Саясат

«САЯСИ БӘСЕКЕЛЕСТІК БОЛҒАНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРГЕ ҚАЖЕТТІЛІК БОЛМАС ЕДІ»

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Астанада «SarapTime» сарапшылар пікірсайыс клубының кезекті отырысы «Қоғамдық Кеңестердің мемлекеттік билік жүйесіндегі ролі мен орны» тақырыбында болды.

Отырысқа қатысқан белгілі саясаттанушы Айдос Сарым «егер нақты саяси бәсекелестік болғанда мұндай қосымша құралдардың қажеті болмас еді» деген ойын айта келіп:

«Мұрат Әбенов Азаматтық форумда айтқандай, егер министрліктердің жанынан құрылған қоғамдық кеңестер жақсы ұйымдастырылған әрі министрге, министрлікке нақты сыни ескертпелер беріп отырғанда қосымша ақша шығындап, сарапшыларды шақырып, түрлі қоғамдық кеңестер құрудың қажеті болмас еді» деді.

Сарапшы өз сөзінде Алматы қаласындағы қоғамдық кеңес туралы да айтып өтті.

«Қала әкімшілігі қоғамдық кеңестегі өз жеңілдігінен бас тартты. Мұны атап өткен дұрыс. Ондағы қоғамдық кеңесте үш шенеунік, үш мәслихат депутаты бар. Барлығы – 37 адам. Әрбір ұйымда болатын сықылды кеңеске кіріп, әрі қарай онымен не істейтінін білмей жүрген адамдар да бар. Сондықтан, азаматтардың кеңестен шығу, кіру мәселесін ұйымдастыру керек. Ал, кеңеске кіргісі келетін адамдар бар. Бұл процесс ашық болуы тиіс. Әрі бұл мәселе үш айдан бері талқыланып келеді», деді Айдос Сарым.

Сондай-ақ саясаттанушы қоғамдық кеңестерге әртүрлі мәселелер бойынша сарапшыларды тарту туралы да сөз етті.

 «Қала үшін қанша пайдалы жұмыс істеуге тырысса да  қоғамдық кеңес кей жағдайда кейбір мәселелерді шешуге қауқарсыз. Сондықтан, кәсіби мамандарға штат ашу ма, әлде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жасап, кеңеске мамандарды тартуға мүмкіндік беру жағын қарастыру керек».

Естеріңізге салай кетейік, «SarapTime» клубының бұл отырысы «Медиа технологиялар орталығы» мен «Нұр Отан» партиясы саяси сараптау және стратегиялық зерттеу орталығы бірлесіп өткізді.

Abai.kz

14 пікір 1623 рет оқылды Қосылған: 09.12.16
    • #1
    • ҰСЫНУШЫ ЗЫЯЛЫЛАР...
    • жм, 09/12/2016 - 12:13

    проф. Совет-Хан Ғаббасұлы жм, 09/12/2016 - 11:57
    Құдірет күш - Бірлікте !!.. Бос сөз... У-ШУ да емес... РУХАНИ БІРЛІКТЕ ?!!.. ДАУРЫҚПАЛЫҚТЫ тастап... нағыз ІСКЕ көшіп, 2017 жылдың 1-ші Қаңтарынан бастап... исі ҚАЗАҚ баласы... Жасың мен Жасамысың түгелдей бір-бірлеріңмен АНА ТІЛІҢ де сөйлесіп, 1-ші Қырқүйекте - бір де бір ҚАЗАҚ сәбилері ОРЫС мектебінің І-ші класына баруды тоқтатсын ?!!.. ЖЕРІҢДІ - көзіңнің қарашығындай сақтай біліп, ҰЛТТЫҚ САНАҒА ауысуды бастасаң... сонда ғана ҚАЗАҚ баласы бақытыңды табарың ҚАҚ !!!...

    • #2
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 09/12/2016 - 14:00

    Зиялы деп жазылатын сияқты еді ?
    Мына проф галстугіне қылғынып қалғанға ұқсайды, Алжас ағаңның қасына қосыл қызылкөз проф.

