Өзекті

ҚАЗАҚТА ОТАН БАР, ОТАНШЫЛДЫҚ ЖОҚ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Мұрат Әбенов жүргізетін «Қоғамдық кеңес» бағдарламасында Амангелді Айталы ағамыз бір шындықты шыжғырып отырып бетімізге басты.

-         Менімен кездескен адамдар, хал-жай сұрайтын таныстарым: «Ақтөбең қалай?», «Ақтөбеңде не жаңалық?» дейді. Осы дұрыс сөз бе? Шындығында Ақтөбе менің ғана Ақтөбем емес, бәріміздің Ақтөбеміз. Ел, жер бәрімізге ортақ. Біз әлі соны сезіне алмай жүрміз. Өйткені азаматтық сана, азаматтық қоғам жоқ бізде, - деді.

Расында солай. Қазақ өзінің тұтастығын ұғына алмай келеді. Мысалы Ақмола облысының байырғы тұрғыны  мейлі Маңғыстаудан кел, мейлі Талдықорғаннан кел, сені «южан» деп қарсы алады. Ақтаудағы ағайынға ата-тегіңді қанша жерден таратып айтсаң да, иә арғын, иә найман екенсің ғой дейді де қояды. Бұл нені білдіреді? Бұл түбектегі жұртты өзінен басқаның тарихы, тағлымы,  шежіресі, мәдениеті, ерлігі, ертегісі, аңызы, әңгімесі, тауы мен тасының аты мен атауы қызықтырмайды дегенді білдіреді. Әрине, бұқараның бұл қалпына зиялы қауымды, әсіресе, ақын-жазушыларды кінәлай алмаймыз. «Менің елім», «менің қазағым» деп егілетін ел ішінде ерлер аз емес. Бірақ, олардың дауысы бар қазақтың дауысына қосылып, олардың отаным деп соққан жүрегі бар қазақтың   жүрегінен жол таба алмай тұр. Сөздің қысқасы, бүгінгі қазақта ұлы бабалардан аманатқа қалған байтақ Отан бар, бірақ, отаншылдық сезім жоқ. Соның мыңнан бір мысалы Айталы ағамыздың айтқаны дер едік:  «Ақтөбең қалай?», «Ақтөбеңде не жаңалық?» Сол Ақтөбеде (Ақтөбе облысында) өткен жылы сойыл тілеген сойқан шықты. Атылған да, атқан да  - қазақ. Қаза құшқанның бәрі – қазақ. Алайда, әлгі сұмдық оқиға Ақтөбенің ғана маңдайына жазылғандай қалған қазақ қыңқ еткен жоқ.

Алыстан арып-ашып көшіп келіп жатқан ағайын бар. Оларға да бүгінгі қазақ жатсына қарайды. Мүлдем жат, бөтен, бөгде жұрт көшіп келіп жерін басып алып жатқандай жауығып, реті табылса, жуан жұдырығын білеп қояды. Тағы да сол өткен жылы ҚХР бетінен көшіп келген арыстай үш азамат қанышерлердің қолынан өлді. Сондай қайғылы жайтқа қабырғасы қайысудың орнына қайсібір қазақ: «Осы оралмандар жалмаңдап, құтырып кетіп еді, дұрыс болды. Бұл өзі өзгелеріне сабақ болды» десті.

Қазақта отаншылдық сезімнің, ұлттық ұжданның кемдігіне тағы бір дәлелді Тәуелсіздік күні көреміз. Оған мысалды жақын бір досымның әңгімесін көлденең тарта отырып айтайын. Досым көп сөзге жоқ, біртоға, ойға зерек, оқуы кемел – жан.

-         Бала кезден арласатын бір топ отбасы жыл басында мереке күндерін бөлісіп аламыз, - деп бастады әңгімесін досым. – Ол үшін мереке күндері қағазға жазылады да бүкетіледі. Бес отбасы болсақ, қағазға ел деңгейінде аталып өтетін бес айтулы күн таңбаланады. Мысалы, 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні, 1 маусым – балаларды қорғау күні, 1 мамыр – ынтымақ күні, 9 мамыр – жеңіс күні, 7 қараша – бұрыннан келе жатқан мерекеміз, 23 ақпан – Совет армиясының құрылған күні, 31 желтоқсан – жаңа жыл.   Осы мерекелердің қайсысы қайсысымызға тиетіні жеребе бойынша тартылып, анықталып жатады. Бірде мен мерекелердің қатарын толықтырғым кеп: «7 қарашаны қайтеміз, Совет армиясының да құрылған күні керек емес. Бұрынғы күнтізбелерде қып-қызыл болып тұратын осы екі күнді қазақ енді пәлендей ескермесе де болады» деп едім, пәлеге қалдым. Алдымен бәрімізді билеп-төстегісі кеп жанығып жүретін қаймақ ерін қара қатын шапшыды: «Сенің Тәуелсіздігің кімге керек?» деп. Оның сөзіне абысыны болып келетін семіз сары әйел қосылды. Өзгелері де сол екеуінің ізімен кетті. Мен жәрдем тілегендей жалтақтап бала кезден бірге өскен достарыма қарағам. Сөйтсем олар да бір ауыздан: «Сол Тәуелсіздік күніңді қойшы» демесі бар ма? Ал, бұндай киізкеуделікке не дерсің, үндемей түнеріп үйіме қайттым.

