Сейсенбі, 26 Қараша 2024
46 - сөз 5284 13 пікір 4 Желтоқсан, 2019 сағат 12:03

Тақыр кедейден принципшіл лидер шығуы қиын

Заманында хандар келешек ел басқаратын ұлдарына алтыннан асық жасатып ойнататын болған деседі. Не үшін? Себебі ертең ел басқаруға келгенде алтын мен күміске алданбайтын, елдік мүддені бірінші орынға қоятын лидерді дайындау үшін. Расында 3-4 жасынан алтын аяғының астында жатқан, онымен қалағанынша ойнап өскен баланың психологиясы да басқаша болады.

Түркия не АҚШ болсын капитализм бізден ерте басталды. Әр азаматтың ата-бабасынан қалған бизнесі, бір дүкені, кафесі болса да өзінікі өзіне жеткілікті деңгейде байлығы бар. Халықтың санасы бөлек. "Мынау менің атамның 1940 жылдары ашқан кафесі. Маған мұраға қалған" деген секілді әңгімені айтатын азаматты кездестіру қалыпты жағдай. Мұндай қоғамнан шыққан саяси лидерлер де анша-мұнша ұсыныстарға алдана қоймайтын принципшіл келеді.

Бізде ешбір қазақ атам 1960 жылдары бизнесмен, миллионер болған, содан қалған бизнесті дөңгелетіп жүрмін деп айта алмайды. 1991 жылы тәуелсіздік алғанда бәріміз әлемдік деңгеймен салыстырғанда тақыр кедейдің балдары болдық. Максимум айтатынымыз атам колхоз бастық болған. Совхоздың директоры болған деген секілді қарапайым нәрселер. И то олардан да ауылдағы сәл тәуір үйден басқа мұраға қалған дым жоқ. Енді осы кедейдің ұрпақтарынан тұратын қоғамнан принципшіл саясаткерлердің шығуы да өте қиын. Мысалы, бір саясаткер шығып белгілі деңгейге келсе айына 10 млн обороты бар бизнестің ортағы боласың деген ұсыныс түссе жолдан таюы да бек мүмкін. Қазақстанда әрбір адамның өзіндік құны бар деуім содан.

Қазақстан жағдайында олигархтар партия құрып саясатқа араласқанда ғана саяси партиялардан үміт күтуге болады. Қазір ұлттық буржуазия бізде аз да болса бар. Бірақ саяси инициативалары жоқ. Саяси жағдай да оған мұрша бермейді. Биліктің бір буыны ауысқанда барып саяси жүйеде біз күткен сауатты конкуренция болуы мүмкін. Ол да өз жағдайы өзіне жететін ұлттық буржуазиядан шығуы тиіс. Тақыр кедейден принципшіл, жемейтін, ішпейтін лидер шығуы қиын. Оның да өзі секілді кедей мың сан туысы, бауыры бар. Оларға да көмек керек. Менталитетіміз де жібермейді. Біз қазақ халқы ешқашан капитализмеде өмір сүріп көрмеген елміз. Ал, капитализмде капиталистер билейді. Шындық осы. Билікке келгің келсе бизнеске кетіп капитал жинаудан бастау қажет. Әріге бармай-ақ 100 жыл бұрынғы қазақтың зиялылары да байдың балдары болған.

Бауыржан Серікбайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6076