Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 4376 50 пікір 7 Қаңтар, 2020 сағат 16:20

Ұлттық идея елді біріктіреді!

Президент Қ. Тоқаевқа!
Қазақстан Парламентіне!

Нақты Ұлттық идеясы жоқ мемлекет - ол мұхиттағы компассыз кеме сияқты. 1991 жылдан бері Қазақстан ұлтқа байланысты барлық құндылықтарды жоятын жаһанданудың толқынында жүзуде. Одан басқа біздің билік, өзін құтқаратын жалғыз талды қармағандай болып посткоммунистік идеядан айырылмауда. Миларында содан басқа ештеңе жоқ, бұрынғы отар елдің атқамінерлері (элита) бұл адамзатқа қарсы, жасанды идея мен идеалды «жалғыз дұрыс ілім» деп қабылдауда.

Сондықтан, Қазақстанда неокоммунизмнің (сталинизм) диктатордың жеке басына табынуын, қанішерлерді («Желтоқсан-86» қатысқан жастарды жазалаған Елемесов деген Бас прокурорға ескерткіш қою), әртүрлі швондерлер, космополиттер мен мәңгүрттерді дәріптеу кеңінен тарауда.
Қорытындысында, Қазақстан Президенті, Парламенті және биліктегі барлық құрылымдары мемлекеттік тілді, ұлттың дәстүрі мен өзінің мәдениетін мойындамайтын жалғыз жармақ ел болды. Елді Бораттың елесі кезіп жүр?!
Оның орнына елде коррупция, қоғамды ру-тайпаға бөлу, әртүрлі діни секталарды (елде ресми тіркелген үш мыңнан астам діни, оның ішінде экстемистік секталар кез-келген уақытта оны жаратын детонатор) дамыту, Қытайдағы түркі халықтарына қарсы геноцидті қолдау және сол елдің мәдениетін қоғамға зорлап енгізумен айналысуда.

Биліктің, IQ көрсеткіштері 30-дан төмен осындай алаяқтардың қолында болуы, ол міндетті түрде қоғамды экономикалық және әлеуметтік дағдарыс пен төңкеріске әкеледі. Ондай анахронизмді Пикассоның, фашистер келгендегі суретімен сипаттауға болады.

2010-2011 жылдары ресми Астана «Доктрина…» деген мемлекеттік бағдарламаны дайындады. Онда, «елде 130-дан астам халық тұрады, бірақ оның ішінде Қазақ деген халық жоқ» деп жазылған. Шыныменен надандықта шек болмайды екен!

1,3 млрд халқы 2800-ден астам тіл мен диалектіде сөйлейтін Үндістан бір Ұлттық идеяның аясында елді ұйыстырып отыр.

Осы уақытқа дейін билік бірнеше рет мемлекеттік-қазақ тілін тұқыртып, ұлт зиялылары мен патриоттарына қысым көрсету, мемлекетқұрушы ұлт пен Қазақ мемлекеттілігіне қарсы («қазақтарда шегара яғни мемлекет болмаған», «Қазақстанның тарихы 1991 жылдан басталады»...) әрекеттер жасап келді. Бұл, отарлаушылар мен қылмыскерлерден басқа кімге керек?!

Әлемдік философияда (Гете, Шпенглер, Ильин т.б.) ғылым, мәдениет, қоғам мен мемлекет дамуының негізі ұлттық идея екені дәлелденген. Әлемдегі елдердің 80%-дан астам ұлттық мемлекеттер. АҚШ-тың өзі ағылшын тілі мен мәдениетіне негізделген...

Аристотельдің кезінен бері қоғам мен мемлекеттің негізі әділеттілікке сүйенеді. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қаланың тұрғындары туралы» еңбегінде бұл идеяны дамытып, әділетті мемлекет басшыларының басшыларының ар-намыс кодексінің сипаттамасын береді.

1992 жылы БҰҰ Қазақстанды «авторитарлық биліктегі ұлттық мемлекет» деп анықтағанымен, «халықтар лабораториясы» мен ГУЛАГ-тан басқа ештеңені көрмеген біздің сатраптар әлі күнге Ұлттық мемлекетті мойындауға қорқады. Сондықтан, бізде әлі күнге Ұлттық идея мен идеология және оған негізделген бағдарлама жоқ. Ұлттық немесе Мемлекеттік идеяның болмауы қоғамда тұрақсыздық тудырып, «болашаққа сенімді жояды»... Қорытындысында, елден жылына 40 мыңдай адам, оның 80%-ы жоғары білімді инженер, дәрігер, мұғалімдер кетуде.

Мәңгі елдің негізгі ұстанымы: «Бір тіл! Бір дін! Бір мораль! Бір мемлекет!».
2020 жылды қоғамды біріктіру жылы деп жариялап, мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласына ендіру, Қазақстанда дәстүрлі діннің екі бағыты- Ислам (сунит) пен Православный христианды дәріптеу, қоғамды мемлекетқұрушы Қазақ ұлтының маңына ұйыстыру және гуманизм мен демократиялық қоғам құру моралын ұстануды қолдау керек.

Жоғарыдағы ұстанымдармен қатар, мемлекеттің негізі болатын жердің тұтастығын сақтап, экономиканы басқару мен дамытуды өз қолымызға алу, - ол қоғамды бір мақсат, бір міндет және Ұлттық идеяны іске асыруға жұмылдырады. Бір идеяның айналасына жұмылған қоғамның алмайтын қамалы болмайды! «Қарекетте-берекет» дейді халқымыз.

Жанұзақ Әкім

Abai.kz

50 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408