Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Асқанға - тосқан 8490 1 пікір 19 Қараша, 2015 сағат 12:11

ШИРЕК ҒАСЫРДАН БЕРІ ТАНЫС ШЕНДІЛЕРМЕН ҚОШТАСАМЫЗ

"Мемлекеттік қызмет" туралы заңға вето қойған президент Назарбаев: «25 жыл бойы саясат сахнасында жүрген шенділермен қоштасуымыз» керек деді. Зейнетке шықса да, жылы орнын босатқысы келмейтін, жасы келген саяси тұлғаларды ертерек кетіруді ұсынды деп хабарлайды «31» арнаның жаңалықтар қызметі. Демек, президенттің пәрмені бойынша мына төмендегі адамдар Сенат пен Мәжілістегі мандаттарын тапсырып, келесі сайлауға қатыспауы керек сияқты. Қараңыз, олар кімдер:  

СЕНАТ

АДЫРБЕКОВ Икрам, 1950 жылы 8 шілдеде  туған.

АЛТЫНБАЕВ Мұхтар Қапашұлы,1945 жылы 10 желтоқсанда туған.

ӘЙТІМОВА Бірғаным Сарықызы, 1953 жылы 26 ақпанда туған.

БОБРОВ Владимир Яковлевич, 1953 жылы 14 тамызда туған.

КИИНОВ Ляззат Кетебайұлы, 1949 жылы 7 желтоқсанда туған.

ҚҰСДӘУЛЕТОВ Дулат Рашитұлы, 1952 жылы 2 қарашада туған.

ПОЛТОРАБАТЬКО Людмила Григорьевна, 1953 жылы 19 шілдеде туған.

АБАЙДІЛДИН Талғатбек Жәмшитұлы,1948 жылы 16 қыркүйекте туған.

АҚЫЛБАЙ Серік Байсейітұлы, 1949 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген.

БИЖАНОВ Ақан Құсайынұлы, 1949 жылы 23 тамызда туған.

АСТАЕВ Ертарғын Кәкімбекұлы, 1950 жылы 2 қазанда туған.

ЕЛАМАНОВ Бекмырза Қайыпұлы, 1950 жылы 1 қаңтарда туған.

САҒЫНДЫҚОВ Елеусін Наурызбайұлы, 1947 жылы 1 мамырда туған. 

ТАҒЫМОВ Марат Мырзағалиұлы, 1952 жылы 7 қаңтарда туған.

ЕРҒАЛИЕВ Жабал Ерғалиұлы, 1952 жылы 30 қазанда туған.

АЙТАХАНОВ Қуаныш Айтаханұлы, 1947 жылы 14 қарашада туған.

МӘЖІЛІС

СҰЛТАНОВ Қуаныш Сұлтанұлы, 1945 жылы 12 мамырда туған.

Жақыпов Қабиболла Қабенұлы, 1949 жылы 16 қыркүйекте туған.

Ибраев Төлеген Тоқтасынұлы,  1949 жылы туған.

Дүйсебаев Жексенбай Қартабайұлы,  1950 жылы туған.

ТОЙБАЕВ Әлихан Әбдіханұлы, 1949 жылдың 1 ақпанда туған

Үмбетов Серік Әбікенұлы, 1950 жылы 19 маусымда туған.

КОСАРЕВ Владислав Борисович,  1937 жылы  туған.

Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, 1950 жылы туған.

Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы, 1952 жылы 22 ақпанда туған.

САУДАБАЕВ Қанат Бекмырзаұлы,  1946 жылы туған.

Асанов Тұрарбек Мәжілұлы,  1951 жылғы 4 наурызда туған.

СҮЛЕЙМЕНОВ Қайырбек Шошанұлы, 1949 жылы туған.

БИШІМБАЕВ Уәлихан Қозыкеұлы, 1946 жылғы 27 қазанда туған.

Ыдырысов Құттықожа,  1951 жылы 1 маусымда туған.

САЯПОВА Зухра Алеутдиновна,  1951 жылы туған.

Киянский Виктор Владимирович, 1947 жылы туған.

Самақова Айткүл Байғазықызы,  1949 жылы 2 ақпанда туған.

КЕНЖИН Төлеш Әукебайұлы,  1946 жылы 23 шілдеде туған.

Әйімбетов Сейітсұлтан Сүлейменұлы,  1947 жылы 15 шілдеде туған.

Сондай-ақ бұл тізімге  алдағы жылдары зейнет жасына шығатын Даниял Ахметов,  Сергей Кулагин, Амандық Баталов, Бердібек Сапарбаев, Бақтықожа Ізмұхамбетов (зейнет жасында) ілігуі әбден мүмкін.

Әрине,  мемлекеттік  қызметпен бірге туған адам жоқ. Қызметке ұрпақтар толқыны ауысып келіп жатады. Жоғарыда аталғанның бәрі Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері президент Назарбаевпен бірге келе жатқан адамдар. Кеше бәрі қылшылдаған жас еді. Уақыт өте шау тартты, жастары ұлғайды. Бірақ  соның көбі, жоғарыда көріп отырсыздар, Мәжіліс пен Сенаттан орын тауып алған. Былай қарасаңыз Қазақстандағы Заң шығарушы орган зейнеткерлерді демалыс орны немесе «қарттар үйі» секілді. Енді олардың орнына сөз жоқ жас буын келеді.   Үкіметтің кешегі жиынында президент Назарбаев: «Қазір мен жалғызбын. Сендер менің ығымдасыңдар. Сондықтан менің белбеуімнен мықтап ұстаңдар. Ертең сендерге қиын болады», - деді. Президент осы сөзімен Үкімет құрамындағы шенеуніктерге тегеурінді жас ұрпақтың келе жатқанын аңғартса керек.

Abai.kz   

 

 

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512