Осыны баян етіп сәл үнсіз қалған досым, ащы бір мысқыл айтардағы қалпын тауып,  езу тартып отырды да: «Мұнай, газ, уран, мыс, мырыш, бидай – бәріне керек қой. Тәуелсіздік ешкімге керек емес пе екен? Дайын Тәуелсіздікті сатып аламын дейтін ел болса, біздің билік Тәуелсіздігімізді де сатып жіберетін шығар. Көзіқарақты, қолы да, құлағы да ұзын адамсың ғой. Қарай жүрші, сондай бір ел болса, жоғары жаққа ескерте сал. Менің де достарым үлес алып қалар», - деп сөзін түйіндеді.

Тәңірім сақтасын, сөздің заттанатын қасиеті бар. Бұндай сөзді ойнап та болса, айтуға болмайды. Алайда, ашынған, күйінген адам кейде не демейді? Демесіңді дегізіп тұрған да сол - қазақтың қамсыздығы, өзін өзі сыйламайтындығы, өзінің елдік, ұлттық болмысын сезіне де бағалай алмайтындығы себеп болып тұр емес пе? Сіз қалай ойлайсыз? Таратып айтар ойыңыз болса, ортаға тастаңыз, бек қабыл аламыз.

 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz  

26 пікір 1357 рет оқылды Қосылған: 10.01.17
    • #1
    • АҚИҚАТ- АЛЛАНЫҢ ақ жолы...
    • сс, 10/01/2017 - 13:13

    Балық арсыздық - Әйелдерден ?! Мынау екі Қыздың істеп келе жатқандары - барып тұрған Хайуандық емес пе ?.. Ұлттық ТУЫН сыйламайтын бұндайларды сол табанда АТЫП тастау керек !!..

    • #2
    • шал
    • сс, 10/01/2017 - 13:35

    1 мамыр, 7 қарашаны тойлайтын адамдарды қайдан көрдініз? Кенес Одағы кезінде тойлаған адамды көрген жоқпын, демонстрацияға барып келеміз болды.
    "Ақтөбен қалай" дегеннін несі бар?

    Атылған да, атқан да - қазақ. Қаза құшқанның бәрі – қазақ.
    ------
    Танатаров та қазақ па? Ланкестік жасаған діншіл жындыларғада қайғыруымыз керек пе?

    • #3
    • О
    • сс, 10/01/2017 - 14:20

    шал сияқты шала ойлайтындар ғана "Ақтөбең қалай?" деп сұрайды. Дана ойлайтындар "Ақтөбеміз" дейді.

    • #4
    • Бейбарыс
    • сс, 10/01/2017 - 14:23

    Жоңғарларға қарсы соғыста бүкіл ҚАЗАҚТЫ біріктірген би аталарымызға құрмет.

    • #5
    • мен
    • сс, 10/01/2017 - 14:33

    Маңғыстау жайлы өтірік айтпа, адай тегі түгілі, қазақтың қай-қай руларын таратып береміз. Ағайындыққа келетін болсақ, Қашағанның -Адайдың Аталығы Ұлы Жүз, Аналығы Кіші Жүз-дегенді ұмытпа.

    • #6
    • шал
    • сс, 10/01/2017 - 14:34

    Дана ойлайтындар "Ақтөбеміз" дейді.
    -----
    Қандай даналық!!!

    • #7
    • қазақ
    • сс, 10/01/2017 - 15:41

    Ақтөбеміз қалай болсын, жақсы, Ақтөбеміз!!! Осы интернет шыққалы қазақтар ұсақ-түйекшіл болып барады!!! Сөз - бағу, қырсығу. Әлде, бұл дерт баяғыдан бар ма еді?! Болса, жаман. Ал, енді мына қыз балдардың қолданып жүргені ҚР туына ұқсағанмен, нақты ұқсамайды ғой!!

    • #8
    • еркін
    • сс, 10/01/2017 - 15:56

    ол екі қызға осы істі ұйымдастырып жүрген нұр отанның бір мүшесі берді ғой. осыдан оған мүшелердің баяғы коммунистерге ұқсап күні үшін жүрген қуыс кеуде біреулер екенін көрсетіп тұр.ал қазақтың біркпеуіне басты себеп 25-жыл билік қазақты ру-руға бөліп той-тойлатып енді сол бөспелік әркімнің санасына орнығып алды оларға қазақ жаман десе шыбын шаққандай әсері жоқ. руың жаман десе өре түрегеледі нән-нің де көздегені осы еді бөліп алда билей бер болып тұр.

