Жұма, 29 Наурыз 2024
Масқара! 10163 1 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 17:31

ҚҰРТТЫҢ, МАМАЙ, ҚОР ҚЫЛДЫҢ!

«Ашық алаң - Трибуна» оппозициялық газетінің соңғы санында Сәкен Жүнісов деген біреудің «Орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болуы керек!»  деген мақаласы жарық көрген. Бұл туралы әуелі Серік Сапарғали фейсбуктегі парақшасына аталған газеттің шығарушылары, қоғамдық белсенділер: Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға қарата: «Тіл мәселесі, Украинада көргендей, Тәуелсіздікпен пара-пар мәселе! Сондықтан, сатқын, ақымақ Жүнісовке трибуна бергендерің сендердің де сатқындықтарың, Жанболат -Инга! Әлде бұл Әбіләзовшылардың нұсқауы ма?» деп батыра жазды.

Мұндай масқараны көре тұрып шыдай алмаған «Қазақ үні» газетінің құрылтайшысы, ақын Қазыбек Иса да Жанболаттарға әркімнің қолжаулығына айналып, арандатумен айналысуды тоқтатыңдар депті:

«Қарапайым тілмен қазақша айтқанда, орыс тіліне мемлекеттік тіл статусын сұрау – Қазақ тіліне қарсылық болып табылады. Қазақ тіліне қарсылар – қазаққа қарсылар!  Мемлекеттік тілге – мемлекеттік мүддеге қарсылық!  Ендеше, бұл «Ашық алаң» («Трибуна») газетінің  әлдекімнің орыс тіліне – мемлекеттік тіл статусын сұрауын жариялауы – ел тыныштығын шайқауға арналған ашық арандату!  Қожайындарының қолжаулығына айналған Жанболат пен Инга қазақ халқының алдында жауап беріп, ресми  кешірім сұрасын!»

Шынымен де,  «Орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болуы керек! Қазақстандағы 130 ұлттың да тіліне ресми мәртебе беру керек» деген дұшпаның айтпайтын сұмдық суық сөзді қағынан жеріген Сәкен Жүнісов дейтінге айтқызып, оны жариялап отырған газеттің көксегені не?

Сонда «Елім дегенде етегі жасқа толып, халқым дегенде қабырғасы қайысқан» түр танытып жүрген Жанболат Мамайдың бетпердесінің ар жағынан кімнің шынайы бейнесі көрініп тұр?

Жанболат Мамай кім еді?

О баста «Рух пен Тіл» деген ұйым құрып, соның төңірегіне топтасқан біраз қыз-жігіттердің ортасында, оппозициялық топтар мен ұйымдардың арасында   жүрген жас талапкер еді. Ақыры, міне, Сәкен Жүнісовтың «Орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болуы керек!» атты мақаласын газетіне басып, мемлекеттіктің тұтастығына қауіп төндіретін және ресейшіл күштердің «көктен іздегенін, жерден табуға» жәрдемдесетін өте қауіпті қадамға барды.

Демек, Жанболаттың қазақ десе, жаны шығып кете жаздайтыны өтірік болса керек. Шын ұлтшыл, мемлекетшіл адам мұндай арандатушы һәм мемлекет пен қоғамға зор қауіп әкелетін дұшпандық әрекетке бармайды.

Айтпақшы, Жанболат Мамайдың ресейлік әлдебір Поткин дейтін арандатушы-алаяқпен байланысы бар деген сөз шыққан. Іле Сәкен Жүнісов секілді мәңгүрттің мақаласын жария етіп отыр... Бұдан соң, әрине, Мамай Поткиннің тапсырмасын орындауға шындап кіріскенге ұқсайды деп кім болсада байлам жасары анық. Қайткендеде «Орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болуы керек!» деген сыңаржақ мақала «ұлтшыл» азамат Жанболаттың газетінде жарық көрмеуі тиіс-тұғын. Құрттың, Мамай, газетіңді қор қылдың!

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558