Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Қоғам 7668 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 11:46

РЕСЕЙ ПРОПАГАНДАСЫНА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ҚҰРЫЛУЫ КЕРЕК

Жақында  Чехияның Ішкі істер министрлігі «Ресей баспасөзінің үгіт-насихатымен (пропагандасымен) және өзге де дезинформациялық ақпараттармен күрес» департаментін құрды. Чехиялық БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, бұл департамент, әсіресе, тұрғындардың қоғамдық пікіріне теріс ықпал етіп, мемлекеттің ішкі тұрақтылығының бұзылуына себеп бола бастаған Ресей пропагандасымен күреске ден қоюды мақсат етіп отырған көрінеді. Бұл туралы «Hospodarske Noviny» газеті жазады.

Құрамына 20 адам кіретін бұл департамент өз қызметіне жаңа жылдан бастап кірісетін көрінеді. «Hospodarske Noviny» газетінің деректеріне сүйенсек, департамент анықтаған барлық материалдар полиция, Қорғаныс министрлігі мен арнайы қызмет өкілдеріне берілетін болады. Әсіресе, ашық дерек көздеріндегі (әлеуметтік желілер мен БАҚ) пропагандалық материалдарға баса назар аударылады екен.

Аталған департаменттің құрылғаны туралы Чехия ІІМ министрі Милан Хованец мәлімдеген. 20-қазанда Прагада өткен «Дезинформацияға қарсы күрес» атты конференцияда Милан Хованец мәлімдеме жасап, аталған департамент Чехиядағы әрбір смартфонды тексеретінін айтты.

Сондай-ақ, НАТО-дағы чех генералы Петр Павел аталған департаменттің қызметі туралы айта келіп, «әсіресе ең басты қауіп  Батыс елдері мен Украинаға қатысты Ресей пропагандасы» деді.

2015 жылы Польша президенті  Бронислав Коморовский Батыс баспасөзіндегі Кремльдің гибридтік шабуылдарын қатаң сынаған болатын.

Ал Литва Парламенті де ресейлік пропаганданың қауіптілігіне алаңдаушылық білдірген. Литва Мемлекеттік қауіпсіздік департаменті аталған мақсатта Ресей билігі жыл сайын жүз мыңға жуық еуро бөліп, арандатушы БАҚ-ты қаржыландырып отырғанын айтқан.

2016 жылы Еуроодақ арнайы сайт ашып, онда ресейлік дезинформацияларды ашық әшкереледі.

16-қазан күні «The Financial Times» басылымы Ресей билігінің Еуроодақ елдерінің ішкі саясатына араласып отырғандығы жөнінде мақала жариялады.

Айта кетейік, Чехияда шамамен орыс тілді 30 мың азамат тұрады. Елде орыс тілінде ақпарат тарататын он шақты сайт бар.

P.S. Қазақстан аудиториясында емін-еркін жұмыс жасап жатқан қаншама ресейлік БАҚ бар?.. Ақпараттық кеңістіктің 50 пайыздан астам бөлігін құрайтын ресейлік БАҚ-қа қашан тыйым салынады? Бұл сұраққа жауап беру үшін біздің де Ішкі істер министрлігінің жанынан арнайы департамент құрылғаны жөн деп санаймыз.

Сіз не дейсіз?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1506
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3279
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5782