Бейсенбі, 28 Қараша 2024
46 - сөз 4840 5 пікір 22 Қаңтар, 2020 сағат 12:00

Билік тағы да үнсіз қалды...

Осы он күндікте қазақ қоғамы мен билігіне идеологиялық, саяси тұрғыдан біраз соққы жасалған сияқты:

1. Автокөліктерді тіркеу мәселесі халықтың билікке деген онсызда аз сенім капиталын тағы төкті. Билік минус ұпай болды.

2. Өзбекстан Еуразиялық Экономикалық Одаққа кірмейміз деді. Қазақ қоғамы онсызда сынап жүрген бұл одақсымақты тағы табалап, біздің шығуымыз керектігін айтты. Билік тағы да минус ұпай болды.

3. Ресей билігі бірінші дүниеге келген балаға 2,8 млн теңге, ал екіншісіне 3,8 млн теңге беретінін айтты. "Ана капиталы" дегенді естіп көрмеген қазақ қоғамы шу ете қалды. Бұл жаңалық АСП дауымен тұспа-тұс келгендіктен билік тағы да минус ұпай болды. Оның үстіне бұл Путинді ұнататын, орманға қарап ұлитындарға да ұпай болды.

4. Путин мектеп оқушылары 4-сыныпқа дейін тегін тамақтанатынын айтты. Айдаладағы жаңалық болса да, билік тағы минус ұпай алды. Өйткені бұл мәселе бізде өткір тұр.

5. Лукашенко Ресей Қазақстанға мұнай сатуға тыйым салып, кедергі жасап отырғанын айтты. Билік тағы минус ұпай алды. Өйткені қоғам "біз расымен тәуелсізбіз бе" деген сұраққа қалды.

Қазақ билігі осындай сыртқы соққыларға жауап берсе жақсы болар еді. Ең жақсы жауап, "Ана капиталын" енгізу. Сол сәтте қоғам назары бірден соған ауады және билікке деген сенім артады.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1573
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3387
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6521