Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3830 0 пікір 25 Тамыз, 2011 сағат 04:28

Нұржан Бижанов. Алдар көсе есек мінген бе?

«Айқын» газетінің 2011 жылғы 24 тамыздағы нөмірінде «Жөн екен!» айдарымен «Әл-Фараби - алтын, Алдар көсе - күміс» атты мақаланы көпшілік оқырман оқыған шығар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бұл жобасы өте құптарлық іс. Дегенмен де, осы біз неге жақсы істерді жасау барысында салғырттыққа жол береміз?

Аталмыш мақаладағы күміс теңгеде бейнеленген тек қазақ ертегілерінде кездесетін жағымды кейіпкер Алдар көсені неліктен жалпы шығыс халықтары ертегілерінің кейіпкері Қожанасырмен шатастырып есекке отырғызып қойған?

Көпшілігіміз білеміз - қазақ халқы атқа немесе түйеге мінетін болған. Есекті көбінесе қой бағатын бала-шаға мінген немесе ауыр жұмыстарға жеккен. Халқымыздың «Есектің еті арам - еңбегі адал» не болмаса, «Есектің артын жу да мал тап» - деген мақалдарының өзі есек жануарын оншалықты қадірлей бермегенінің дәлелі.

Алдар көсе ертегілерінің барлығында дерлік атпен жүрген. Тек бір ертегісінде ғана өгізге мінгені айтылады.

Еліміздің атақты киносаңлағы Шәкен Айманов ағамыздың мықты туындыларының бірі «Алдар көсе» фильмінде де, ағамыздың өзі сомдаған басты кейіпкер есекке мінбеген.

Біз Алпамыс батырды өзбек халқына беріп қойдық (Ол кісінің шыққан тегі Қоңырат руының Божбан атасынан екені белгілі болса да). Ал Рамадан руынан шыққан Алдар-көсенің есек мінген суретіне қарап ертеңгі күні өзағамыз тағы бір шикілік шығарып жүрмесе болғаны. Басқа-басқа бізден көп нәрсе алуға дәмеленіп жүген ала тақиялы ағайындарымыз ертеңгі күні Алпамыс батырдың қазақ екеніне көздері жетсе, күні кеше ғана Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымовтың Ташкент қаласындағы ескерткішін алып тастағаны, ол кісінің атындағы метро станциясы мен бүкіл бір ықшамауданның атауын өзгертіп жібергені сияқты Алпамыс спорт кешенінің атауын да өзгерте салуы мүмкін.

Сондықтан, «бояушы бояушы дегенге сақалын бояйтын» кісілерге айтарымыз - келер ұрпақтың алдында ұятқа қалмау үшін, әрбір нәрсені жасаудан бұрын жан-жақты зерттеп, зерделеп алайық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371