Сейсенбі, 1 Қазан 2024
46 - сөз 3781 17 пікір 13 Қаңтар, 2020 сағат 12:06

Ол - триллионер болуға ұмтылған жоқ

"Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек."

Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi

Ол - триллионер болуға ұмтылған жоқ.
Ол - отбасын билікке жинамады.
Ол - ұлт мұратын өз мұратынан биік қойды.
Ол - өз руына емес, өз ұлтына қызмет етті.
Ол - өз ұлтын қанаған жоқ. Сатқан жоқ. Жапқан жоқ!
Ол - ауылшаруашылық кластерін қалыптастырды.
Ол - өндірістік Қазақстан жасады.

Ол барда жемқор қазақ жоқ еді.
Ол барда ашкөз отбасы жоқ еді.
Ол барда бірін-бірі жеген қазақ жоқ еді.

Ол барда бірін-бірі қорғаған қазақ бар еді.
Ол барда бір-біріне сенген қазақ бар еді.

Кім болдық? Кімге айналдық?

Дина Елгезектің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар