Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 6312 6 пікір 24 Желтоқсан, 2019 сағат 14:50

«Қызылағаштың жігіттері ертең босап шығады»

Бүгін Алматы облысы Ақсу аудандық сотында қытай жұмысшыларын соққыға жықты деп айыпталған без  азаматқа қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бірақ екінші рет өтіп отырған сот отырысы тағы да кейінге қалдырылды. Бұл жолы да қытайлық жәбірленушілер сотқа келген жоқ. Осыған байланысты, адвокат Төлеген Берліқожа қылмыстық іс жүргізу кодексінің 382-бабы, 3-бөліміне сәйкес істі қысқарту тәртібімен қарауды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы мен сотталушылардың келісімін алған судья бұл өтінішті қабыл алып, келесі отырысты ертеңге белгіледі.

"Жетісу" газетінің жазуынша, айыпталып отырған бес азамат прокурормен процессуалдық келісім жасасқан. Қолдау білдіру үшін арнайы келген белсенділер сотталушылар мінген көліктің жолын бөгеп, азаматтарды босатуды және соттың сол сәтте өтуін талап еткен. Наразылықтың арты толқуға ұласауы мүмкін деп қауіптенген арнайы жасақ та келіп, жағдайды бақылап тұрды. Қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай мен Ақсу аудандық прокурорының орынбасары Әділет Асқарұлы полицейлердің көлігінің үстіне шығып, халықты сабырға шақырды.

- Бауырларым, сәл сабыр етіңіздер! Ақыл керек. Біз халықпыз, осынша адам жиналып тұрғанына біз ризамыз. Ел бар, қазақ деген халық бар елдің намысын қорғайтын. Бес батыр болса, бес батырдың артында бес мың, бес жүз мың, бес миллион халық бар. Биліктің көзін жеткіздік біз. Қазір сәл сабыр етіңіздер. Заң бар, тәртіп бар. Тәртіпке бағынуымыз керек. Мен сіздердің аттарыңыздан талап қойдым. Сот процессін созбасын. Судья ертеңге қалдырып отыр, соған келіспей отырмыз. Солай ғой? Сондықтан, біздің талабымыз, сот процессін қайта бастасын. Қазір біз қайтадан өтініш жасаймыз. Жігіттерді еркіндікке кепіл арқылы, не болмаса қолхат арқылы, не болмаса үйқамақ арқылы бостандыққа шығаруын талап етеміз. Жәбірленушілерді келтірсін. Сот процесін қысқартсын, - деді Рысбек Сәрсенбай.

Одан кейін аудандық прокурордың орынбасары Әділет Асқарұлы:

- Жерлестер, барлықтарыңыз білесіздер. Жаңа естідіңіздер, сот процесін ертеңге қалдыруға келісілді. Уақыт керек. Ертең үштегі сот процесіннен соң жігіттер сот залынан босатылады. Сондықтан, Рысбек аға айтқандай, заңға бағынайық, қоғамдық тәртіпті бұзбайық. Шыдамдылық танытайық, келістік пе? Бізді де түсініңіздер. Ертең сағат үште процестік келісім бекітілгеннен кейін жігіттер сот залынан босатылады, - деді.

Сот процессін судья Жадыра Зарықпаева жүргізіп жатыр. Желтоқсанның 20-да өткен алғашқы отырысқа 100- ге жуық адам жиналып, залға сыймағандықтан монитор арқылы бақылаған болатын. Айта кету керек, 2 отырысқа да жәбірленуші қытай азаматтары келген жоқ. Қорғаушы Төлеген Берліқожа бастаған сотталушының жақтастары судьяға бірнеше өтініш жасаған. Олардың негізгісі сотталушыларды кепілмен босату және үйқамаққа жіберу. Дегенмен, судья, әзірге бұл өтініштерді қанағаттандырған жоқ.

Фото: 7-su.kz

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318