Бейсенбі, 28 Қараша 2024
46 - сөз 5903 9 пікір 22 Қаңтар, 2020 сағат 12:22

90 - жылдар қайта келген сияқты...

Таңда ұйқымызды "атып кетіпті", "тонап кетіпті", "ұрып кетіпті"- деген жаңалықтармен қарсы алатын болдық.

Соңғы кезде елімізде қылмыс көбейіп кетті. Полиция қылмыстық істермен емес, белсенділермен айналысып кеткен соң болар! Біздің Ішкі істер министрлігіне шұғыл түрде реформа керек!

Полиция қылмысты алдын алып жатқан жоқ, қылмыс жасалып қойған соң келеді үнемі. Кадр жетіспейді, ішкі істер бөлімдеріне кірсең бұрынғы совет үкіметінен қалған жиһаздар, ремонт жүргізілмеген кабинеттер. Шағым айтып барсаң, өзің тергеуде отырғандай сезінесің.

Тергеушілердің жұмысы көп, бір қылмысты ашпай жатып, екінші, үшіншіні беріп миын ашытады. Енді қылмысты аштым ба, дегенде жоғарыда отырған басшымен шешіп кетеді. Содан былыққа батқан ішкі істер министрлігі, е қылмыс ашып қарық қылмайды. Е қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете алмайды.

Негізі Ішкі Істер министрі ретінде Алик Шпекбаев мырзаны қою керек! Ол кісі өзі қарапайым учаскілік полицей болып бастаған. Өз ісін түбінен бастаған басшы ғана мықты басқарушы бола алады! Біраз өзгерістер жасар еді. Дәл қәзір полицияға өзгеріс шұғыл түрде қажет!

Айгүл Орынбектің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1573
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3387
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6521