Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2738 0 пікір 17 Тамыз, 2011 сағат 07:59

Аманхан Әлімұлы. Ұлтшыл болу жақсы ма, жаман ба?

Бұл туралы интеллигенция арасында екi пiкiр бар. Олардың бiреулерi ұлтшылдықты фашизм мен шовинизимге барар жолдың басы десе, ал, екiншiлерi одан ешқандай да ерсiлiк көрмей, оны табиғи-тарихи процесс ретiнде қабылдайды. Ал Олжас Сүлейменов болса, ұлттық идеяны iздеу ұлтшылдыққа бастайтын бiрден-бiр сара жол деп алып, көп ұлтты Қазақстан мен Ресейге интернационалистiк бағыт-бағдардағы ұстанымдар керек дейдi. Оның пайымдауынша ұлттық идея табыла қалса, мемлекет те, ұлт та тұйыққа тiреледi-мыс. Сондықтан олар секiлдi­лерге коммунистiк интернационализм негiзiнде тыныс-тiршiлiк кешетiн, ұлттық құндылықтардан қол үзген ел-жер үлгiсiндегi қарым-қатынас керек. Оны олар болашақта "планетарлық" сана-сезiмге қол жеткiзу арқылы, кезiнде Еуропаны елестей кезген нұрлы коммунизмге баратын бiрден-бiр жол санайды. Сонан кейiн, ұлтшылдық өз отанынан қол үзiп, өзге ұлттық мемлекетте тұрып, өздерiнiң туған жерлерiнен қол үзгендерге қауiптi. Ал ендi ұлтшылдықты қадiр-қасиет көретiн жандарға келсек, олар өзге ұлттар мен ұлыстарды жоққа шығармау арқылы, өзiнiң ұлтын айналасын атжалмандай жалмап келе жатқан ғаламдастыру кезеңiнде сақтап қалуға тырысушылар. Олар үшiн ұлтшылдық - психо-антропологиялық ұғым. Ол қасиеттер адамның ұлттық сана-сезiмiнiң қалыптасып, ой-өрiсiнiң кеңеюi арқылы келетiн құбылыс. Жалпы, ұлттық сана-сезiм мен ұлтшылдық - XIX ғасырдың жемiсi. Қазiр ол барынша дендеген.

Бұл туралы интеллигенция арасында екi пiкiр бар. Олардың бiреулерi ұлтшылдықты фашизм мен шовинизимге барар жолдың басы десе, ал, екiншiлерi одан ешқандай да ерсiлiк көрмей, оны табиғи-тарихи процесс ретiнде қабылдайды. Ал Олжас Сүлейменов болса, ұлттық идеяны iздеу ұлтшылдыққа бастайтын бiрден-бiр сара жол деп алып, көп ұлтты Қазақстан мен Ресейге интернационалистiк бағыт-бағдардағы ұстанымдар керек дейдi. Оның пайымдауынша ұлттық идея табыла қалса, мемлекет те, ұлт та тұйыққа тiреледi-мыс. Сондықтан олар секiлдi­лерге коммунистiк интернационализм негiзiнде тыныс-тiршiлiк кешетiн, ұлттық құндылықтардан қол үзген ел-жер үлгiсiндегi қарым-қатынас керек. Оны олар болашақта "планетарлық" сана-сезiмге қол жеткiзу арқылы, кезiнде Еуропаны елестей кезген нұрлы коммунизмге баратын бiрден-бiр жол санайды. Сонан кейiн, ұлтшылдық өз отанынан қол үзiп, өзге ұлттық мемлекетте тұрып, өздерiнiң туған жерлерiнен қол үзгендерге қауiптi. Ал ендi ұлтшылдықты қадiр-қасиет көретiн жандарға келсек, олар өзге ұлттар мен ұлыстарды жоққа шығармау арқылы, өзiнiң ұлтын айналасын атжалмандай жалмап келе жатқан ғаламдастыру кезеңiнде сақтап қалуға тырысушылар. Олар үшiн ұлтшылдық - психо-антропологиялық ұғым. Ол қасиеттер адамның ұлттық сана-сезiмiнiң қалыптасып, ой-өрiсiнiң кеңеюi арқылы келетiн құбылыс. Жалпы, ұлттық сана-сезiм мен ұлтшылдық - XIX ғасырдың жемiсi. Қазiр ол барынша дендеген. XXI ғасыр басындағы әлемдi коммунизм елесiндей кезген КСРО-ның идеясы мен идеологиясы құнын жоғалтып, оның құрамындағы республикалардың ұлттық мемлекеттер санатына қосылуы соның айғағы. Бұл мақаланың жазылуына Андрей Шухов деген­нiң "Караван" газетiнде "Здравствуй фашизм" атты мақаласының жарық көргенi себеп болды. Онда ол әлдеқандай бiр "...ермеков-еңбеков және "Еңбек" ЖШС-де" жұмыс iстейтiн жастардың iс-әрекеттерiнен жалпықазақтық фашизм бой көтерiп келе жатыр дегендей пiкiр-тұжырым жасауында не сыр жатыр? Мысалы, ол әлгi мақаласындағы "Главной темой патриотической прессы Германии в тридцать третьем и тридцать четвертом годах тоже была беспрецендентная травля..." деген сөзбен кiмдi және ненi меңзеп отыр. Егер ол шынымен де қазақ басылымдары мен қазақ журналистерiнiң жазып та, айтып жүргендерiн сонау жылдардағы Германия фашистерiнiң ұстанымы және бағыт-бағдарымен салыстырса, қатты қателеседi. Ол әлгi "ермеков пен еңбековтердi" қанша сынаса сонша сынасын, бiрақ одан әлдеқайдағы бiр фашизмдi iздеуi қараңғы бөлмеден қара мысықты iздегенмен бiрдей. Сондай-ақ, оның "...в Мюнхене, когда экстатические личности начали проповедовать идея превосходства - своего над иноземным, коренного над пришлым, национального над инородным словом - одних над другими - простому народу не то что до фени, простой народ был очень даже за" деуiнде қандай идея мен идеология жатыр. Оны ол Баварияда жатып жазады. Демек, оның бұл пiкiрi ел-жұрт­тағы соңғы кездердегi жаңалықтарды сырттай ғана бақылап, қолдағы бар "өлi" фактiмен ғана қанағаттанып, жалпы Қазақстандағы кейбiр кез келген мемлекетке тән кетiк-кемшiлiк пен келеңсiз­дiктен "фашистiк" үрейдi көру ғана.

