Жұма, 22 Қараша 2024
Жанайқай 5203 0 пікір 16 Тамыз, 2016 сағат 17:10

ҚАЗАҚ БОКСЫ ЖӘНЕ КОРРУПЦИЯ!

Ардақты ағайын! Биылғы Рио олимпиадасы қазақ боксының бойында ауыр дерт бар екенін көрсетті. Ол дерт - коррупция! Қазақ боксы, жалпы қазақ спорты белшесінен былыққа əбден батқан. Бірақ ғана мысал айтайын, 2015 жылы "Астана арланс" клубы əлемнің барлық командасын қирата жеңіп, Əлем чемпионы деген абыройлы атақты жеңіп алған болатын.

Бұл жолы АИБА бас жүлдеге 400 000 доллар сыйақы тіккен еді. Обалы нешік, АИБА уәдесінде тұрып, ол қаржыны яғни 400 000 долларды "Самұрық Қазына" əл - ауқат қорының есеп шотына аударған. Бұл қаржы аталмыш қордың қамқорлығына алынған "Астана"спорт клубының есеп шотына түскен. "Астана арланс" клубы боксшыларының табан ақы, маңдай терлері - бұл ақшаны содан бері ешкім көрмеген. Соның кесірінен биылғы маусымды бапсыз бастаған "Астана арланс" клубы Бүкіл əлемдік бокс сериясы бойынша қола жүлдеге ғана қол жеткізді. ( Ақшасын бермей қойса, кім бокстассын?)

Зілдей ауыр соққыларға тұмсықтарын төсеп жүріп тапқан ақшаларын ала алмаған "Астана арланс" боксшыларының ашпаған есігі, тоздырмаған табалдырығы қалмаған. Тіпті Елбасына хат та жазған! Еліміздің атын əлемдік спорт аренасында сан мəрте дүркіретіп шығарған атақты "Астана арланс" спорт клубының жеңіп алған жүлдесін бермей қою, не деген масқара?.Бұл енді шектен шыққандық емес пе?!

Бұндай қаржылық махинацияларды көрмей, "финпол" қайда қарап отыр? Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұлт спортына жемқорлар тарапынан қауіп төнгенде неге іске араласпауда?! Журналистер, қазақ боксын ауыздарыңның суы құрып мақтай бергенше, осындай масқараларды неге жазбайсыңдар? Неге журналистик зерттеу жургізбейсіңдер?

Əлемге қазақтың атын шығарып келген спорт - ол осы бокс еді, сол спорттың болат білек оғландары еді ғой. Енді сол боксты мынандай індет жайлауда! Бұл кеселмен барлығымыз бірігіп күресейік. Жемқорлардың улы тырнағынан қазақ спортын құтқарайық! Олардың нəжіске толы сасық жемсауларына жұтылып жатқан боксшы жігіттеріміздің ақ адал еңбегін ел - жұрт болып алып берейік! Үн қосыңыздар ағайын! 400 000 долларлық бұл іске қатысты құжаттарды керек болса, жариялаймын!

Ерлан Төлеутай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295