Мәңгілік ел

2017 ЖЫЛ. БІЛІМ САЛАСЫ ҮШ ТІЛГЕ КӨШЕДІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Сонымен міне, 2017 жылдың алғашқы күндері де басталып кетті. Ресми күнтізбе бойынша ғасырдың тағы бір парағы ашылып, жұрт жаңа жылды қарсы алып, тыныс тауып жатыр. Нақтырақ айтсақ, қазақстандықтар жаппай демалыста. Алайда адамзат қоғамының қарбалас тірлігі  тоқтап тұрған жоқ, тіпті, қаңтардың 1-і күні-ақ шетін оқиғалардың шеті көрініп үлгерді. Бұл, әрине, бөлек әңгіме. Қазір көпшілікті ағымдағы жылдың алда болуы ықтимал әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері толғандырып отыр. Мәселен көптің ойындағы сұрақ: күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін қаражаттың көлемі қандай болады? Зейнетақы, жәрдемақы тоқтап қалмай ма?, т.б. Осылардың бәріне шетінен жауап беріп көрелік. Иә, жаңалықтың көкесі тақырыпта тұрған мәселеде. Білім саласы биыл үш тілге көшеді...

Ең төменгі айлық пен зейнетақы өседі. Бірден емес, біртіндеп...

Ең төменгі еңбекақы деңгейін белгілеген «2017 -2019 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заңға байланысты төменгі зейнетақы 28 148 теңге, төменгі күнкөріс мөлшері 24 459 теңге болады. Дүниеге келген әр сәбиге берілетін ақша 20 пайызға өспек, бірақ бірден емес, біртіндеп. Зейнетақы да бірден өспейді. 1 – қаңтардан бастап зейнетақыға 9 пайыз, шілде айында 11 пайыз үстеме қосылады.

Абайлап жүріңіз, айыппұл күшейді

Биыл автокөлік иелеріне жол ережесін бұзбай, тәртіпті қатаң сақтап жүруге турап келіп тұр. Өйткені айыппұл аспандамақ. Мәселен, алып-ұшып асығып, алқын-жұлқын жүретін жүргізуші жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымға арттырса, 22 690 теңге, аялдамалар мен автотұрақтарда тәртіп бұзса, 11 345 теңге айыппұл төлемек. Төлемесең, МАИ қызметкері төбеңді ойады.

Жылдағыдай тағы да коммуналдық қызмет түрлері қымбаттайды

Биыл да жылдағыдай  коммуналдық қызмет түрлері қымбаттайды. Атап шығайық. Электр қуатына төлейтін қаражатыңыз – 5,9 пайызға, суық суға беретініңіз – 7,2 пайызға, жылу қуатына «жылжытатын» ақыңыз – 10,2 пайызға, ыстық суға «ысырап» қылатын теңгеңіз – 11,8 пайызға өспек.  

Орыстың "арбасына" отырамыз

Қымбатшылық ішімдікке әуес жандар мен шылымқорларды да айналып өтпейтін сияқты. Енді ең арзан темекінің өзі 300 теңгеге сатылмақ. Ал, бір литр «отты су»  - 1560, оның жарты бөтелкесі – 780 теңгеге шықты. «Отты судан» тартып жіберіп, саясат соғатындар үшін тағы бір әңгіме: Еуразия экономикалық одағының аясынан тыс елден автокөлік айдап келе қалсаңыз қалтаңыздан қағыласыз. Неге? Себебі ЕАЭО шеңберінен шығандап барып әкелген көлігіңізде дабыл құрылғы болмайды. Ол не үшін керек дерсіз? 1-қаңтардан бастап жолаушылар тасымалдайтын барлық автокөлік түрінде төтенше шұғыл қызмет орталығымен байланысатын автоматты дабыл құрылғысы орнатылуы тиіс. Ол құрылғыны ЭВАК жүйесі ғана жасайды. Демек, экономикалық одаққа мүше емес елдерден машина сатып алудың ендіге қажеті шамалы. Ал бұл одаққа мүше елдер бұдан былай тек Ресейдің «арбасына» ғана аяқ артпақ дегенді білдірсе керек.     

 Қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы ғана қазақ тілінде оқытылады

Осы жылы билік үштұғырлы тіл шаруасына шындап кірісетінін көрсетіп отыр. Биыл еліміздегі оқу орындары – мектептер үш тілге көшеді. Қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы ғана қазақ тілінде оқытылады. 2, 5 және 7сынып оқушылары аптасына бес рет оқиды. Соған байланысты болса керек, оқушылар жазғы каникулға кешірек шығады. Жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлер алдымен мектепте, содан соң қалаған оқу орнында емтихан тапсырады. ҰБТ-ның формасы өзгереді. Оқушылар әскери дайындық сабағында көлік жүргізуді үйрене бастайды. Сөйтіп 18 жасында көлік жүргізуге жарамды куәлік алып шықпақ.

 «Нұрлы жер» бағдарламасы. Нұрланатын сияқтымыз!

Биыл әредік айтылып қалып жүрген «Нұрлы жер» бағдарламасы іске қосылады. Аталған бағдарлама шынымен дұрыс жұмыс істеп, жолға қойылса, 2031 жылға дейін жарты миллион қазақстандық баспанамен қамтамасыз етіледі екен. 600 мың жер учаскесі, 35 000 арендалық баспана және 280 000 несиелік баспана да осы бағдарламаның барысында ел игілігіне жармақ деген жоспар бар. Бұл жоспарлардың жүзеге асуына қатысты күмәндансаңыз да жоғарыда аталған жайттардың жаныңыздан табылатынына бас қатырмай-ақ қойсаңыз да болады.

Abai.kz

63 пікір 2082 рет оқылды Қосылған: 03.01.17
    • #1
    • !!!
    • сс, 03/01/2017 - 17:13

    Халық үш тілге қарсы!сондықтан халық үнімен санасып референдум талап етеміз!.

    • #2
    • !
    • сс, 03/01/2017 - 17:30

    Халықтың емес д.назарбаеваның айтқаны болайын деп тұрғой.

    • #3
    • Төре
    • сс, 03/01/2017 - 17:47

    Үш тілділік оң нәтиже бермесе кім жауап берді, соны анықтап алуымыз керек. Кеңес үкіметі, шешім қабылдағанда мәтініне көп шенеуніктер қол қоятын. Ол сол шешім үшін ешкім жауап бермеу үшін жасалатын! Үш тілділікте соның кебін киер...

    • #4
    • калбит
    • сс, 03/01/2017 - 18:03

    зачем казахскии керек бокка кереги жок нарсени косып уакытты боска откизбеи оданша русскии англиискии китаискии болсын .казахта ешкашан мемлекет мемлекеттик тил жане что такое мемлекет деген угым казахта ешкашан болмаган жане болмаиды балалардын уакытын тратить етпеи казахскии алып тастасын туалетке барып шыгуга жарамаиды кому он нужен

    • #5
    • pikir
    • сс, 03/01/2017 - 18:46

    qyspaq kusheiip keledi shyda zhanym zhyda

    • #6
    • Төре, 4-ке
    • сс, 03/01/2017 - 19:46

    Ей калбит, сіздің жазған арандатпақ болған шатпағыңызға көңіл аудармаушы едім. Сізге айтарым, Қазақты емес, "бауырым", өзіңізді өзіңіз сыйлаңыз?

    • #7
    • ОҚУШЫ БАЛА
    • сс, 03/01/2017 - 20:19

    Назарбаев: Оқу жүйесіне енгізілген реформаны қайта қарау керек 03/01/2017 14 4033
    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандық балаларды білім жағынан қатты қыстамай, оқу жүйесіндегі реформаларды қайта қарауды тапсырды деп хабарлайды liter.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

    - «Оқу жүйесіндегі жаңа реформаны халықтың ойымен санаспай, пікірін тыңдамай қабылдай салды. Мұндай өзгерістер оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін қажет. Барлық тараптың пікірі қаралуы тиіс. Ойланбай жасалған тәжірибелер қажет емес, бізді ешкім қуып бара жатқан жоқ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев





    проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 2017-01-03 19:14:32
    1 0
    Міне, НҰРЕКЕ ( Нұрсұлтан Әбішұлы) - мынау байсалды да байыпты ШЕШІМДІ, Халық қуана құптайды !!!.. Ендігі ең керегі - ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫН (структурасын) ғылыми негізде дұрыс АНЫҚТАЛСА ғана... оның аса пайдалы да парасатты МАЗМҰНЫНЫҢ жемісін көрмекпіз ?!!... Бұл жайында, 1990 жылы кітапша болып шыққан - "Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігінің ЖОБАСЫ" - " ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ " - деп аталынған еді. Сонда бірауыздан қабылданған МЕНІҢ (Совет-Хан Ғаббасов ) концепциям да бар. ТАҚЫРЫБЫ : - " Қазақ халқының болашақ ҰРПАҚ тәрбиесі мен ОҚУ-АҒАРТУ жүйесінің ҮЛГІСІ " - делінеді. НҰРЕКЕ, қажет десеңіз көмектесуге дайынмын...