    • #9
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 10/01/2017 - 16:14

    Сұрауы жоқ жоңғарлардың барына рахмет !
    Қалпақшалап айтқанда : "япа бериң". Орысқа, көсекеңе қарсы сөйлеуге көттерің тұрмайды, айтпақшы мен ұйықтап жүргенде "зеленый революция" бастап жіберген екенсіңдер, құтты болсын !

    • #10
    • Төре
    • сс, 10/01/2017 - 16:43

    Онда билікті Шыңғысхан ұрпақтары - Төрелерге беріңіздер? Бәрі шешілер еді! ... Шеше алмаса Мына менің басымды бірінші шабыңыздар! Оған дейін тірі болсам... Өзім келем!

    • #11
    • Редактор қазақ
    • сс, 10/01/2017 - 19:10

    Ееее, Есенғали деген айығып қалыпты. Бірақ сөздерінде кілтипан әлі де бар.

    • #12
    • Орал
    • сс, 10/01/2017 - 19:13

    Отаным,елім,жұртым деп ойлаймыз ғой бірақ билік басында отырған біраз азаматтарымыздың елдік мәселелерді ойлаудың Жоғары лауазымда ел аузына қарап отыған кейбір азаматтарымыздың Отанды,елді, жұртты ойлаудың орнына қара басының ғана қамын ойлап, қызмет бабын пайдаланып жемқорлықпен айналысуы көңіліңді қалдырады. Солар кеше Отанға адал қызмет етемін деп Конституцияға қолын қойып тұрып ант берген жоқ па, әлде сол Конституциямен қатар , Өзбекстандағыдай Құранды қатар қойып ант қабылдату керек пе деген ойым бар.Сіздер қалай қарайсыздар.

    • #13
    • Бек
    • сс, 10/01/2017 - 19:22

    Мұқтар Шахановтың бір өлеңі ойыма түсіп отыр. Отанында сатып кете алады,қиын шақта досын сатқан адамдар деп келетін яғни жемқорлық жасап халық қазынасына қол салғандарды Отанын сатқандар деп есептейтін заң керек.

    • #14
    • Рәт
    • сс, 10/01/2017 - 19:34

    Атына заты сай Айталы десе Айталы . Ел ағалары,академик,абыз қария деп осындай кісілерді айту керек. Жүрегінің түбінде түк қалдырмай ,шындықты қолмен қойғандай ,кейбіреулер сияқты күлбілтелемей айтып отырған абыз қарияда арман бар ма барлық құрмет Сізге. Сізді туған, тәрбиелеп өсірген ата-анаңызға мың алғыс Алладан болсын.

    • #15
    • Төре, 12-ге
    • сс, 10/01/2017 - 19:45

    "Құранды қатар қойып ант қабылдату керек пе?" Қастетті Құран мен бұрынғы коммунистер... не десіз? Олар жалғандықпен қаруланғандар. Осыдан кейінгі буындар болмаса?

    • #16
    • Рәтке
    • сс, 10/01/2017 - 19:59

    Абыз қарияны арман бар ма деп дұрыс мақтапсыз, алғаш депутат болысымен мәжілісте ұсынған бірінші мәселесі тоқал алуды заңдастыру туралы еді. Сол ұсыныс өтпей, орындалмай қалды, қалталы байлар онан көп үміт күтіп еді.Сол жағынан қолдамаған біз де ұяттымыз, қалғаны дұрыс.

    • #17
    • Жанашыр
    • сс, 10/01/2017 - 20:59

    Мен мына қазақ ел бола алама екен деп қорқам,қарным ашыйды.Төрдегісі тойымсыз,есіктегісі лақтырған сүйекті кеміргенге мəз.Қалай ел боламыз ағайын.

    • #18
    • Орал
    • сс, 10/01/2017 - 21:48

    Осының бәрін көріп,біліп отырған бір Алла барын мойындамағандықтан яғни діни сауатсыздықтан,имансыздықтан. Шіркін Елбасыдан бастап, жұма күні 1сағат уақыт табылады ғой Алланың үйі мешітке баратын ел болсақ қой .Алланың үйіне кіріп шыққан адамдардан жамандық шықпас еді ғой деп армандаймын береке, бірлікті,ынтымақты сүттей ұйыған ел болар едік қой.

    • #19
    • бірлік
    • сс, 10/01/2017 - 22:38

    Қазақ ел болады, егер жөн сөзге тоқтай білсе. Ел болмайды Абай кз-ге неше түрлі жаман сөзді айта берсе.

