып жоқ болатын халық сияқты көрінеді маған ,өйткені орта Азияда бұрынғы Кенестік ортада мәдениетті дамыған мемлекеттер болған емес.бір бірін жеп қоюға даяр олар
білгіш 2017-10-17 13:54:56
Бұл дұрыс емес,әркім өз қотырын өзі қасуы керек,олар үшін Қазақстан басын ауыртпауы тиіс.Қазірдің өзінде анау Атамбаевтің айтып тұрғанын көріп тұрсыздар.70 жыл Ресей орта Азияны екі қатарға қойып Урайнаны жарылқады енді сол Урайнада таяқ жеуде,бітіспейтін жау болып өмір бойы шешілмейтін проблемаға килікті.Бізгеде сондай заман тууы мүмкін,сондықтан біз өз өзімізді ғана жарылқап шамамыз жеткенше жұмыс жасауымыз керек,қалғандары өз жағ,дайын өздері жасасын.Қазақ ешқашанда Қырғыз қырғыз ешқашанда қазақ болмайды.Қырғыз қазақ бір туған деген жалаң сөздерді тоқтату керек.Ал Бағысқа айтарым сенде намыс жоқ Атамбаев не айтты оны онсызда білеміз ол проблемалар өз уақытысында өзгеріп отыратын проблемалар.Елбасына тигізіп айтқан сөздері дұрыс емес бір Бабановқа бола.Бабановты қабылдаса Жәнібековтіде қаабылдады онда тұрған не бар?Ешқандай көмек қолын Қырғызтанға берудің қажеті жоқ,өз жағдайларын өздері жасасын.Сол сияқты басқа мемекеттерменде оның ішінде алыс жақын елдермен байқап жұмыс жасау керек.Біз барлық жағынан өз жағдайымызды жасауымыз керек әзірге оған уақыт,мүмкіншілік бар,әйтпесем баяғы жағдайға қайта ұрынуымыз мүмкін.Атамбаевтің өзі соратнигі Бабановты аяқ астынан жек көріп өзгеріп керуі Украйнаның Ресейді сатқаны ол бізге сабақ болуы керек
БАҒЫС 2017-10-17 13:23:12
ЕРЛАН САЙЫРОВ САЙРАУДЫҢ ДА ЖӨНІ БАР. АТАМБАЕВ "ҚОЛ АЛМАЙТЫН АДАМҒА АЙНАЛҒАН ЖОҚ. ЕКІ ЕРЛАННЫҢ, ДӘУРЕННІҢ АЙТА АЛМАЙТЫН ШЫНДЫҒЫН АЙТТЫ САЯСАТКЕРМІЗ ДЕГЕНДЕР ШЫНДЫҚТЫ АЙТУ КЕРЕК. ОЛ ЕЛБАСЫҒА ДА КӨМЕК БОЛАДЫ. АТАМБАЕВТІҢ ҚАТЕ КЕТКЕН ЖЕРІ БОЛСА ПУНКТЕП БӨЛІП БӨЛІП ҚҰЛАҚҚА КІРЕТІНДЕЙ ЕТІП АЙТУ КЕРЕК.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 9984
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18071