    • #8
    • сагадаев
    • сс, 03/01/2017 - 20:26

    уш тил болмаса керек король реформаны каита карау керек деди жасасын король.

    • #9
    • 123
    • сс, 03/01/2017 - 20:36

    Қамшы сайты жазды.оқыдық.таң қаламыз:біреу қуып келе жатқандай былай істейміз деді,енді оу дұрыс емес екен-ау дейді.бастама кімдікі?-??енді жаз бойы үш тіл жақсы деп зар илеген трольдар бүгін демалыста боп,

    • #10
    • uzyn saqal
    • сс, 03/01/2017 - 22:00

    Ендi ресейлiк колiктердi куштеп алдырайын деп жатырма? маскара! ресейдi асырайтын болдык. бишара билiк ресейдiн камын ойлайтындар!!

    • #11
    • қазақ
    • сс, 03/01/2017 - 22:02

    Үш тілді болу саясатының астарында қазақ тілін жою мақсаты жатыр. Басқа елде ешқашан үш тілді болу саяасат болмаған

    • #12
    • қазақ
    • сс, 03/01/2017 - 22:07

    Калбит, қазақтан азған неме жоғал

    • #13
    • 7-ге
    • сс, 03/01/2017 - 22:36

    Қамшы сайты байқаусызда ескі хабарды жариялап қойыпты-оқу реформасына өзгерісті,-дегенді.-тез алып тастапты-сонымен3тілді күштеп қаласаң да қаламасаң да мəңгүрт боласың деген заң күшіне енеді ау.қарсымыз!!!дереу халықпен санасып референдум !!

    • #14
    • 7-ге
    • сн, 04/01/2017 - 1:19

    қамшы кз ден таба алмадым қашан шықты оқушы бала

    • #15
    • Тұржан
    • сн, 04/01/2017 - 9:13

    7-ге! Ол қате ақпарат деп қанша жазсақ та шолақ қамшыңды шолтаңдатып қоймадың ғой сен тіпті. Ақпаратты ол сайттағылар қате жазып отыр. Ол ескі ақпарат. Ескі болған соң алып тастап отыр. Түсіндің бе?

    • #16
    • Меруерт
    • сн, 04/01/2017 - 9:33

    Үш тілділік саясатын қолдамаймын! Одан да қазақ тілін шындап қолға алу керек.

    • #17
    • Айсер
    • сн, 04/01/2017 - 16:16

    Бәрі бірден керемет болып кетпейді ғой, ақырындап жетерміз мұратқа.

    • #18
    • айназ
    • сн, 04/01/2017 - 16:17

    Әсіресе темекі мен арақтың бағасы өсіп, дұрыс болған екен. Ішкіштердің, шеккіштердің саны азаятын болар.

    • #19
    • Назым
    • сн, 04/01/2017 - 16:25

    Қандай саясатпен дамып жатсақ та, халықтың тұрмысы жылдағыдан тәуір деп ойлаймын.

    • #20
    • түсінген оқушы
    • сн, 04/01/2017 - 16:26

    Төменгі зейнетақы 28 148 теңге, төменгі күнкөріс мөлшері 24 459 теңге, ноябрь айында орташа еңбек ақы 142088 теңге, сонда жоғарғы еңбек ақы қпнша болады. Біз көшбасшымыз. Алға Қазақстан.

    • #21
    • Шындық
    • сн, 04/01/2017 - 16:31

    Мәңглік Көсеуович Енді план Б әдісіне көшті Қазақ халқын ұлт нетінде құртуға Біріншіден бұл екі тілді болады Ағылшын Орыс Қазақ тілі Жоғарғы жақтарда мүлдм қолданыстан алынады

    • #22
    • Марат
    • сн, 04/01/2017 - 16:42

    Бұл жылы жағымдық жаңалықтар көп болатын секілді.

