Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2225 0 пікір 17 Тамыз, 2011 сағат 07:20

Қуандық Шамахайұлы. Ежелгі дос

(сықақ әңгіме)

Астананың  орталық алаңында бала кезімнен тай-құлындай тебісіп бірге өскен ежелгі досым  күтпеген жерден кездесе кетті. Амандық, саулық сұрасып шүйіркелесіп жатырмыз. Досым орта бойлы, толықтау келген қара торы мұртты жігіт. Жөн сұрастық. Өзінің белді бір мекемеде бастықтың орынбасары екендігін, кешікпей министрлікке өрлейтінін, жаңа ықшам ауданнан үш бөлмелі пәтер алғанын бір деммен, зор қуанышпен хабарлап салды. Осы сәтте досымның екі беті алаулап, көздері жайнаңдап тұрды да:

-  Төрт балалымыз, бірақ, бәрі қыз, - деп күрсіне күбірлегенде қабығы түйіліп, еңсесі лезде түсе қалды. Сөйтті де, іле-шала жүзі жайнап, тамағын кенеп мұрнын шүйіре қалды.

- Ал, өзің сол ауылдасың ғой. Ұстаздық етіп дегендей...Қазір қиын шығар. Жалақы аз, ауылдың жағдайы анау. Қазір ондай жалақымен күн көру деген тірінің тозағы ғой,- деп табан астында мәз-мейрам болып, көңілі көтеріліп шыға келді. Осы қылығына сайтаным келді де, әдейі оны жынды қылуға кірістім.

- Жоқ, досым. Астанаға әлде қашан келіп алғанмын.

- Е, солай ма? Жатақханада тұрасың ғой...

- Жо-жоқ, үйім бар.

- Бір бөлмелі?

- Алты бөлмелі.

- Қой-ей?! Көп қабатты ескі бетон үйлердің ең астыңғы қабатында шығар...

- Жоқ, үйім кірпіштен қаланған екі қабат коттедж...

- Қаланың шетінде алыста ғой?  Тым құрығанда Қоянды да емес...

- Қаланың қақ ортасында.

- Қазір қалада телефон номері жетпей жатыр. Үйлеріңде телефон жоқ шығар-ә?

- Бар болғанда қандай, бейнелі телефон. Звондаған адамның түрін көруге болады.

- Көлік ала қойған жоқ шығарсың?

- Бар. Қалада көліксіз қалай енді...

- Ескі «Москвич» ғой...әлде, тіпті «Зап...рр..ожж...»...

- Қайдағы өзімдікі «Джип», әйелімдікі «Мердседес Бенц»!

Осыған келгенде досымның өңі бозарып, көзі қарауытып кеткендей жайсыздап сала берді де:

- Үйлеріңде газ, су, ток болмай қалып, үнемі әуіреге түсетін шығарсыңдар-ә!..-деді демікпе ауруға шалдыққан адамша ентігіп.

-       Өз жеке меншігімде шағын электр станциям бар, - дедім мен де шімірікпестен.

Дәл осы сәтте бағанадан бері екі жаққа алма кезек теңселіп зорға тұрған бейбақ сылқ етіп құлап түсті. Тұла бойы дірілдеп, маңдайынан суық тер бұрқ етті де:

- Сендерде штат қысқарту болады. Кешікпей жұмыссыз қаласың-ау?! -деді, ыңқ-ыңқ ете ықылық атып.

- Мен жаңадан сайланған Парламенттің депутатымын ғой...

- Партиялық тізім бойынша ма?

-  Жеке мандатпен...

- Әй, осы парламентің тарап кетіп жүрмей ме?

- Жоқ, тарамайды. Келесі сайлауда тағы да депутат боламын.

- Бәрібір өкіметтің бюджетіне телміру деген...адамның өзінің капиталы болмаған соң...

- Оған қарап отырған жоқпын ғой, досым-ау. Әйелім шағын кәсіпорын басқарады. Өзім мұнай қорының президентімін...

- Бала жоқ шығар сендерде...

- Бар, екі балалымыз.

- Екеуі де қыз?

- Жоқ, бірі ұл.

Досымның дем алуы одан бетер жиілеп кетті. Сәлден соң аһылап-үһілеп, екі көзі алаң-ғұлаң ете бастады. Осы кезде мен де аянып қалмадым. Жығылғанды жұдырықтауға батыл кірісіп кеттім.

- Әке-шешем екеуі де аман-есен. Таяуда ғана зейнетақыларынан бас тартып, оны балалар қорына өткізіп тастады. Өздері ауылда фермер болған. Шетелдің бір ірі фирмасымен бірлесіп, осы таяуда ғана тері-терсек, жүн-жұрқадан өнім жасайтын кәсіпорын ашты. Інім мұнай саласында бизнесмен, қарындасым банкте топ-менеджер.

Мұны естіген сәтте досымның буындарынан әл кетіп, сұлқ жатып қалды. Бір аяқ, бір қолынан жан кетіп, денесі мұздап сала берді. Жан берісіп, жан алысып жатса да, ол үміт үзер емес.

- Б-б-балаларың мә-мә-мәңгүрт пе? - деп тұтығып зорға айтқанда даусы көмейінің арғы жағынан тым алыстан әрең естілді.

- Ол не дегенің? Екі балам да  қазақша, ағылшынша, орысшаға және түрікшеге бірдей. Енді қытай тілін оқып жатыр. Бес уақ намаз оқиды. Иманды ибалы, еңбек құмар.

Мұны естіген соң досымның денесі түгел жансызданып, мұрнының ұшына келіп тірелді де қос жанары мәңгілікке өшіп бара жатты. Ойыннан от шыққанын сезген мен жалма-жан басын басын сүйеп отырып:

- Әй, өтірік айтамын, қалжың ғой, - деп құлағының түбіне ауызымды тақап тұрып бар даусыммен айғай салғанымда кірпігі қыбыр ете түсті.

- Мен сол ауылдан күн көре алмай қалаға келгенмін. Жұмыс жоқ, жатақхананың бір бөлмесінде  қатын, бала-шағаммен бас сауғалап отырмын, - дегенімде тамырлары бүлк-бүлк соғып, бетіне қан жүгірді.

- Әке-шешімнің зейнетақылары басқа тартса аяққа, аяққа тартса басқа жетпей ақыры аштықтан түбіркүлезге шалдығып...- дегенімде ол жанданып, тіпті қаздиып отыра қалды.

- Алты балалымыз, бәрі қыз, - дегенде ол орнынан атып тұрып, үсті-басын қағып-сілке бастады.

- Інім мен қарындасым штат қысқартуға ілігіп қазір... - дегенімде ол галстугін түзеп, қос жанарын аспанның көкжиегіне қарай тіктеді.

- Балаларым жалаң аяқ, жалаңаш. Биыл мектепке де бара алмайтын сияқты, сауатсыздыққа ұшырайтын болды, - деген сөзімді шала-шарпы естіген ол жүзіне шаттық ойнатып, күлмің қағып, кері бұрылды да  кете берді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5558