Сенбі, 23 Қараша 2024
Пікір 6006 14 пікір 23 Желтоқсан, 2019 сағат 13:01

Қазақ жерінен қандастарымыз да қағыс қалмауы керек!

"Бұл бағытта, менің ұстанымым – бекем: Жерді игере алатын адам ғана оның иесі болуға лайық", деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында сөйлеген сөзінде.

Президент, сондай-ақ, "жерді сот арқылы алып қоюдың тиімді және жедел тетіктерін қарастыру маңызды" дей келіп, "Тиісті құқықтық актілерді жедел қабылдап, игерілмей, бос жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізу шараларын қолға алуы тиіс", деп Үкіметке тапсырма берді.

Міне, осылайша, көптің көкейінде жүрген негізгі мәселенің бірі Ұлттық кеңестің талқысынан өтіп, нақтылы тапсырмалар берілді. Бұл да өз кезегінде консультативтік кеңес жұмысының бір нәтижесі деуге әбден болатын ақпарат.

Менің Ұлттық кеңес мүшесі ретінде берген ұсыныстарымның біреуі - осы ҚР "Жер кодексіне" байланысты болатын.

ҚР "Жер кодексінің" 37, 46, 100-баптарында "Оралмандарға" жер учаскелерiн беру қарастырылған. Аталған баптарға толықтыру енгізіп, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға да өзiндiк қосалқы шаруашылық, бағбандық және саяжай құрылысын, шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшін Жердің пайдалану құқығын беруді ұсынған едім.

Аталған ұсыныстың маңыздылығы мен пайдасы туралы БАҚ арқылы әлденеше мәрте жазылды, айтылды...

Бұл ұсыныс туралы Президент бірден шешім қабылдамайтыны белгілі. Үкіметтің қарауына жіберіп, Ауыл шаруашылығы министрлігінің де қалай қарайтынын ескеретінін дұрыс түсінуіміз керек. Бұл жолғы отырыста бұл мәселе туралы айтылмағанының себебі де осы.

Әрине, Президент айтқандай, Жер - көкейтесті мәселенің бірі. Солай бола тұра, "Әлемдегі бар қазақ - бір қазақ!" екенін ескерсек, алыстағы ағайынды қазақ жерінен қағыс қалдыруға болмайды. Қайта, батыл, тиімді қадамдар жасап, олардың да әлеуеті мен тәжірибесін пайдаланғанымыз дұрыс-ақ. Шетел қаржысын шеттегі қандастарымыз арқылы тарту, отандық өнімді үлкен базарға қандастарымыз арқылы шығару - шеттегі қазақты сақтап қалудың ең ұтымды жолының бірі болатынына бек сенімдімін! Алла қаласа, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің келесі отырыстарында бұл мәселеге қатысты да тұшымды жауап аламыз деп ойлаймын.

;feature=share&fbclid=IwAR2__YB9HsoAO8R_YTLuPB5eC15VulaT6c3wZVousShGq6Ovz6gg8LdCHUA

Ауыт Мұқибек,

ҚР Президенті жанындағы
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387