    • #23
    • Ауа
    • сн, 04/01/2017 - 16:52

    Орыстың арбасына отырдың деген сөз, солардың тілінде сөйлеп, солардың тәртібіне бағынасың деген сөз ғой. Бізде барлық заң сол үшін, орыс үшін қабылданып жатыр. Баяғы кеңес дәуіріндегідей, тағы да ана тілінде сөйлей алмай, тілімізді тістеп, қыршып жүреді екенміз да! Жазудан кенде емеспіз, қарсымыз деп айтып жатырмыз, жоқ, естір құлақ жоқ халықты. Орыстан қорқатындай не сиқыр бар екен, оны да кезінде білерміз, аман болайық.

    • #24
    • Серикбай
    • сн, 04/01/2017 - 17:11

    Қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы қазақ тілінде болатыны қуанашты жағдай екен.

    • #25
    • Жаркынбек
    • сн, 04/01/2017 - 17:22

    Біз де алыс-беріс арқылы дамимыз, сондықтан да жаңа енгізілетін саудаға байланысты заң нормаларынан қорқудың қажетьі жоқ, бұл нарық талабы.

    • #26
    • Ермек
    • сн, 04/01/2017 - 17:29

    Орыстың мәшинасы бұл да мәшина, кезінде соған жете алмаған, ал қазір тіптен одан қашады.

    • #27
    • Алишер
    • сн, 04/01/2017 - 17:33

    Үштілділікті білген қайта жақсы, болашақ ұрпақ білімді, алғыр болып шығады.

    • #28
    • Әбіл Жекен
    • сн, 04/01/2017 - 17:40

    1. Ағылшын тілі бизнес тілі екен делік, ал соны 7-сыныптан бастап оқытса да болады ғой. Мектептің 11-сыныпын бітіргенге дейінгі 4 жылда шәкір ол тілді толық меңгере алады, бизнеске содан кейін араласса да жетіп жатыр. 1-сыныптан бастап шет ел тілін оқыту - қазақ баласын ана тілінің уызына қандырмау, шалақазақ ету! Осылай ғой? Осылай! 2.Негізгі пәндерді 7-сыныптан бастап ағылшын тілінде оқыту - ол да шалақазақты көбейту. Қазақ баласына әдебиеті мен тілін ғана негізгі пән етіп, басқаларын бөгде тілде оқыту - сенің қазақ тілің іске жарамайды деу. Солай ма? Солай! Әйтеуір, Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға Мәдениет министрі мен Білім министрі ерекше жағып алған сияқты, екеуін әділ сыннан қорғап, наградтап, еркелетіп жүр. 3. Осында "20. Түсінген оқушы" Қазақстанда жұрттың айлықақысы орташа 142.088 теңге, жаса!" деп лепіріпті. Мысалы, 1-11 сынып мектептерімізде айына 90.000 мың теңге алатын мұғалім жоқ, көбінің айлыақысы орта есеппен 60.000 теңге. Дәрігерлердің де, аудандық әкімшіліктердегілердің де халі сондай. Яғни биліктің өтірік мәліметтеріне сенбеу керек.

    • #29
    • асан
    • сн, 04/01/2017 - 18:50

    Осы күнге дейін көрсеткен нәтижеміз де жаман емес, ал бұл жылы тіпті үздік нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімдімін!

    • #30
    • шолпан
    • сн, 04/01/2017 - 18:51

    әрине бәрі ә дегеннен бола қоймайды, уақыттың еншісіндегі дүниелер

    • #31
    • рауан
    • сн, 04/01/2017 - 18:51

    сабырлық танытып, бірлігіміз жараса берсе қай сала болмасын өзіндік жетістікке жетері анық

    • #32
    • лаура
    • сн, 04/01/2017 - 18:51

    дамуға қарсы тұратын адамдар (комментаторлар арасында да бар) ой саналарына позитив пен мотивация енгізсе қайтеді екен!

    • #33
    • дархан
    • сн, 04/01/2017 - 18:51

    3 тұғырлы тіл мәселесін даулы жайт әрине, бірақ мен қос қолдап қолдаймын! Баламның болашағы үшін, келешек мүмкіндіктері үшін!

