Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4089 5 пікір 3 Қаңтар, 2020 сағат 12:11

2020 жылда еңбекқор болайық

Таңертең ерте тұрып, Марғұлан Сейсембаевтың Евгений Чернякпен Big Money-да болған сұқбатын тағы да бір қарадым. Криштиану Роналду 41 жасыма дейін футбол ойнаймын депті, өмір бойы қалай жаттығатыны туралы Aladop.kz сайтындағы мотивациялық материалды оқып, өткен жылымның қарқынды өткеніне көңілім толды. Осындай шабытпен қазір жұмыс жақтамын. Мен үшін демалыс деген түсінік жоқ, демалысы көп жұмыстардың бәрінен шығып кеткем. Демала беретін елдерді, қалаларды, адамдарды түсінбеймін.

Кеше кешке дейін жұмыс істедім. Өйткені жұмыстан, жасалып жатқан өнімдерден ләззәт аламын. Процесті бақылау қосымша күш сыйлайды. Таңертең ерте тұрып, сотка алуға қанша дүкен іздеп, біреуін таппадым. Интернеттен тапсырыс түсіп, клиент келіп тұрса, оны қалай 3 қаңтарға дейін күттіреді?! Мемлекеттік мекеме немесе ірі кәсіпорын болса, түсінуге болады. Ал шағын және орта бизнеске демалуға жарамайды ғой. 31, 1, 2 күндері жұмыс істейтін адам табылады. Кеше бізде екі жігіт 12-ге дейін істейміз дегенде, риза болдым. Бар екен еңбекқор, мақсаты бар жандар! Бәрекелді!

Түскі ас ішейін деп көшеге шықсақ, Алматының қақ ортасында асханалар мен кафе-ресторанның бәрі жабық. Халыққа қызмет көрсететін бизнес 24/7 режимде жұмыс істесе, бизнесі өркендейді. Сол бизнес иелері календарь бойынша демалатындай 5-10 млн доллар депозитке салып қойғанына күмәнім бар?! Көшеде көзге түскен Glovo, Wolt сияқты тамақ таситын сервистер болды. Кім ойлап тапса да, базар жоқ, бұлар әлі нарықты жаулайды. Бір ғана кафе табылды. Қытай асханасын ұсынатын LANZHOU кафесінде тамақтанып отырып, осы посты жаздым. Жалпы өткен жылдан бері осы бизнестің жүргізілуін бақылап отырамын. Өте мықты! Қожайыны осында әр бір тиын үшін есеп беріп, тамақтың бағасы 10-15 тг қымбаттаса, халықтан кешірім сұрап, не үшін қымбаттатқанын түсіндіріп, есептеп береді. Міне, өсетін бизнес! Ресейдің нарығына да кірді. Қожайыны - қазақ әйел. Кафенің стилі, аты қытайша болса да, қытайлықтарға қатысы жоқ.

Жалпы қытай жаман, орыс, араб, Америка оңбаған дей бермей, соған кеткен энергияны өзіңді, бизнесіңді дамытуға жұмсау пайдалырақ екен. Өз басым жастық максимализммен 2011-2017 жылдар сынамаған, мазақ қылмаған салам қалмады. Қазір ондайға уақытым жоқ, өзімнің мәселем, дамытатын дүниелерім жетеді. Солардан уақыт артылмайды. Күні-түні жұмыс істеймін, басқаларға да соны үйретемін, қазаққа қазір білім-ғылым, бизнес, жаңа технологиялар керек. Еліміздің өзгеге бодан болмауы үшін әр қазақ жауапты деп ойлаймын. Елдегі ақша сыртқа кетпеуі үшін әр бизнесмен 24 сағат еңбек етуі тиіс.

Жаңа 2020 жылда еңбекқор болайық. Бос сөз жоқ, реальный іс көп болсын! Әлемдік деңгейдегі бизнес ашатын дәрежеге жетейік

Нұрлан Жанайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373