Жұма, 20 Желтоқсан 2024
Мәйекті 6234 0 пікір 2 Қараша, 2016 сағат 10:07

«НЕ ДЕГЕН СҰМДЫҚ! 25 ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ЖЕТІСТІК ДЕГЕН ОСЫ МА?»

Адамзат баласының өзге биожаратылыс иелерінен өзгешелігі де артықшылығы да – тіршілігі барысында рухани қоректі міндетті түрде қажет ететіндігі және осы қорек нәтижесінде пайда болған ғажайып энергияны рухани жады атты алтын қорда сақтап, ұрпақтан ұрпаққа аманттап отыратындығы болса керек. Біздің қоғамда осы тұрғыда дәстүр де, дәстүрдің сақталуына деген алаңдаушылық та бар.

Қазан айының 31-і күні Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада ұйымдастырылған көшпелі отырыста «Кейбір заңнамалық актілерге мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын. Заң шығарушы, атқарушы биліктен өзге қоғамдық ұйымдар, өнер мен әдебиет өкілдері қатысқан бұл жиын қазақстандықтарға рухани сапалы өнім ұсыну, осы өнімді дайындаушылардың еңбегін лайықты бағалау сияқты түйінді мәселелерді талқылаған еді. Осы жиында танымал ақын Олжас Сүлейменов (суретте) айтқан өрелі ойды тәржімалап ұсынып отырмыз.

 

Олжас Сүлейменов, ақын:

- Сегізінші қазанда «Казахстанская правда» газетінде «Кітап мемлекеттің қорғауында болуы тиіс» («Книга должна быть под защитой государства») деген тақырыппен менімен сұхбат жарияланған болатын.

...Олжас есімді жас ақын сұхбат беріпті. Сол жас Олжасқа біз әдебиетте қандай мұра қалдырып отырмыз? Өзінің жазған туындысы үшін ол 25 мың теңге алған екен. Иә, бес баспа табақ үшін. Бұл – еңбектеніп отырып жазып бастырған 100-ден астам бет. Осы 25 мың теңгенің көбін ол өз еңбегін сатып алуға жұмсаған. Сонда оның тіршілік етуіне не қалмақ? Сол сұхбатымда мен италиялықтардың, нақтылай айтқанда Италия парламентінің тәжірибесі туралы айтқан болатынмын, яғни олар да әдебиеттің, мәдениеттің, яғни тұтастай алғанда осылардың нарықтық экономика жағдайындағы проблемаларына бей-жай қарамайды екен.

Біздің қазіргі мынау нарық қалай? Мұндағы біздің түсінік: «Сат та сат! Сатып ал!» деген ұғым ғана. Болды! Басқа ештеңе де емес.

Міне, осынның салдарынан, ең алдыңғы кезекте кітап зардап шекті. Халық қымбат кітаптарды сатып ала аламайды, ал арзан кітап жоқ. Кеңес заманында қалыптасқан кітап тарату жүйесі бар еді. Жазушыларды, жазушылар одағын толық қамтамасыз ететін, оларды баспаналы болдыруға, емдетуге және т.б. игіліктерге қаржылық әлеуеті бар әдебиет қорлары болды. Қазір бұл игіліктің бәрі де жоқ.

Мінеки, өз басым біздің жаңа биліктің 25 жылда, осы жылдар ішінде қаншама кітаптарым шықты әрине, бірақ бір тиын да қаламақы алып көрмеппін. Мен өзімді жетекші жазушымын деп санаймын. Ал менің жағдайым солай болса, жаңағы жаңадан жаза бастаған Олжастар туралы не айтуға болады? Бірақ менде басқа жалақы көзі болды, мемлекет өзге жұмыстарым үшін төлеп отырды.

Мен де кәсіби жазушы ретінде – өз еңбегім үшін қаламақы алғым келеді. Ал қазір осы мамандық сызып тасталған. Жазушы мамандығы. Бұрын біз осы мамандықпен мақтанатынбыз. Ал қазір мұндай мамандық жоқ. Кәсібилер жоқ, әуесқойлар ғана бар. Тек қана өзінің жазғандарын дайындап шығарып алып туыстарына, таныстарына таратып мақтанатын әуесқойлар ғана. Болды.

Және осыдан ХХ ғасырда ғана жазба әдебиетке айналған қазақ әдебиеті аса зардап шегіп отыр. Жазба әдебиет әжептәуір қалыптасып келе жатқанда, қайтадан фольклорлық сипатқа кетіп барады. Не деген сұмдық! 25 жыл ішіндегі жетістік деген осы ма? Мен мұны орны оңай толмас деп есептеймін!

Мінеки, қазір осынау 25 жылдың қорытындысын шығарып отырған кезде біз де, заң шығарушылар сіздер де осыған, яғни біржола жоғалтып алмау үшін қазақ әдебиетіне қамқорлық жасауға тиіспіз. Орыс әдебиеті күнін көріп кетеді. Орыстың ұлы жазба дәстүрі – ол бұрыннан бері қалыптасқан. Бола береді, шыдас береді. Ал жаңадан бастаған қазақ жазба әдебиеті қатты соққы алып отыр.

Ал анау италиялықтар (мен онда болдым, сол жақта кітаптарым да шыққан, соның таныстырылымы болғанда мен олардан қызықтап сұрадым), олар өз әдебиетіне қалай көмек қолын созады, қамқорлық жасайды?

1998 жылы «Чампи заңы», яғни президент Чампидің заңы шыққан екен. Бұл заңмен біз оқып таныстық. Мұнда бәрі де анық көрсетілген. Мәдениет, әдебиет ұғымдарына жақсылап түсінік бере отырып, заң шығару органы елдегі барлық банктерге өз тапқан жылдық пайдасының белгі бір мөлшерін министрлікке бағынбайтын «Мәдениет» қоғамдық қорына аударуды міндеттеген екен. Яғни, мәдениетке бюджеттен тыс қаржыны, осындай жеке қаржыны жұмсаудың көзін тапқан.

Осының арқасында, олар көп нәрсеге қол жеткізген екен. Мәдениет пен әдебиеттің, оның ішінде мәдениетің классикалық формасы дамуына жол ашылған. Әрине, попса (тобырлық әдебиет пен өнер) де өз күнін көріп аман қалған. Түрлі халықтық, классикалық жанрлар осындай қоғамдық қорлар арқылы жәрдемге ие болады екен. Бұл итальяндық қоғамдық қор 80 бөлімшелік құрылымға ие. Әр қалада бар. Мен осындай бөлімшесі бар қалалардың біріне бардым. Және олардың осы қаржыны қалай жұмсайтындарына да куә болған едім.

Осы ұсынысымды мен сұхбатымда да айтқанмын. Министрлер Кабинетіне назарға алуға ұсындым. Мемлекет енді біздегі қоғамдық мәдениеттің сақталуы жолында көмек қолын созуға тиіс. Сондықтан да біздің Мәжіліс осы «Чампи заңын» назарға алып зертеуі қажет деп ойлаймын. Мұны түгелдей болмаса да қандай да бір уәждемелерін пайдалануға болады ғой? Бізде де банктердің түсімін қолдану мүмкіндігін табуға болады. Біздің банктер, табыс түсіміне ие. Сол табысының азғантай ғана бөлігі қорға бөлінгеннен болып олар күйреп қалмайды. Егер оларды солай міндеттесек, меценаттарға, таныстарға «менің кітабымды шығарып берші» деп жалынып, үгіттеудің қажеті болмайды. Бұдан былай банк өз елінің мәдениетіне көмектесуге міндетті. Айтайын дегенім осы еді.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1894