    • #34
    • жарас
    • сн, 04/01/2017 - 18:52

    Амандық болса, барлығына біріге жүріп қол жеткіземіз! Тату қалпымыздан айырылмайық

    • #35
    • Жанна
    • сн, 04/01/2017 - 18:52

    Мінсіз қоғам болуы мүмкін емес әрине, бірақ обіртіндеп осал тұстарымызды жөндеп келеміз

    • #36
    • наргиза
    • сн, 04/01/2017 - 18:52

    Жарқын болашақтан өзінің перзентін көргісі келетін ата аналардың қай қайсы да қолдайтын бағдарлама деп білемін 3 тілділік бағдарламасын

    • #37
    • зарина
    • сн, 04/01/2017 - 18:52

    Өзі жалқау, я да керітартпа жандар ғана қарсы келеді, яғни жасы үлкендер. Ал жастар жағы еш қарсылық көрсетпеді білім саласындағы өзгерістерге.

    • #38
    • Ж ұл
    • сн, 04/01/2017 - 19:09

    Қысқасы бұл бастаушы адамдарға ға ,жоғары сыптан бастау керек ,Қазақша оқыту керек, деп жалынбайақ....
    Жер жерде бойкот жасау керек.Соны күтiп жүрген болар.Әке шеше лерi үш тiлдiге бермеу жiбермеу керек, оқымау керек.Мұхалiм дер қосылса тiптi дұрыс болады.Басқа тiлдердi жабу керек,пока осы .Осылай жасаса боқ та icтей алмайды.Зорлап оқыта алмайды,менде болса жiбермес едiм...
    Солайма вот осылай жасау керек. Басқа еш бip мемлекетте мұндай өз тiлiне қарсы шыққан адамдар жоқ...
    Уот бұлар осыны күтiп жүр екен...

    • #39
    • Ж ұл
    • сн, 04/01/2017 - 19:12

    Қысқасы бұл бастаушы адамдарға ға ,жоғары сыптан бастау керек ,Қазақша оқыту керек, деп жалынбайақ....
    Жер жерде бойкот жасау керек.Соны күтiп жүрген болар.Әке шеше лерi үш тiлдiге бермеу жiбермеу керек, оқымау керек.Мұхалiм дер қосылса тiптi дұрыс болады.Басқа тiлдердi жабу керек,пока осы .Осылай жасаса боқ та icтей алмайды.Зорлап оқыта алмайды,менде болса жiбермес едiм...
    Солайма вот осылай жасау керек. Басқа еш бip мемлекетте мұндай өз тiлiне қарсы шыққан адамдар жоқ...
    Уот бұлар осыны күтiп жүр екен...Жалынып айтып әуре болғанша.

    • #40
    • Жұмабай
    • сн, 04/01/2017 - 19:16

    Қысқасы бұл бастаушы адамдарға ға ,жоғары сыптан бастау керек ,Қазақша оқыту керек, деп жалынбайақ....
    Жер жерде бойкот жасау керек.Соны күтiп жүрген болар.Әке шеше лерi үш тiлдiге бермеу жiбермеу керек, оқымау керек.Мұхалiм дер қосылса тiптi дұрыс болады.Басқа тiлдердi жабу керек,пока осы .Осылай жасаса боқ та icтей алмайды.Зорлап оқыта алмайды,менде болса жiбермес едiм...
    Солайма вот осылай жасау керек. Басқа еш бip мемлекетте мұндай өз тiлiне қарсы шыққан адамдар жоқ...
    Уот бұлар осыны күтiп жүр екен...Жалынып айтып әуре болғанша..
    Кешелерi жазатын едiм интернет iм бiтiп қалды..Ендi қосу керек..

    • #41
    • Калбит көкеге
    • сн, 04/01/2017 - 19:27

    Мына калбит деген арандатушыны арырақ аластатыңдаршы. Құдай үшін...

    • #42
    • Талғат
    • сн, 04/01/2017 - 22:21

    Орыстың автоөндірісі аса қиын дағдарысты бастан өткеруде. Қазір шығарып жатқан автокөлігінің шамамен 80 пайыздайын Қазақстанға жөнелтіп жатқан көрінеді. Ал мына масқара жаңалық біздің ішкі рынокты Путиннің билеп-төстеп отырғанын тағы бір айғақтап берді.