Орыс философы Иван Ильиннiң айтуынша "Ұлтшылдық - өз халқының тарихи кескiн-келбетi мен шығармашылық актiсiнiң көрi­нiсi. Ұлт­шылдық - өз хал­қының рухани және инстинктивтiк (түйсiк, ырықтан тыс сезiм - А.Ә.) күшi­нiң қадiр-қасие­тiне сену. Ұлтшылдық атал­ған ырықтан тыс түйсiк, сана-сезiмдiк сүйiс­пеншiлiктен өрген iс-әрекеттер жүйесiнiң жемiсi. Сол арқылы жасарып-жаңару, даму" (Наши задачи. 2-х томах. 1992 жыл). Ендеше, әлдеқайдағы әлдебiреулердiң бықсық шаласынан қорқып, ұлтшылдық деген қасиеттi ұғымды жарымжан, жалтақ, жасық "ұлтжанды" деп көлгiрсимiз. Ал пәле iздеушiлер болса қайдан да табылады. Тек адамның ниетiн қара етпесiн деңiз.

Жалпы, бiздiң ұлттық мемлеке­тiмiздiң қадiр-қасиетiн кетiрiп, жалпыхалықтық "қазақстандық ұлт" деген ұғымды таратушылар, қазаққа рухани террор жасаушылар болып саналады. €йткенi рух - ұлт түсiнiгiнiң басты қадiр-қасиетi. Ал, ендi рухани террор жасаушылар, ол мейлi космополит, нигилист, жалаң интерна­цио­налист болсын, бәрiбiр олар үшiн ұлттың түр-түсi, тiлi жоқ бос ұғым. Карамзин тiлiмен айтқанда, космополит - "существо метафизическое". Ол - схоластика. Мiне, бұлар ұлтшылдық деген ұғым-түсiнiктi жоққа шығарушылар және одан өлердей қорқатындар. 1806 жылы Фихте Германияда ұлттық тәрбиенi күшейту жөнiнде насихат жүргiзедi. "Союз добродетели" деген үйiрме де құрған. Ол таза ұлттық негiзде қалыптасып, немiстiң бiрнеше буын азаматтарын қалыптастырды. Одан ұтылған олар жоқ. Мұның бәрi немiстердi рухани күйреуден сақтап, кәнiгi Бисмарктан бастап, бүгiнгi Ангела Меркельге дейiнгi аралықтағы ұлттың iргетасын бекiттi. Әрине, оның арасында Гитлер бастаған фашизмнiң де бой көтер­генiн жасыра алмаймыз. Ол ұлттық эгоизмнен туындаған едi. Құдай содан сақтасын. Ал қазақ ұлтшылдығы үнемi қорғаныстағы, өзгенiң ел-жерiне өзгелердей (мысалы, патшалық Ресей, ағылшын т.б. елдер секiлдi - А.Ә.) көз алартпаған ұлтшылдық. Сондықтан қазақ ұлтшылдығынан шовинистiк немесе фашистiк iс-әрекет күту - қателiк. Оған қазақты тәңiрлiк сенiм-нанымнан бастау алып, мұсылмандықпен ұласқан имандылығы, арлылығы, туа бiттi көпшiлдiгi жiбермейдi. Бұл - тарихи фактi. Осы тұста бiз фактi мен идея-идеологияның ара-жiгiн ажырата бiлуге тиiспiз. Қазiргi бiздiң мемлекет­тiлiгiмiздi ұлттан алыстатуға тырысып жүргендердiң iс-әрекеттерi жоспарлы түрде жүргiзiлiп жатқан көп жылдық идея мен идеологияға жатса, ал, әлiмсақтан ел-жер атын алып, әрi кiндiк ұлты саналатын қазақтың қазiргi мемлекетке о бастан иелiк етiп, бүгiнгi тәуелсiздiк пен егемендiкке қол жеткiзуi тарихи-табиғи фактi.

