Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Әріптестің әңгімесі 9301 9 пікір 29 Желтоқсан, 2017 сағат 10:26

Шыршаны шығарған – І Петр

1699 жылы 20 желтоқсанда орыс патшасы І Петрдің бұдан былайғы жерде жыл басын қайыруды, яғни Жаңа жылды 1 қыркүйектен емес, 1 қаңтардан бастап атап өтетін боламыз деген Жарлығы жарық көрді. Осы орайда 1699 жыл – Ресей тарихында 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығын қамтыған, бар-жоғы 4 айлық ең қысқа жыл боп қалды.

Петр патша өзінің жарлығында әрбір орыс 1700 жылдың 1 қаңтарынан бастап, үйінің төрін шырша, қарағай бұтақтарымен көркемдеп, бір-бірін міндетті түрде жыл басымен, Жаңа жылмен құттықтауды міндеттеген. Бұл дәстүр неміс ұлтының көнезамандық жабайы салтында өлген адамның үстін шырша бұтақтарымен жабудан қалған әдет еді. Яғни, «ескі жыл өлді, жаңа жыл туды» дегенді білдіруге ұмтылудан туындаған.Петр жарлығына сай, қазіргі Қызыл алаңның орны – қаланың орталық базар алаңына зеңбіректер шығарылып, 31 желтоқсан күні түнде отшашу жасап, әскерилер мылтықтан, зеңбіректен аспанға оқ атып, жалпы мылтығы бар әрбір адам тарсылдақ ұйымдастыруы керек болды. Ең алғашқы жаңажылдық шырша да Петрдің тұсында, 1704 жылы Петремпорда орнатылды.

Кейіннен, І Петр қайтыс болғаннан кейін, шырша құру, үйдің ішін шырша, қарағай бұтақтарымен әрлеу дәстүрі тоқтап қалды. Бұл әдетті ХІХ ғасырдың басында қайта жаңғыртқан І Николай патша еді. Қысқы қиыншылыққа тап болған орыс халқын алдарқату үшін, жаппай ішкілікке елітіп, зинақорлық, қызғаныш, төбелес, ерегес секілді түрлі келеңсіздікпен басын шатып, аяғын матап қою қажет болды. Сол себепті, орыс патшалары бұл мерекені жаңғыртып, 1852 жылы Петремпордағы Екатерина вокзалында көпшілікке арнап үлкен шырша тікті.

Әуелде ескіліктің сарқыншағы деп қарсы болған большевиктер де бұл жасанды мерекенің билік үшін аса қажет саяси құрал екенін тез түсінді.

Аяз ата образы революцияға дейін пайда болса, оның жанына Қарша қызды қосу өткен ғасырдың 30-жылдарында қолданыла бастады.

Жалпы, Жаңа жылды тұрақты түрде жаппай шашылып атап өту Кеңес Одағының 50–60-жылдардағы саяси ықпалымен жалпыхалықтық сипат алды.

Қанат Ескендіров

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1977