Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3496 4 пікір 27 Қаңтар, 2020 сағат 12:56

Меркі ауданы әкімінің орынбасары әкім болу үшін 50 мың $ бермек болған

«Елімізде шен-шекпенділердің, әкім – қаралардың орны сатылып алынады екен» деген сыпсың сөз шындыққа айнала бастағандай. Бұлай дейтінім кеше ғана әлеуметтік желіде сөз боп жатқан Жамбыл облысы, Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтың өзінің басшысының жайлы орнын иеленуге 50 мың доллар бермек болған масқара қарекеті. Бұл жайт бүкіл әкімдердің абыройына жағылған қара күйе болмақ. Тіпті әлгі бейбақ телефонмен (өңірдің белгілі бизнесіменімен) сөйлесіп жатып, «әлгі орын 50 мың доллар емес, 200 мың долларға дейін көтеріліп кетпей ме?» деген үрейде айтқан көрінеді. Бұл сөздің бәрі ұлттық бюро өкілдері оның телефонын тыңдағанда белгілі болса керек.

Өзінің басшысының орнын ақша арқылы сатып алмақ болған Мейіржан Сүлейменовтың алдағы тағдыры не болмақ? Естуімізше ол қызметтен босатылған көрінеді. Жөн –ақ. Егерде ешкім білмей ол аудан әкімінің орынтағын 200 мың долларға сатып алып жатса, қалтасынан шығарған ақшаның орынын қалай толтырады? Орта есеппен алғанда 200 мың долар 70 миллион теңге. Демек шыққан шығынды аудан халқының есебінен жабатыны белгілі. Яғни парақорлыққа, жемқорлыққа жол ашады деген сөз.

Міне, біздің елде жемқорлық осылай өршіп отыр. Осы орайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жұмысын күшейтуі тиіс.

Бұл жерде көзге көрініп тұрған ең басты мәселе, әкім –қараларды тағайындаудың дұрыс еместігі. «Бармақ басты, көз қысты» болып, ретін тауып жылы, майлы орынға отырған әкім қара басының мүддесін бірінші орынға қоятыны белгілі.

Қайтпек керек? Демек барлық әкімдерді тек халықтық сайлау арқылы ғана билік тізгінін ұстату қажет. Сонда ғана олар халықпен санасып, ел алдында жасаған еңбегі үшін есеп береді. Ал өйтпейінше, осы кеткеніміз кеткен.

Азаматхан Әміртайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401