Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
Құйылсын көшің 10729 20 пікір 28 Мамыр, 2018 сағат 19:10

Біздің дипломаттар: Си Цзиньпин айтса, көнді, Шын Чуангуо айтса, болды!" деп жүрмесін!!!

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігінің өкілдері Шыңжаң өлкесіне және Бейжіңге барған сапарындағы екі жақты кездесулерде "ҚОС АЗАМАТТЫҚ" деген сөз қылаң бере бастады. Сөз сыңайына қарағанда, Қытайдан келіп, Қазақстан азаматтығын алған қандастарымызға тағылатын бір айып осы көрінеді.

Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 1992 жылыдың 3 қаңтарынан бері кездеспеген оқиға еді.

Шын мәнінде, Қазақстан азаматтығын алған қандастарымыздың ескі төлқұжатын (Қытай паспортын) қайтарып алмай, халықты тығырыққа тіреп отырған Қытай тарапының өзі!

Міне, 1980 жылы 10 қыркүйекте ҚХР Бүкіл мемлекеттік бесінші кезекті Халық құрылтайының үшінші жалпы мәжілісінде қабылданған "Қытай Халық Республикасының азаматтық туралы" Заңының 9 - тармағын оқыңыз:

9-тармақ: Шетелге қоныстанған ҚХР азаматы өз еркімен шетел азаматтығын қабылдаса, сол күннен бастап, ҚХР азаматтығынан автоматты түрде шыққан болып есептеледі.

Бұл Заң күні бүгінге дейін қолданыста тұр. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілу үшін Бүкіл мемлекеттік Халық құрылтайы шақырылуы керек!

Сосын бұл Заң біздің бір уыс қазақ үшін емес, жалпы қытай ұлты үшін, олардың алыс-жақын шетелдерге тұрақты тіркеуге тұрып, азаматтық алып қоныстанып қалуы үшін қабылданған! Сондықтан, басқасын білмеймін, бұл тармақ мәңгі өзгермейді!

Демек, Қытайдан келіп, Қазақстан азаматтығын алған қазақтар қос елдің азаматы болып есептелмейді. Еліміздегі Қытай Елшілігі жоғарыда аталған Заңның 9-тармағын негізге ала отырып, бұрынғыдай өз елінің паспортын қабылдауға сөзсіз міндетті!

Сол үшін, екі жақты кездесуде "Қос азаматтық" туралы сөз болса, біздің дипломаттар "Си Цзиньпин айтса, көнді, Шын Чуангуо айтса, болды!" деп жүрмесін!! Қайта, Қытай Халық Республикасының осы "Азаматтық" туралы Заңының 9-тармағын өздерінің алдыларына кесе көлденең тартсын!! Қытекеңдердің зуаны тартылып, отырған жерінде омалып қалмаса, маған кел!!!

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1992