Сейсенбі, 26 Қараша 2024
46 - сөз 6093 9 пікір 5 Қараша, 2019 сағат 11:37

Мұғалімнің жанайқайы...

Өз басым еліміздегі көпшілік мұғалімдердің материалдық жағдайына қарап жүрегім ауырады.

Бүгін семинарда бір әйел мұғалім айтады: "Біз көп нәрсе жасағымыз-ақ келеді, бірақ үйге келсең бала-шаға, шаруа мен күйбең тірліктен жұмысқа дайындалу қиын, сол үшін мұғалімдер Ер кісілер болғаны дұрыс!" деп.

Бірақ ер кісілер қалайша мұғалім болсын?! Табатыны айына небәрі 100-150 мың теңге ($385). Бұндай сомаға тамақ аласың ба, киінесің бе? Содан амал жоқ, мұғалімдік көпшілік үшін "уақытша" жұмыс болады да...

"Мұғалімнің жалақысын көбейту мақсатында не жасайсыздар?" деп бір директордан сұрасаңыз, "Оған көбірек сағат береміз!" дейді. Сөйтіп ол кісі аптасына 40 сағаттай сабақ береді. 40 САҒАТ, Карл! Қырық сағатта адамнан не қалады? Нерв те, күш те қалмайды! Тамағы ауырып, даусы шықпай қалады.

Сосын қазір "ақылды" ата-аналар бар. Олар өз перзентінің артта қалуының себебін өзінен емес, мұғалімнен іздейді. Жайшылықта өз баласы не бітіріп жатқанынан бейхабар, бірақ баласы сабақта бір екі алып қалса, барлық себептерді зерттеп-зерделеген, доцент, педагогика ғылымының "докторы" бола қалады. Айқай-шу, шығарып, директордың да, мұғалімнің де екі аяғын бір етікке тығады кеп тұрып.

Директор "крайний" адамды бірден табады. Өйткені ол 100% ата-ананың кінәсі бола алмайды. Ибо айқай-шуды бірдеңе қылып тоқтату керек. Кінәлі - мұғалім. Осылайша ата-ана мәселені "шешкен" болады. "Шешу үшін" жүрген ата-ана үйде дастархан басында әңгімені жібереді, якобы "Мұғалім мен мектепті өз орнына қойып келдік!" деп. Осыны баласы губка секілді сіңіреді. И так то мұғалім оның алдында абыройлы емес еді, енді точно болмайды да...

Сосын отырып алып, "Қазіргі мұғалімдер баяғыдай емес" дейміз... Қазіргі мұғалімдер тәжірибесі төмен дейміз, ашуланшақ дейміз. "Балам шашын фиолетовыйға бояғанында не шаруаң бар?" дейміз мұғалімге...

Құдай-ау, мұғалім мен мектепке осыншама төмен қарайды екенбіз, олардан не күтеміз сонда?! Жалақысы төмен, стресс пен қысымға айқара ашық. Ата-ананың көзінше плинтус деңгейінде болған мұғалім мәртебесіне куә бола "Білім саласы неге стагнацияда тұр?" деп өз-өзімізді неге алдаймыз???

Болды, жыладық-сықтадық, енді тоқтайық. Жаңа тоқсан басталады. Сабақтарға дайындалайын барып...

Ерден Серікбаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6076