    • #3
    • И-И-И...
    • жм, 09/12/2016 - 14:19

    ЕСЕНҒАЛИ - ақымақ, Қазақ - ЗЫЯ - дейді... ЗИЯ - деп ыңырсымайды... кім көрінгеннің жағасына жармасқан Хайуандығыңды қойсаң болар...

    • #4
    • Cерікбай
    • жм, 09/12/2016 - 14:55

    проф. Совет-Хан Ғаббасұлын қолдайық,ұлттық идеяға алғашқы қадам болсын.

    • #5
    • Үйретуші
    • жм, 09/12/2016 - 15:46

    "Зыялы" деген дұрыс. "З"-дан кейін "и" әрпі "ЗИЛ" деген сөзде келеді. ЗИЛ-завод имени Лихачева.

    • #6
    • Руза
    • жм, 09/12/2016 - 17:44

    Керекуде бұл кеңестерді әкімшілік белгілейтін сияқты, өйткені қоғамдық кеңеске мүше болатында барма деп ешкімнің жар салып жатқанын көрген емен)

    • #7
    • жəй Қазақ
    • жм, 09/12/2016 - 20:24

    Қоғамдық Кеңес деген, Ұлттар Ассамблеясы тəрізді Билікке керек, ыңғайлы ойланып табылған, Халыққа еш пайдасы жоқ Бейшара ұйым. Қоғамның қай тұрғысында болсын шынайы Бəсекелестік керек. Қазақша айтқанда Билікке дəмесі барлар бірі-бірінің қалт басқанын Аңдып тұру керек. Оның мүшелері: үріккен кəсіпкер немесе баласы мем.органда қызметтегі зейнеткер, əрі сайланбай тағайындалады.

    • #8
    • pikir
    • жм, 09/12/2016 - 20:26

    avtoritar rezhim dauirlep turganda bul turaly aitu erte

    • #9
    • шаруа
    • жм, 09/12/2016 - 21:24

    Осы Айдостың пошымына қарап, бір аумақты ойы бар, саясаттан басқа да мәселілерде әділетті ме десем,тарпаңдау ма деп қалдым. Бі-групп еңбек сіңген азаматқа деген конкурс жариялап,соған Айекең комиссия мүшесі болып,ыңғай режиссер лерді таңдапты,Ауыл шаруашылығы фермерлерден бір кандидат өтпеген. Әлде ауыл шаруашылығы арам тамақ,әлде шет елде счеты бар деген болу керек.Әділетсіздікке жол берілген. Басқа
    комиссия мүшереріне өкпе айта алмайсың.

    • #10
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 10/12/2016 - 4:57

    abai.kz-дың жігіттері саяси диспут ұйымдастырыңдар.
    Мына "саясаттанушыларыңды" нокаутка жібермесем, қызылкөз профтарыңды нокдаунға жібермесем атымды басқа қоямын (он кластық сауатым бар). К*ттерің тұра ма ?

    • #11
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 10/12/2016 - 7:33

    "272 мың доллар тұратын пәтеріңді Иманғали қазаққа жасаған қай еңбегің үшін берді ?" деп жалғыз сұрақ қоямын.
    Сол кезде "лощёный" мордиясынан жұрнақ та қалмайды.

    • #12
    • Жадыра
    • сб, 10/12/2016 - 14:45

    Есен аға, бір уақыт демалсаңызшы. Өзіңізді аясанызшы. Түнімен ұйқтамадыныз ғой.

    • #13
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 10/12/2016 - 14:53

    ЖАДЫРА қалқам, 38 мың ұйықтата ма, не деген байлық ?

    • #14
    • Жадыраға
    • жб, 11/12/2016 - 23:57

    Есенғалидың қолын қақпа! Өзі де айтты ғой, 38 мыңға қоса жалдамалы тролль болып күнін көріп отыр ғой байғұс, арам ақша болса да көмейінен әзірге өтіп жатқанға ұқсайды.

Пікір қосу

  • 8 + 43 =

Кіру