    • #20
    • 10 -ға
    • сн, 11/01/2017 - 10:53

    сенде қоймадың,тақ сұрап,баяғыда атаң құсап,орден дай,жоқ бол-
    са грамота дай -деп.Кезінде аталарың сатылып кеткен,Орысқа өз
    аяғымен барып бағынып,саясаттан мақрұмсыңдар.

    • #21
    • Айткүл
    • сн, 11/01/2017 - 11:13

    Туды қоқыс таситын жасап,сонда жас отанды не қара басқан.Мына
    сұмдықты кәрі отанба,қақбас отан ба не тәрбие?! Соттау керек.
    Осыдан кейін ұрпақта қайдағы патриотизм ?

    • #22
    • Кария
    • сн, 11/01/2017 - 11:14

    Алғашқы Керей хан құрған Қазақ хандығы неше жыл өмір сүрді?, Қалмақпен қазақ қанша жыл соғысты?. Дүние жүзінде Қазақтай әр бес-алты жылда бір жұтқа ұшырап отырған ел барма?
    Жалпы мынау Қазақ хандығының астанасы дейтін бір құрылыстың ірге тасы барма? Жоқ,жоқ болса неге жоқ.
    Кім жауап береді.Бул жалпы ұлттық таным-сенімнің жоқтығы.
    Ауылдық жерде егемендік алған соң жұмыссыздық басты.Кеше ғана құрдымға кеткен Кеңес кезінде жүз пайыз жұмысы бар ауыл неге бүгін жұмыссыз,қаңырап бос қалып,ер-азамат қаңғып кетті.Ел ішіндегі қолында майлы қызметі бар мен майлы қазаны барлар осыны ойлайм...Жоқ...Жоқ..Ойламайды,ойламайды емес ойлай алмайды.Жоғарыдағы Керей хандығында құртқан осы ойлай алмау,Жұтқа ушыратқанда осы ойлай алмау,Қалмаққа 150- Қоқанға 50-Орысқа 250-жылдан бодан болудың түпкі бәлесі осы Өз қарны мен Өз құдасынан басқаны ойламау жатыр.Амангелді өте жақсы айтты бырақ басқа жұрт Амангелді Оңтүстікдегі Батысты,Батыстағы Шығысты,Шығыстағы Солтүстіктегі бауырының халын ойлай алмайды деп күйініп отыр.Мәдениетті адам басын ашып айта алмады. Барлық бәле Біздің Әр қайсымыз өз басымызды ғана ойлауымызда.

    .

    • #23
    • Аргун
    • бн, 12/01/2017 - 0:22

    Шыны сол ғой. Қазір қазақ қандай десе-жалқау, езбе, босбелбеу, ынжық және мәңгүрт деп салады. Қалай оятуға болады осы ұйқыдағы халықты!

    • #24
    • Тақырыпқа жауап
    • бн, 12/01/2017 - 0:56

    ҚАЗАҚТА ОТАН БАР, ОТАНШЫЛДЫҚ ЖОҚ және ҚАЗАҚТА ЖҰРЕК БАР да ҚАН ЖОҚ

    • #25
    • Көреген
    • бн, 12/01/2017 - 11:15

    Бірлік болмаса берекетте болмас деген берекет болмаған жерден құт, ырыс, несібе қашады деуші еді үлкендер. Қанша бай болсаңда берекетің болмаса жиған тергенің біртіндеп жоқ боларын бірі білсе бірі білмес. Елімізде қарапайым отбасының дастарханы екіге бөлінді ол тəрбиесіз келін мен бахабист баланың кесірінен бір дастарханнан тамақ ішуден қалды, екіншісі билік пен халықтың арасындағы алшақтық жоғарыдағылардың бірінен бірі қалмай баю үшін елді тонауы.Аллаһ қаламаған іс істеме деуші еді.Бұл Аллаһтың қаламауы əйтпесе соншама бай мемлекет бола тұра осыншама халықтың қалтасынан алатындай қайыршылық жағдайға жетер ме едік.Еліктеген адамның оңғанын көрдіңдер ме неге еліктегішпіз ата баба салып берген жол бар емес пе. Ұрпақ үшін , елі үшін жері үшін жанын қиған жоқ па бабаларымыз неге сол жерді біреуге беруге сол елдің бар байлығын( өзіңді өзің) тонап қайда барып көктеп көгермексіңдер.Қайырсыз дүние опа бермес деген қандай қорықпайтын адамсыздар недеген көр соқырсыздар.Ең болмаса Аллаһтан қорықпасаңдар қазақтың термелерін неге отбастарыңмен бір мезгіл тыңдамайсыңдар ол өткен өмірдің сабағы ғой.

    • #26
    • Төре,20-ға
    • жм, 13/01/2017 - 20:48

    Не был унижен наградой!

Пікір қосу

  • 3 + 22 =

Вход