    • #43
    • ... тек адамгершілікпен дос болайық бір бірімізбен одан да...!!! !!
    • бн, 05/01/2017 - 1:16

    Мемлекет пен қоғам мүддесінің біріккен жерінде ғана,көзі,көңілі ашық-ояу,адами сергектікпен дос болып , еңбегімен,білімімен орындап, таза пейілмен біріксе ғана әрбір адам ұлы мақсатына жете алады!! Бұл жерде де өтіріктің қажеті аз болар!?? Барлық күшті мемлекеттер өз тілімен қатар, дүние жүзі айтып жүрген тілге. және көршілерінің әлде де керектігі бар тілін үйренуге де,өз тілін қадірлеп,қастерлеуге, ұмытпауға да мұршасы бар екен. Онда біздердің ле мұршамыз жеткілікті бола алғаны !! Біздің де өз тілін қасиеттеу үшін ,қадірлеп ,кеңейтіп, барлық жағын байыту үшін де, басқаның әлемдік ортақ сезімін, бағалы жағын көріп оқып үйрену үшін , бағалылығын үлгілеп сақтап, өз тіліңе аударып байыту үшін,тілдердің қарым қатынастығы бар алтын мәдениет көпірі керек болады да тұрады. Жаңа өмір заңымен де,ғасырлар бойы қайталана беруі тіптен анық болуда!!! Сондай күшпен адамилығы бар энергия мен қасиеттікті алып та, құндылығы бар знергияны да бере алатын алмасу күшті көпірлі бола алғанымыз қайта онда...!!!

    • #44
    • иə
    • бн, 05/01/2017 - 9:23

    42 -Талғат дұрыс айтады.баяғы совет заманында оларды қалай асырадық тағы да асырайсыңдар деп отыр.

    • #45
    • полиглот қазақ
    • бн, 05/01/2017 - 11:13

    Неге, төртінші Қытай тілі ұмытылып қалған.?! Қосу керек еді ғой!!! Балаларымызды "безповоротно добить" етіп тастау үшін!!! Осы "реформаның" негізінде оқып шыққан балалар нағыз әңгүдік болып шығады!!!! "Түзеу қыламын деп, тыртық қылдым" сонда болады!!!! Бірақ, кім білсін, ӘҢГҮДІКТЕРДІҢ эрасы басталған болар????

    • #46
    • Манас
    • бн, 05/01/2017 - 13:58

    Амансыздарма,ұлттың құлдырауы басталғалы біраз болды.Заман ағымына байланысты үш тұғырлы тіл керек шығар бірақ қазақ тіліне басым бермей болмайды.Қазақ тілі отбасы аралық болып бара жатыр.Жоғарыдағылар тілді кұртып тынатыны белгілі боп тұр неге десе премьерден бастап министрлер кей облыс әкімдері орысша білім алып орысша тәрбиеленгендер.Олардың қазақ тіліне қол қойғандары бар.

    • #47
    • Мұстафа Ыбырайхан
    • бн, 05/01/2017 - 14:20

    Володимир Мономах\ Руси веселье пити\ не можем без того быти\Шіріген сасық бидай арағын қымбататау \орыстан алған үлгі\ \ Мына ит қосып тас лақтырған жазбалар \кекесін қазаққа еш пайдасы жоқ \ Үмітсіз сайтан \Қазақ үмітін үзбесін \ Доңыз жылы туғанда \бар былықты шошқа жеп тауысқанда \қазақ басына жақсылық орнайды \

    • #48
    • Асан
    • бн, 05/01/2017 - 16:19

    Нұрланатын сияқтымыз дегенді дәл тауып айтыпты автор. Әрине, сонша күш пен қаражат жұмсалып жатыр, нұрланбауға баға шарамыз болмайды. Алға, Қазақстан!

    • #49
    • Қанат
    • бн, 05/01/2017 - 16:22

    Өз басым білім сферасына енгізіліп отырған реформаны жөн деп ойлаймын. Осылай дамымасақ, қашан біз өзге елдермен тереземіз тең болмақ?

    • #50
    • Манас
    • бн, 05/01/2017 - 16:34

    Дурыс айтасын Асан бирак тілін білмеген казак не болады деп ойлайсың,терезе тенесу ушин де кеминде 40 жыл уакыт керек емеспа?Қазақтар сол кезде амандасуды умытып калып жатса не истеймиз ол жонинде де жазу керек.

