Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Айтқыш екен 7188 14 пікір 1 Қаңтар, 2018 сағат 12:06

Елбасы Жаңа жылды қайда қарсы алды?

 

Елбасымыз Жаңа жылды қайда қарсы алады? Шамасы, жылда өзінің қызметтік кеңсесінде отырып қарсы алатын болса керек. Өйткені ол "Жаңа жылды қайда қарсы алсаң сол жерден шығарып саласың", - деді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде Президенттің қатысуымен өткен кешегі Шырша мерекесінде болған журналистер жазып жатыр. Әріптестеріміздің жазуына қарағанда, мерекелік көңіл күйге сай, Елбасы сөзін әзілмен бастаған көрінеді.

- Әдетте жұрттың білгісі келетіні осы: Президент Жаңа жылды қайда қарсы алады? Әрине, өзінің офисінде отырып қарсы алады. Өйткені, Жаңа жылды қайда қарсы алсаң сол жерден шығарып саласың!

Шат-шадыман көңіл-күйдегі ұлықтар ортасы мен қонақтар жағы Елбасының әзілге сүйеп айтқан сөзін жылы қабылдап, қол соғып жібергенге ұқсайды. Бұдан соң Назарбаев Жаратушы Иеміздің адамдардан Бақытты жасырып қойғысы келгені туралы ғибартты-әфсанаға жүгініпті.

"Құдай жан-жануарды, басқаларды түгел жаратып болып, "бәрінің де бақытты болғысы келеді. Сондықтан бұл бақытты қайда жасырсам екен?" деп ойланыпты. Жердің астына жасырайын ба - тауып алады. Судың ішіне сақтайын ба - бәрібір тауып алады. Ендеше мен бақытты әр адамның жүрегіне бекітейін дейді. Демек, біздің әр қайсымыздың басымызға бақ қонған, сол бақты бағалай білсек, бәріміз де бақытты боламыз".

Осыны айта келіп Елбасы біздің еліміздің бүгінгі бурқанған уақытта бейбіт өмір салтын тауып жарасымдылықпен жасмпаздыққа бет алғанына қуанышты екендігін білдіріп, "бәріміз жұмыла жұмыс жасайық, еңбек етейік, ең бастысы арамыздағы сыйластық, достық, түсіністік жасай берсін", - деп сөзін түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ертеңнен бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық қызметін бастайды.

Abai.kz

 

 

14 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1946