Ұлттық тұрмыс-тiршiлiк, қарым-қатынас, дәстүр-салт, әдет-ғұрып, тiл мен дiл - алдымен Алла, сосын табиғи адами-моральдық және ақыл-ой жемiсi арқылы қол жеткiз­ген құбылыс. Оны жасартып-жақсартуға, жаңартуға, кейбiр тұстарда уақыт талабына сай түзету енгiзуге тарихи-эволюциялық жолмен, дәстүр жалғастығы арқылы ғана қол жеткiзуге болады. Оған тiзе көрсетiп, әртүрлi айла-шарғы, iс-әрекет барысындағы көз бояушы саяси-қоғамдық мемлекеттiк қитұрқылық ар­қылы иелiк ете алмайсың. Ұлт - кiрпияз, шiкәмшiл ұғым-түсiнiктен өрген табиғи-тарихи категория. АҚШ, яғни, шын мағынасындағы Құрама Штатты алға тартып, американдық ұлт сияқты "қазақстандық ұлтты" қалыптастырамыз деу­шiлер сол ұлтшылдықты жек көретiн­дердiң атынан өрген сөздер мен iс-әрекеттер.

Орыс билiгi - ол патшалық, не революциялық жолмен маркстiк-лениндiк идеологияны ұстанған Кеңестiк Одақ болсын, бәрiбiр ұлтты, ұлттық құндылық тiл мен дiлден бастап, қазақы адами-моральдық қарым-қатынас, тыныс-тiршiлiк, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, сана-сезiмдi аяқасты етуге тырысқан құбылыстар едi. Құдайға шүкiр, оның бiз екеуiнен де арылдық. Ендi, ол жол жоқ. Алдымызда үшiншi жол тұр. Ол - Тәуелсiздiк жолы. Егер де бiз осы Алла тарапынан берiлген мүмкiн­дi­гiмiздi жоғалтып алсақ, онда рухани-ұлттық қадiр-қасиеттен өз еркiмiз­бен бас тартқандығымыз. Берiсi алаштық ұлтшылдардан бастап, күнi кеше ғана өмiрден өткен Алдан Айымбетовтiң, Сәбетқазы Ақатаевтың, Алтынбек Сәрсенбаевтың мақсат-мұраттары сол үшiншi жол болатын. Ендiгi тiзгiн- өзiмiзде. Қазiргi елiмiздегi Қазақстан Халықтар Ассамблея­сының ұстаным бағыт-бағдарлары қазақ ұлты есебiнен өзге ұлт пен ұлыстардың мемлеке­тiмiздегi өкiлдерiнiң пайдасына жүргiзiлiп жатқан саясат. Сол арқылы елiмiзде тыныштықты ұстап тұрамыз деген ойдан туған алдамшы iс-әрекет. Әйтпесе, қазақ туа-бiттi, қансiңдi толерантты, интернационалист, өзiн қалай сыйласа, өзгенi де солай сыйлайтын иман жолындағы ұлт. Қазақтың "өле жегенше, бөле же" деген қағиданы ұстануының өзi сонда емес пе? Ендеше, оны, яғни қазақты басқа ұлттар және ұлыстарға күнделiктi - тыныс-тiршiлiкте әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайда кеудесiнен итерiп, жат қылық танытпа, пейiлiн тарылтар жоқтық пен кедей-кепшiлiкте ұстама және оны қазақ жалқаулығына жаппа. €з ел-жерiнде өзiнiң сыбағасын өзiнен аяма! Бер! Оның жердiң асты-үстiндегi көзiнiң қарашығындай бүгiнгi күнге дейiн сақтап келген қазына-кенi, ырыс-жемiсiнiң қызығын өзiне көрсет. Храпунов сияқты көлденең-көк атты, ас iшiп аяқ босатты алаяқтықпен сыртқа тасымасын.

