Сенбі, 23 Қараша 2024
Араша 5455 8 пікір 8 Қаңтар, 2020 сағат 11:33

Еліміздегі букмекерлік кеңеселердің иелері кімдер?

«Біздегі қаптаған букмекерлік кеңеселердің иелері кімдер және олар бюджетке салық төлеп жарытып жатыр ма?» деген сауал көпшілікті мазалайды.

Қолына ұялы телефон ұстаған қазақ баласы ойын бизнесінің бір саласы букмекерлік бәс тігудің жарнамасынан еш қашып құтыла алмайтын болды. Бір кездері Головкинге бәс тігіп «автокөлік пен баспанасыз қалғандар» қаншама. Қанша айтқанмен «спортқа бәс тігудің» асығы алшысынан түсіп тұр. Әрі жарнамасы бәс тікпесіңе қоймайды. Букмекерлер қаншама шаңырақты қаржылық жақтан жарға жығып та үлгерді. Ғаламтор мен қала көшелеріндегі бәс тігу жарнамалары әлекедей жалаңдап өзіне тартады.

Күн сайын құмарпаздардың аужайын жақсы білетін түрлі деңгейдегі букмекерлер қалталарын  миллион емес, керек десеңіз миллиард теңгеге қампитып жатқан жайы бар. Таяуда еліміздің 8 аймағында 10 адамға дейін қызмет істейтін “Finbet” букмекерлік кеңселерінің офистеріне тінту жүргізілді. Қаржылық мониторинг бойынша Комитеттің дерегіне сүйенсек аталған ұйым жыл сайын ең құрығанда 3 миллиард теңге табыс тауып отырған. Осы кеңселердің лауазымды тұлғалары ұсталып, уақытша тергеу орнына қамалды. 

Александр Жариков жетекшілік ететін “Фаворит” ЖШС қарасты “Finbet” букмекерлік кеңселері миллиард теңге табыс тауып отырғанына қарамастан шағын кәсіпорын саналады. 

2011 жылдан бері өз бизнесін дөңгелетіп келе жатқан “Фаворит” ЖШС 2017 жылы 112,5 миллион теңге салық төлесе, 2018 бар жоғы 32 миллион теңгені ел қазынасына құйған. Ал, 2019 жылы аузын қу шөппен сүртіп,  10 миллион теңгені салыққа төлеп атымтай жомарттық жасапты. 

Бұл былығы ашылған бір ғана букмекерлік кеңесе. Ал, жалғанды жалпағынан басып жүргендері қаншама.

Бетімен кеткен букмекерлерді ауыздықтайтын заң керек-ақ!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396