    • #51
    • Кокжендет
    • бн, 05/01/2017 - 17:25

    Уш тилдилик деп психологиясы толык калыптасып улгрмеген жас балаларды мангурт ету дурыс емес.Жастар бузылды туалетке бала тастиды.Ата ананы карттар уине калдрады.Когилдир болады жезокше болды аслып калады дегенде сондаимыз ендеше балалармыздын оз ана тилинде соилеп улттык менталитетпен санасы калыптасуын оилаумыз керек.Қамшы кз жазыптығои Елбасы ози токтау салып жатыр екенн.Дұрыс ақ.

    • #52
    • Ашынған қазақ
    • бн, 05/01/2017 - 18:37

    #24
    Серикбай : "Қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы қазақ тілінде болатыны қуанашты жағдай екен"..****************************.

    Ой , сабаз-ай! Қуанатын нәрсені тапқан екенсің ай , әйтеуір!

    Мына бір ТРОЛЬДЕРдің күндері оңынан туып , рахат болып қалған екен де?! Сұмырайлар!

    • #53
    • Ашынған қазақ
    • бн, 05/01/2017 - 18:41

    Сұмырайлар! Ең құрығанда , аты-жөндерін дұрыс жаза алмай отырып , біреулерге ақыл айтқандары қай сасқандары екен а?! Не деген санасыз , мәңгүрттер еді! Осындай топастар ғой, ақыр соңында , Еліміздің түбіне жететін шығар!

    • #54
    • Қайрат
    • бн, 05/01/2017 - 22:46

    Бұл дүмбілез министр 2016 жылдан бастап "Әліппе мен Ана тілі" деген оқулықтарды алып тастап оның орнына "Сауат ашу" деген оқулықты енгізді мұны өз басым нағыз топастық деп санаймын! Сонда не біз сауатымызды 2016 жылдан яғни Сағадиевтің кезінен бастадықпа?! Ал сол Әліппенің 1912 жылдан бастау алатынын бәріміз білеміз! Аxмет Байтұрсыновпен Әліппенің киесі жібермес....

    • #55
    • Пессимист қазақ
    • бн, 05/01/2017 - 22:50

    Қазақтардың мәңгүрт, топас болғаны кімдерге керек? Қазақстан сияқты жер аумағы үлкен мемлекетті тек қазақтардың үлесіне қалдыру адамзат үшін әділетсіздік. Кең болсаң кем болмайсың. Бос жатқан жерге қытай да, орыс та, тіпті сириялық босқындар да сияды. Кім өз елдеріне сыймай жатыр солардың бәрі Қазақстанға келуі тиіс. Жоғардағылардың естуімше солай болады да. Өйткені жалғыз қазақтардың бұл елді ұстап тұруға шамасы келмейді. Сондықтан барлық келімсектерге ортақ бір тіл керек. Ол әлемдік тілдердің біреуі болмақ. Ал қазақ тіліне келсек, оны өздеріміз керек қылмай отырғанда өзгелер қайтеді. Ұлт ретінде өлгенімізді ащы болса да мойындауымыз керек...

    • #56
    • Че
    • жм, 06/01/2017 - 0:29

    Президентің туыс жақын жора жолдас құда жегжат класстастарының балдарының жолында ұлтымның құрбан болғанынан салафист вахабист суфист ұлтшыл болып күрескен жөн.

    • #57
    • Ерсін
    • жм, 06/01/2017 - 8:58

    Қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы қазақ тілінде қалған пәндер басқа тілде сонда ол пәндерді таза қазақы ауылда қалай жүргізбек менің түсінігім бойынша үш тілді бағдарлама ауылдарды жабу қазақ тілін құрту. Тіптен ауылда үш тілдің қажеті қанша??? Ызадан сөз таба алмай отырмын. Ойланып артынан жазбаса.

    • #58
    • НУР
    • жм, 06/01/2017 - 12:53

    Казахстан занял четвёртое место в списке самых дешёвых для жизни стран мира по итогам 2016 года.

    По версии портала Numbeo, самые высокие цены на Бермудских островах, самые низкие — в Индии. Всего в списке 122 страны, которые сравнивали по таким параметрам, как стоимость аренды жилья, продуктов, поездки в общественном транспорте.

    В ТОП-10 государств с самыми доступными ценами вошли Индия, Молдова, Пакистан, Казахстан, Непал, Украина, Грузия, Алжир, Азербайджан и Колумбия. По данным портала, средняя стоимость бутылки воды в Казахстане 97 тенге, чашки капучино — 542 тенге, килограмма картошки — 119 тенге, проезда в автобусе — 80 тенге, абонемента в спортзал — 14 тысяч тенге, аренды однокомнатной квартиры в центре — 93 тысячи тенге. С другого конца рейтинга расположились страны с самыми высокими ценами. Это Бермудские острова, Швейцария, Багамские острова, Норвегия, Исландия, Дания, Сингапур, Люксембург, Кувейт и Гонконг.

    Numbeo — краудсорсинговый портал, аналитики которого изучают и сравнивают стоимость жилья, ряда товаров, коммунальных услуг, стоимость которых узнают из отзывов местных жителей.

    • #59
    • Құрман
    • жм, 06/01/2017 - 13:50

    Үш тіл деп, қазақ тілін одан әрі мазаққа айналдырғалы отыр. Ертең қытай тілін де ресми тілге айналдырады. Басқа елдер өз тілдерін мемлекеттік тіл деп, Ата заңына басқа тілді қоспайды. Қазақстан сайқы мазағын одан әрі жалғастыра берсе, Ауғаныстанмен атауын айырбастай салса да болады.
    Бағаны жылда көтереміз. Сөйте тұра біз ең бай елміз дейміз. Көрші Түркіменде газ, су, электр қуаты тегін. Осы жайдан салыстырмалы түрде ақылға сыйымды еш үйлесім таба алмайсың. Украина халқын жылатып қойып отыр. Одан біздің айырмашылығымыз жоқ тәрізді. Ал, мақтаныңдар! Мақтанышымыз ешбір қисынға сыймайды. Ұранымыз айға ұшады. Ал ісіміз жерге қаратады. Ойымыз адамның басын айналдырады. Өтірігіміз Тазша баланың өтірігінен асып кетті. Алдар Көсеміз керісінше елді алдайтын болып шықты. Қожанасырлығымыз дүние жүзіне күлкі етіп отыр. Айға қарап итше ұлудан басқа ештеңе қалған жоқ.

    • #60
    • Талдаубаев
    • жм, 06/01/2017 - 16:02

    Саясаткерлердің Алдар Көсе болуы кәсіби қасиеті. Олсыз билікте бола алмас еді. Бірақ халық мүддесі үшін алдау бөлек, тек өзіңнің қара басың үшін күллі халықты алдау бір бөлек. Осыны ажыратып беру сарапшылардың міндеті.

    • #61
    • Ержан
    • сб, 07/01/2017 - 11:36

    Есіме 1990 жылғы төңкеріс басшысы Янаевтың уәделерін түсіреді біздің билік. Істеп отырған былықтарынан халықтың назарын басқа жаққа аудару үшін "Нұрлы жер", зейнетақы мен жәрдемақы, жалақы көбейтетінін айтып, "құлаққа тебуде. Басқа айтқандары жарайды, ТІЛ ҮШІН КҮРЕСУ КЕРЕК, тілімізді жоюға жол бермеу керек, ағайын!

    • #62
    • Нұрлан
    • жб, 08/01/2017 - 11:11

    Айыппұлды бюджеттің кірісіне жоспарға салып, сол айыппұлдың жоспарын орындауды полиция, санэпидемстанция, тағысын тағы, осы тәріздес мекемелерге бөліп береді. Олар осы жоспарды орындау үшін тырнақ астынан кір іздейді. Елге жек көрінішті болатыны да осыдан. Айыппұлды жоспарлау - өлімді жоспарлаумен пара-пар. Айыппұлды жоспарға енгізу ешбір қисынға сыймайды. Сондықтан ол табиғи түрде түскен жайында кірістелу қажет. Қыс айында ауылға тебіндіктен өлім жайында келген жылқыға айыппұл салынған жайларда бар. Жоспарды орындау үшін осындай іс-әрекетке де барады. Бара бара көшеде адам баласы жүруденде қалатын шығар. Тұрсынбек Қабатовтың әзілінде шындықтың 100 бірі ғана айтылып отыр.

    • #63
    • I
    • дн, 09/01/2017 - 7:13

    Пессимизмге салынбаңдар.Ата бабалар ымыз сияқты бұл қалмак тармен алысып күресiп өтуiмiз керек сонау қиамет қайымға дейiн...Сосын қорықпай ақ қойыңдар әр кiм өз заслугасын алады ,өздерiне лайықты сонда...
    Болсада бәрiбip ақыр заман...

Пікір қосу

  • 8 + 9 =

Кіру