Ұлтшылдық мәселесi туралы әңгiме болғанда айтарымыз, КСРО-ның алғаш­қы жылдарында Ста­линнiң: "Социа­лизмнiң бiр елде жеңуi" теориясы нәтижесiнде "Кеңес патриотизмi" ұраны көтерiлiп, оның құрамына кiретiн бүкiл республикалар су ағыстарындай айла-шарғымен орыстандырылуға, яғни, Мұстафа Шоқай тiлiмен айтқанда, "Кеңес Үкiметi "кеңестiк патриотизмнен" "орыс ұлтшылдығына" ашықтан ашық көшкен" едi. "Ұлы орыс халқы ұғымын советтiк" айналымға түсiрген Сталин болатын. Сөйтiп, Лениннiң кезiнде "Ұлттардың ұлы түрмесi" атанған Ресей мұртты көсемнiң жеңiл сөзiмен аяқ астынан "Ресей тарихын күштеп отарлау тарихы" деп оқытылмайтын болды. €йткенi өзге бұратана халықтар орыстармен өзара жақсы да тиiмдi қарым-қатынастар жасасу арқылы, бiр-бiрiмен түсiнiстiк жолында кiрiгiп, Мұстафа Шоқайша айтқанда: "Ресей Түркiстанды да, Кавказды да немесе басқа орыс емес өлкелердi де отар етпей" "табиғи түрде" географиялық жағдайлар мен тарихи заңдылықтар жолымен Ресейге қосып алған сияқты. Мiне, осындай жағдайдан соң Мұстафа Шоқайдың "Ұлттық керi төңкерiсшiлер ме?" жоқ әлде "Ұлттық төңкерiсшiл ме?" атты мақаласында көрсеткенiндей "Олардың (ұлтшылдардың - А.Ә.) мақсат-мұраты Сталиндi оған қарағанда лениншiлдеу бас­қа бiр адаммен ауыстыру немесе Кеңестiк iшкi, сыртқы саясатын өзгерту емес, олардың ең көкейкестi мақсаты - өз ата-мекендерiн Ресейдiң бодандығынан құтқарып, тә­уелсiз мемлекет құру" едi. Отаршылдар үшiн бұратана халықтан шыққан оқыған азаматтардың ұлтшыл болуының ең басты "жамандығы" сонда болатын. Ал қазiргi ұлтшыл терминiн жек көрiп, сөйлеу лексиконымыздан алып тастауға жанталасып жүргендердiң бүлiнiсi не бүлiнiс екенiн түсiнбеймiз. Мұстафа Шоқайдың шетел асып, Бөкейханов, Бай­тұрсынов, Дулатов, Сұлтанбек Қожанов, Ермековтердiң алды атылып, соңы ұсталып итжеккенге айдалуларының сыры да сол ұлштылдықта болатын. Осы тұста, тағы да Мұстафа Шоқайдың "Мәскеулiк­тер не десе, о десiн, бiзге өзiмiз­дiң ұлттық идеяларымыз қымбат. Бiз сол үшiн күресемiз, сол үшiн өмiр сүремiз. Сол үшiн де бiз өзi­мiздi ұлттық төңкерiс­шiлдер де санаймыз" дегенiне неге ден қоймасқа.

Қазiргi, бiреулердiң үрейiн алып, түн ұйқысын төрт бөлген ұлт, ұлтшылдық туралы ойлары мен пiкiр-тұжырымдары "Ұлтшыл болу жақсы ма, жаман ба?" деген сауалды алға тарттырып отыр. Жалпы, мен iргемiздегi орыс ұлтшылдығынан бастап, басқа да ТМД елдерiндегi, сондай-ақ алыс шетелдердегi ұлттар мен ұлыс­тардың ұлшылдығынан қорықпаймын. €йткенi ол - табиғи-тарихи категорияға жататын құбылыс. Әрбiр ел-жұрт өкiлiнiң өз ұлтын сүюi - өмiр заңдылығы. Бiрақ ол ұлы шовинизм мен фашизмге ден алдырып, өзге ұлттар мен ұлыстарды кемсiтiп, қорлауға жол бермеуi тиiс. Мен қорықсам, өзге мемлекеттерде (мысалы, Қазақстанда - А.Ә.) диаспора атанып жүрген ұлттар мен ұлыстар өкiлдерiнiң ұлтшылдығынан қорқамын. Себебi, олар өздерi тұрып, мекендеген мемлекеттiң кiндiк ұлтының табиғи-тарихи дәстүрлi дамуына кедергi жасайды. Ал оған қарағанда жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң өзiнiң туып-өскен ел-жерiнiң бүкiл кемшiлiк-жетiстiгiне қарамай сүйген iс-әрекетiндей көрiнетiн ұлтшылдықты неге жоққа шығаруымыз керек? Соған қарағанда, ұлтшыл болу тым жаман деуге келетiн қадiр-қасиет емес-ау, сiрә. Әйтпесе, Путин де, Медведев те, Лен Пеннiң қызы да ұлтшылмыз демес едi ғой...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560