Сенбі, 23 Қараша 2024
2733 1 пікір 4 Қараша, 2019 сағат 10:27

"ИМ" террористік ұйымы әл-Бағдадидің қаза тапқанын мойындады

"Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымы бұрынғы лидері Әбу Бакр әл-Бағдадидің қаза тапқанын мойындады. Бұл жөнінде ИМ-ге жақын Amaq ақпарат агенттігі хабарлаған.

Ұйымның бұрынғы лидері 26 қазанда америкалық әскеридің Сирия мен Түркия шекарасында жүргізген арнайы операциясы кезінде қаза тапқан. АҚШ президенті Дональд Трамп әл-Бағдади өзін жарып жіберді деп мәлімдеген. Оның тұрған жері айналасындағы адамдардың берген ақпараты арқасында анықталған.

АҚШ қорғаныс министрлігі америкалық әскердің жүргізген операциясының видеосын жариялады. Құпияланған қара-ақ кадрде әл-Бағдадидің тығылған жері көрсетілген. Америкалық ұшақ сол маңға бомба лақтырады.

Әбу Бакр әл-Бағдади 1971 жылы Ирактың Самарра қаласында туған. Дін ілімін оқыған. 2004 жылы америкалық әскери тарапынан ұсталған. Бостандыққа шыққаннан кейін жиһадшыларға қосылған. 2014 жылы өзін барлық мұсылмандардың лидері — халифпін деп жариялады. Ол құрған "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы Ирак пен Сирияның біраз жерлерін басып алған болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364